{metadescription}
08 – 14 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал

08 – 14 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада не болады? Қандай қуаныш, қандай жаңалық бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 08 – 14 сәуірге арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

08 – 14 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылар мерзімдік және ауа райына қатысты мәселелерін ең бірінші орынға қояды. Үйіндегі киім-кешектері мен жиһазын жаңалауға қажеттілік туады. Шығын көп. Сонымен бірге жақын досынан сыйлық алуы мүмкін. Күтпеген сыйлық. Жақында назарына іліккен адаммен жағымды кездесу күтілуде. Жұмыс әдеттегіден көп. Бұл жыл бойы күтілген шаруаның аяқталуымен ақталады. Алыстан жеткен хабар, жаңалықтар маңызды болмақ. Достық қарым-қатынас туыстық қатынастан да артық болады. Жанжалды жағдайлардан, жаңа байланыс орнату, ұстанымын нығайтуға жақсы мүмкіндік туады. Беделді серіктестердің бастамасымен немесе жұмыс бабымен сапарға шығуы мүмкін. Қаржы мәселесі тек өзінің қолында тұр. Ғашықтық сезімі артып, ол тіпті айналасындағыларға әсер етеді.

Торпақтар досы, жақынының іс-әрекетіне наразы болады.  Барлық жағдайды бақылауда ұстау қажеттілігі ақпаратты қайтсе де тез алуға ұмтылдырады.  Айналасында өзіне ұнамсыз адамдар топтасады. Жақын күндері болатын оқиғалар дегбірін қашырады. Жағдайды асықпай пайымдап, сараптау қажет. Бірақ эмоция басым. Өзіне ұқсас адамдарға сенім артпауға кеңес береді жұлдыздар. Тіпті мақсаттарыңыз ортақ болса да, оған жетудің жолы әр түрлі болуы мүмкін. Ол басты нәрсе емес. Бағыт-бағдарды дұрыс қою керек. Үлкен сома ақша алып, оны қалай болса солай жұмсап жіберуі ықтимал. Ақылды туысының біреуінің кеңесіне құлақ түргені абзал. Аптаның жағымды оқиғасы – жасы кіші туысымен жақсы қарым-қатынас. Олардың саны артады. Алыс жолға шығып қалуы мүмкін.

Егіздер әрекеті мен ниетін шектейтін миға сыйымсыз тәуелділікке тап болады. Әрқашан  іс-әрекеттері, сөздерін, тіпті белгілі бір адамға деген көзқарасын бақылайтын болады. Дегенмен өзгеден бірдеме жасыру маңызды міндетке айналады. Кәсіби салада бәсекелестік басталады, тиімді және қауіпті әріптесімен қарсыластыққа шығады. Жақын арада айналасында қызғаныш, араздық, өзіне деген ерекше мүддені сезетін болады. Сонымен бірге  жеке ықыласы бар беделді адам қорған болады. Жолда жүргенде шығармашылық қабілет оянады. Шынымен де ұмтылған нәрсеге қол жеткізесіз. Көптеген жағдайларда бұл жеке табыс, материалдық пайда әкеліп, сыртқы келбетіне байланысты болмақ. Жеке мақсатқа бола жақсы сатып алулар күтіледі, өз қажеттіліктеріне ақша жұмсайды. Екіншіден, егіздердің көпшілігі үшін  өте маңызды біреуге қатысты таңдау кезеңі келеді. Сіз шешім қабылдауға тиіссіз. Бұл қиынға соғуы мүмкін.

Шаяндар өз дегенін жібермейді. Көздеген мақсатына нық қадаммен келе жатыр. Ұсақ-түйекті жіті назарда ұстап, соққыны абыроймен қабылдау кімді болса да таң қалдырады. Сонымен бірге жаны ашитын адамдарға қол ұшын береді. Әлеуметтік атаққа, қызмет үлкен маңызға ие болмақ. Бұл сіздің беделіңізді өсіреді. Серіктестер тарапынан бұл сенім тудырады. Болашақ қызметкерлердің де назарынан тыс қалмайды. Көбінесе өзіңіз жалғыз жүріп бәрін атқарасыз.  Сізді жақтайтын адамдар көп-ақ. Материалдық жағдайға қатысты бірқатар мәселе шешіледі. Жоспарланған коммерциялық шарт жүзеге асады. Егер шарт жасау керек болса, онда маңызды құжат қолыңызда болады. Бұл аптада достарыңызбен, туыстарыңызбен кездесуіңіз мүмкін.  Қысқа сапарлар сіздің бастамаңызбен болады. Жаңа қызметтестер пайда болуы мүмкін. Ол ұзақ мерзімдік одақ болуы мүмкін. Жеке өміріңіз жарқын сәттерге толы. Махаббат ақыры келді. Жаңа сезімдер жаңа шығаромашылыққа жетелейді.

Арыстандар бірдемені қайтарып алу, қалпына келтіруді жүзеге асырады. Бұл көбінесе материалдық салаға қатысты.  Дегенмен бірқатар адам үшін бұл үзілген байланысты қалпына келтірумен шектеледі. Ол шабыт беріп, өз күш-жігеріне сенімін арттырады. Айналасындағыларға тартымды, қызықты бола біледі. Бұл аптада кез келген жұмыс белсенді болмақ. Қызметте жақсы бетбұрыс күтілуде.  Сәттілік күш құрылымдарында істейтіндерге келеді. Олардың жұлдызы жанайын деп тұр. Апта денсаулыққа қатысты жүргізілетін әрекеттердің сәтті өтетінін болжайды. Осы мақсатта сапар жоспарланса, ол жақсы нәтиже береді. Отбасындағы жасы кіші адамдарға қатысты міндеттемелер іске асырылады. Осы мәселеге қатысты келіссөздер жүргізіледі. Жеке өмірде мазасыздық бар.  Соның салдарынан араларыңыз суып, біраз уақыт алысқа кетуіңіз мүмкін. Жаңа сезім жоқтың қасы. Күйбің тіршілік басым.  

Бикештер туыстарының арасындағы біреудің алдындағы қорқынышын жеңеді. Оқиға сәтсіз жалғасады деп күткен болатынсыз, одан біртіндеп арыласыз. Болып жатқан оқиғалар сіздің өміріңіздегі игіліктің нышаны деп біліңіз. Бірақ сіздің толық сеніміңізді ешкім сезбейді. Тіпті өзіңіз де. Біреудің айтып қалған сөзіне, ісіне, ұсақ-түйекке көп мән бересіз. Бейтаныс адамдармен танысқыңыз келмейді, өйткені олар сізден пайда күтеді деп ойлайсыз. Кәсіби салада да сенімсіздігіңіз мол. Белсенді адамдардың жолын бөгегіңіз келеді. Жұмыстағы әріптестеріңізден тек материалдық пайда күтесіз. Әрқайсысын жеке-жеке қарап, қайсысынан қандай пайда келеді деп ойлайсыз. Сонымен бірге жақын досыңызға адамдардың шынайы емес, жалған екендігін айтып шағымданасыз. Бұл апта ішіңіздегі қарама-қайшылықтарды жоюға арналады. Оған сапарға шығу немесе тұрғылықты жерді ауыстыру септігін тигізеді. Алған әсерлеріңіз ішіңіздегі ымырасыздықты жоюға көмектеседі.

Таразылар өз атында жылы лебіздер естиді. Бірақ әрқайсысы оны басқаша қабылдайды. Оқиғалар белсенділігі жеке өмірге, тұрмыстық, әлеуметтік жағдайға ауысады. Жағымды кездесулер,  мерекелік отырыстар күтілуде. Сіздің өміріңізге  ықпал ететін үлкен оқиға болайын деп тұр. Көптеген таразыларды сәттілік пен даңқ күтіп тұр. Бірқатары сый-марапатқа ие болмақ. Ұзақ жыл күткен құжатқа қол жеткізеді. Кәсіби салада жаңа бетбұрыс кезеңі басталды. Жұмыстың кестесі, міндеттемелер өзгереді. Жаңа қызмет күтілуде. Үйде бірқатар нәрсе өзгереді. Жөндеу жұмыстары болуы мүмкін. Бұл аптада көркіне көңіл бөлгені дұрыс. Келіссөздерде, айналасындағы адамдарға тартымды болу – бірінші кезекте болмақ.  Бірнеше сапар күтілуде. Көпшілік алдына шығып сөйлеуіңіз мүмкін. Бұл аптадағы ең қажет қасиет – шынайылық.

Сарышаяндар тәуекелге бел бууу мен жаңа жағдайда қалай әрекет етуді әрдайым біледі. Өзінің кәсіби біліктілігіне зәру немесе өзіне тәуелді адамдардан тірек іздейтін болады.  Қолдау күтпей-ақ аянбай еңбектенген сарышаяндарға сәттілік күтпеген жерден келуі мүмкін.  Жасы ересек сарышаяндар сәттілік сатысының төменгі жағында тұр. Әсіресе  қуланып, өзгенің артына тығылып, болмаса жұмыс істеуге ықыласы жоқ жақтан нәтиже күткендер сәттілікті уысынан шығарып алады. Отбасындағы жасы кіші адамммен жанжал туууы мүмкін. Қағидаларға қатысты мәселеде қарама-қайшылық туады. Серіктесімен де қашылық болуы мүмкін. Оның әлсіз тұсын аямай, ашық боласыз. Көп нәрсені материалдық тұрғыдан пайымдайтын болады. Кез келген дада ақша бірінші орында тұрады.  Соның арқасында ұтымды коммерциялық шарт жасаудың мүмкіндігі туады. Ал сапарлар көбінесе  бос сенделумен өтеді.

Мергендер өз жағдайын қолайлы жағдайға ауыстыруға бейімі жоқ. Өзіне таныс, үйреншікті нәрселерге бойы үйреніп кеткен, соған үлкен мән береді. Жарқын болашаққа ұмтылуға құлықсыз.  Өзінің әр әрекетін логиканы сылтауратып, ақтап алуға құмар. Іс-әрекеттерін қолдауды жақын адамынан сұрайтын болады. Және де оның тарапынан түсіністіке ие болады. Тіпті өзіңізге қолайлы жағдай жасап, жеке өміріңізде маңызды орын алатын адамдардың қолдап-қоштауына ие боласыз. Бұл апта – жинақтау кезеңі емес, шашылу кезеңі. Балалар мен жануарларға жомарттық танытасыз. Қысқа сапарлар күтілуде. Маңызды құжаттар рәсімдеп, бірқатар құжаттар қолға тиеді. Кейбіреулер білімін жетілдірумен айналысады.  Мүдделері ақпарат алуға негізделеді. Ол ақпаратқа бұрын қол жеткізе алмай келген.

Тауешкілер өзінің артықшылығын айтып, өзгені әшкерелеуге тырысады. Сіз кез келген бәсекелестікте жеңіп шығасыз. Қызықтыратын адамның көңілінен шығу үшін жоспар құрасыз. Достарыңыз бен әріптестеріңіздің тарапынан мақтау мен мадақтауға мұқтаж боласыз. Қызметте өсек-аяң өрбиді. Сіз өзгенің беделін пайдаланып, басқа адамдардың әрекетінен барынша пайда табуға ұмтыласыз. Бұл апта материалдық тұрғыдан кіріс әкеледі. Отбасылық мереке немесе отырыстар күтілуде. Ұзақ көрмеген досыңыз көңіліңізді жадыратып, одан маңызды ақпарат аласыз. Бұл аптада ерекше адаммен танысасыз. Ол сізге едуір ықпал етеді. Сапарға шығуға міндеттейді. Оның бәрі жұмыс бабымен болмақ.

Суқұйғыштар алғыр, қырағы және бұл аптада жоспары көп. Осы апта баяғыдан аңсаған дүниеңіздің жемісін береді. Өткенде көп жұмыс тындырдыңыз, енді айтуға тұрарлық нәтиже күтесіз. Айналаңыздағы адамдардың іс-әрекетін бақылайсыз,  сіздің жұмысыңыздың сәттілігі тәуелді соған тәуелді.  Соымен бірге адамдармен танысып, соларды өз мүддеңізге пайдалануға тырысасыз. Үлкен қиындықпен келген қолда бар дүниені бағалайсыз.  Барлығы сіздің бақылауыңызда, жіті назарыңызда болмақ. Бірақ серіктестеріңіздің іс-әрекетіне көңіліңіз толмай, дегбіріңіз қашады. Оладың адалдығына күмән келтіресіз. Өздігіңізбен істеген істердің бәрі нәтижелі болады. Материалдық пайда күтілуде. Алыстан жақсы хабар аласыз.  Мүлікке қатысты сұрақты шешесіз. Тұрмыстық мәселе де шешімін табады. Жеке өмірдегі тұрақтылық –  жалпы тұрақтылық емес.  

Балықтар бір-біріне ұқсас күйбің тіршіліктен жалығады. Ештемеге құлқыңыз соқпай, ондай күй бастама көтеруге кедергі болады. Кейде айналаңыздағы дүние сізді тығырыққа тіреп тұрған тар шеңбер болып көрінеді. Қайда бараң да Қорқыттың көрі дегенге саяды. Достарыңызбен араласқанда да зерігіп, одан рахат алмайсыз. Көбінесе көңіліңіздегіні айта алмай, өтірік, өзіңізді күшпен сөйлетуге мәжбүр боласыз. Мұндай күйден тек жұмыс құтқарады. Тек жұмыста ғана жаңа мүмкіндіктерге ие боласыз. Шығармашылық пен жаңа бетбұрысқа жұмыста жүргенде қол жеткізесіз. Сапарға шақырып сізді, жаңа ұсыныстар жасайды. Сыртқы келбетіңізді жақсартасыз. Өзіңізді жаңа тұсыңыздан көрсетуге құлшыныс пайда болады. Қаржы мәселесі қиналдырады. Таныс адамыңызбен қош айтасысыз. Туындаған жағдайлардың аясында жоспарыңызды өзгертуге тура келеді. Бір адам сіздің сезіміңізге зәру.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Басың ауырса... 

Өлтірі деген не?

Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер

Елеусіз қалдырма: Естен кетпейтін үрейлі түстер  

Кедейлікке жетелейтін жексұрын әдеттер 

Дұрыс тамақтану туралы 10 өтірік 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде