{metadescription}
Басың ауырса...

Басың ауырса...

Қандай жағдайда адамның басы ауырады? Бас аурудың себебін өздігіңмен қалай анықтауға болады? Маңдай, шүйде, самай, көздің айналасы ауруының себебін білгіңіз келе ме?

Әр ересек екінші адамда кездесетін бас ауруы туралы жалпылама мәліметпен танысыңыз. Анда-санда бас ауырғанда өздігімен емдеудің бірнеше тәсілі бар. Бас ауруын емдеу бір қарағанда қиын емес, ол шешілетін проблема. Ең бастысы – аурудың себебін дұрыс анықтау.

Бас аурудың себептері

Таңқаларлық нәрсе: адамның басы ауырған кезде тек 10% жағдайда ғана бастың өзі ауырады екен. Көп жағдайда бас ауруы адамның басқа мүшелеріндегі патологиялық процестерінің пайда болуына байланысты көрінеді.  

Ең кең таралғаны – ағзаның улануы. Бірінші кезекте бұл – алкогольді ішімдік. Алайда,улануға тек алкоголь «кінәлі» емес. Азық-түлік сапасының төмендігі, белгілі бір вирустық аурудың көбеюі мен таралуы, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының патологиясы да бастың ауруына әкеп соғады.

Бас ауруы несеп-жыныс жүйесіндегі проблемадан да жиі туындайды.  

Остеохондроз –  мойын омыртқаның ауруы да бас ауруларының жалпы себебі болып табылады.  

Тіпті кәдімгі мойын бұлшық еттерінің күні бойы тырысуы да бас ауруына түрткі болады.

Гипертония мен гормоналды бұзылушылықтың салдарынан қан тамырларының тонусы бұзылып, ол да бас ауруына себеп болады. Бұл жағдайларда бас ауыруы көбінесе көктамыр қанының қайтуымен байланысты.

Себебін анықтайық

Бас аурудың себебін қытайлық меридиан жүйесінің көмегімен өздігімен анықтауға болады. Дегенмен, егер бас ауру созылмалы болса, онда дәрігермен кеңескен жөн.  

Маңдай ауырса, мәселе ішектерде болуы мүмкін.

Шүйдеңіз ауырса, онда себебін арқаңыздан, омыртқаңыздан, мойныңыздан және жүрек-қан тамыр жүйесінен іздеңіз.

Самайыңыз ауырса, проблема – несеп жүйесінде.  

Көзіңіздің айналасы ауырса, мәселе көктамырда жатыр.

Бастың әр жерінен ауысып ауыру қан қысымының барын және жүрек-қан тамырлары ауруын көрсетеді.

Алайда тағы қайталап айтамыз. Егер басыңыз үнемі ауыра берсе, онда медициналық кітаптарды ақтарып оқи бермей,  дәрігерге қаралыңыз.  УЗИ-ға жолдама берсе, оны міндетті түрде жасатыңыз.

Өзің емдесең...

Егер бас ауруы созылмалы түрге айналса, онда жалғыз құтқарушы – дәрігер. Ал қалған жағдайда «үй медицинасы» көмектесе алады.

Ауруды басатын дәріні ішіп, 30-40 минут тынығыңыз. Мүмкіндігінше сұйықтықты көп пайдаланыңыз. Ол қан айналымын жақсартады.  Тіпті болмаса, бас пен желке шұңқырын (мойын) уқалап жіберіңіз.

Айта кетсек 

7 сәуірде Қазақстанның медицина ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Мерекелеу шеңберінде  елдің медициналық ұйымдарында 1-10 сәуір аралығында ашық есік күндері басталады. Әрбір ниет білдіруші өзінің денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және  практикалық бейінді мамандардың көмегін тегін ала алады. Олар: офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар. Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде еліміздің барлық медицина ұйымдарында флешмобтар, жаттығулар, веломарафондар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Оқи отырыңыз: Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер 

Елеусіз қалдырма: Естен кетпейтін үрейлі түстер 

Қазақ халқының ойын-сауығының мағынасын білесіз бе? 

Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай 

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде