{metadescription}
Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер

Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер

Шыбын-шіркей мен масалардан қалай құтылу керек? Арамшөптің көзін құртудың қарапайым түрі. Колорадо қоңызы және зиянкестермен күресудің ең оңай тәсілі. Арзан тыңайтқышты қолдан жасап алу. Шұңқырларды еңкеймей-ақ қазудың амалын білесіз бе? Ал бақшаңызға әдемі  көбелектер ұшып жүрсін десеңіз...        

Кейбір өңірлерде суық ауа райы көктемнің келуін сезінуге мұрша бермей жатыр. Дегенмен оңтүстік облыстардағы жайма-шуақ күн райы  саябақшыларды қол қусыртып отырмасы анық. Қазірден бастап қамдана бастаған саяжай иелері мынадай пайдалы кеңеске құлақ түрсе.

Лимон ағашы

Лимон ағашы –  бақшаңыздың экзотикалық әдемі талы ғана емес, сонымен қатар ыстық кештерде жаныңды тітіркендіретін шыбын-шіркей, масалардан құтқару құралы. Үлкен ағаш жақсы өсуі үшін жоғарғы жапырақтарын кесіп, оны бірнеше апта қыш ыдыста ұстаңыз.  Осыдан кейін лимон ағашын ашық жерге отырғызуға болады.

Арамшөптен құтқаратын нәрсе

 Егер бақшаңызды арамшөп басып кетсе, қарапайым және арзан құралды қолданыңыз. Ол үшін  4 литр сірке суын, жарты стакан тұзды және бір қасық кез келген ыдыс жууға арналған затты араластырыңыз.  Күн ыстықта сонымен арамшөптерді суарыңыз. Сөйтіп арамшөп жұлудан құтыласыз.

 Қыш ыдыстағы гүлдер

Саяжайыңызда гүл жеткіліксіз болса, онда үйде өсіп тұрған ыдыстағы гүлдеріңізді алып келіңіз. Гортензия, герань, бегония және фуксия таза ауада жақсы гүлдейді. Тек оны үйдің тап жанына, есік алдына немесе бақшаның ортасына ыдысымен қойып қойыңыз.

Шырмауықтар

Неге екені белгісіз, соңғы жылдары саяжайда шырмауықтарды аз көреміз. Шырмалғыш өсімдіктер – үйдің сыртына, кіреберісіна, күркесіне керемет көрік береді. Шырмауықтың ең әдемісі – раушан.  Егер оның тезірек шыққанын көргің келсе, оның шырмауығын, хош иісті бұршағын немесе настурцияны отырғызған дұрыс.

Колорадо қоңызы

Егер картопты колорадо қоңыздары жеп бара жатса, құрғақ қышаның бір бумасын алып, көбірек сумен араластырып,  100 мл сірке суын қосыңыз. Дайын болған ерітіндімен картоп бұталарын суарыңыз. Сонда колорадо қоңызы картопқа жоламайтын болады.

Гүлдену

Бақшадағы гүлдің ашылуын тағатсыздана күтіп жүрсіз бе? Ендеше өсімдікті үстеме қоректендіріңіз. 100 грамм ашытқыны 10 литр суда еріту керек. Дайын болған ерітіндімен гүлдерді айына бір рет суарыңыз. Сонда тез арада гүлдер бүршік жарып,  жайнап гүлдейді.

Табиғи тыңайтқыштар

Саяжай самаладай гүлдеп және жемістерің ойдағыдай өнім беруге тыңайтқыштардың қажеттігі белгілі. Ол қалтаңды қағуы мүмкін. Дегенмен ақша үнемдеудің бірқатар жолы бар. Бұнда тыңайтқыштар туралы айтылады. Кофенің, шайдың қалдығы, жұмыртқаның қабығы тіпті бананның қабығын пайдаға жаратуға болады. Бұлар топырақты керемет нәрлендіреді.

Тамырларға назар аударыңыз

Бақшаңыздағы барлық өсімдікке жеке-жеке, әрқайсына ерекше күтім қажет. Мысалы, кейбір өсімдікті тамырына дейін дейін жақсылап суарасың. Жақсы нәтижеге қол жеткізуге қарапайым бөтелке көмекке келеді. Пластик бөтелкені бірнеше жерінен тесіп, жаңағы өсімдіктің жанына көміп тастаңыз.

Жеке жылыжайлар

Маусымның басында шырмауық өсімдіктерді қорғау үшін клеенкадан жеке жылыжай керек. Оның артықшылығы – күн әбден жылығанша оны оңай орнатып, оңай алып тастауға болады.  

Жерді дайындау

Жазғы маусымның басталуы жердегі көптеген жұмыстармен сипатталады: алаңды тазалау, отырғызуға жер дайындау, суаруды реттеу және жылыжай ұйымдастыру. Дегенмен қыруар шаруаны аздап болса да жеңілдететін амал жоқ емес.  Мысалы, қолдан жасалған ПВХ құбырлары  біркелкі шұңқыр қазуға және жерге еңкеймей-ақ тұқым себуге таптырмас құрал.

Зиянкестермен күрес

Дәнді дақылдың, өсімдік жапырақтарын аямай жалмап жатқан кеміргіштермен күресуге міндетті түрде улы химиялық зат қолданудың қажеті жоқ. Зиянкестерден құтылуға қарапайым сабын ерітіндісі септігін тигізеді. Және де ол өсімдік битінен, қара күйе және шіркейден де құтқарады.

Көбелектер

Бақшаңызда құлпырып ұшып жүрген қызыл-жасыл көбелектерді көргіңіз келе ме?

Ол үшін ыдыстарға су құйып, ішіне ұсақ туралған жемістерді салып қойыңыз. Ыдыстарды гүлі бар жерлерге қойсаңыз, оның хош иісі көбелектерді алыстан «шақырады».

Ағаштың күлі

Ағаш күлі  –  зиянкестермен күресудегі керемет экологиялық таза өнім.

Ол тіпті қырыққабат кенелері мен ұлулардың да көзін жояды. Тек ағаш күлін бақшадағы атыздарға (жүйектеріне) сеуіп немесе өсімдіктің айналасына қойсаңыз зиянкестер бақшаңыздан безіп кетеді.

Оқи отырыңыз: Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай 

Әділ Ахметов: Билікті бейбіт жолмен тапсыру біздің өркениетті ел екенімізді көрсетті 

Қазақ халқының ойын-сауығының мағынасын білесіз бе? 

Астық араласқан қазақ тағамдары 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде