{metadescription}
Кене. Қорғану және қауіпсіздік шаралары

Кене. Қорғану және қауіпсіздік шаралары

Көктем келіп, табиғат аясында демалушылар саны көбеюде. Қоршаған ортада да түрлі жұқпалы аурулар тарататын жәндіктердің белсенділігі артып барады. Солардың бірі – кене. 

Кенеден сақтану шаралары:

  • Табиғат аясына демалуға шыққанда денеңізді толық жауып тұратын (қымталып емес) бас киім, ұзын жең, балақ, шұлық, бас киім киіңіз. Киім ақ түсті болғаны жөн.  
  • Кенелерге қарсы химиялық зат – репелленттер қолдану.
  • Тоғайда, таулы жерлерде соқпақ жолдан алыс жерге орналасу.
  • Кене энцефалитіне қарсы екпе алу.

Кене шаққанда алғашқы көмек:

  • Кішкентай қысқышпен теріден абайлап алу керек;
  • Қысқыш болмаса, қолғап, целлофан, қағаз қолданыңыз;
  • Кенені шығарған соң, қол жууды ұмытпаңыз;
  • Кенені терінің астынан өздігінен шығара алмасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келеді;
  • Теріңіздің кене шаққан жерін 70%-дық спиртпен, 5%-дық йодпен немесе одеколонмен жуыңыз.  

Кене энцефалиті:

  • Жедел өтетін вирустық ауру;
  • Орталық жүйке жүйесін зақымдайды;
  • Өлімге, мүгедектікке әкеледі.

Кене энцефалитінің алғашқы белгілері:  

  • Инкубациялық кезең – 10 - 14 күн, кейде 1 – 60 күн.
  • Қалтырау;
  • Бас және мойын, иық, кеуде, арқа бұлшық еттерінің ауруы;
  • Дене қызуы бірден 38-39°С-қа көтеріледі;
  • Жүрек айнуы, құсу.

Емделу және екпе алу

Дәрігер кене шаққан адамға иммуноглобулиннен басқа қосымша жұқпалы ауруға қарсы алдын алу емін белгілейді. Кене энцефалитіне қарсы екпе – ең сенімді шара. Далада қызмет ететін, эндемикалық аймақтарда өмір сүретін адамдар екпені тегін алады. Алғашқы екпе күз мезгілінің аяғында, екіншісі – бір айдан кейін, үшіншісі – бір жылдан соң, келесі екпе 3 жылдың ішінде салынады.

Алматы тұрғындарына арналған екпе:

1) Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6 үй) – Бостандық және Медеу ауданының тұрғындары үшін;

2) Алматы қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96 үй) – Алмалы ауданаың тұрғындары үшін;

3) 4-ші қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220 үй) – Жетісу, Түрксіб аудандарының тұрғындары үшін;

4) 7-ші қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман шағын ауданы) – Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін;

5) №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасы (Манас көшесі, 40 үй) – 15 жасқа дейінгі балалар.

 

Теріңізден шыққан кененің жұқпалы екендігін «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» зертханасына тапсырып біле аласыз: (Әуезов көшесі, 84 үй), байланыс телефоны: 8 727 375 58 66. 

Оқи отырыңыз: Клещи атакуют – есть первые жертвы

Сезон клещей: как защищаться и где искать помощь

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.