{metadescription}
Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі?

Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі?

Әлемде 30 миллион таңба, бренд бар. Соның ішінде аса танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі? Біз соның қаншасын өз қажетімізге заңсыз жарата аламыз? Өзіміз бірдеме ойлап таптық па?

Ештеңе ойлап таппасақ та, арақ-шарап, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті дүниелердің дәл көшірмесін жасаудан кенде емеспіз. Ал сапасына мән бермейміз. Бастысы қай затқа сұраныс бар, сол брендті қолма-қол пайда көзіне айналдырамыз. Сенбесеңіз, мына жерден қараңыз.

Елімізде шарап өнімдері мен энергетикалық сусындарды заңсыз әзірлеп сату кең таралған кәсіптің бірі. Нарықта сұраныс жоғары. Біріншіден, тауардың бағасы арзан. Екіншіден, оны әзірлеуге көп шығындалмайды. Тағы бір себеп: тағайындалатын жаза тым жеңіл. Тауар белгісін заңсыз иеленгендер көбіне айыппұлмен ғана құтылады.

ҚР Қылмыстық кодексі

Елімізге келетін контрафактілік заттардың дені көрші елдерден жеткізіледі. Кеденнен заңсыз өткен заттар еркін саудаланады. Оған дәлел – Алматыдағы «Барахолка» деп аталып кеткен базардағы сапасыз тауарлар.Әлемге әйгілі  сауда маркаларының  көшірмесі жетерлік.

Сәнқой қыз-келіншектер оның сапасына аса бас қатырмайды. Тауар белгісіне иелік ететін компаниялардың талабы бойынша тауарлар тәркіленгенімен, қазынаға бір тиын салық төлемей, лицензиясыз саудалануда.

Түрлі тауардың заңсыз көшірмесін жасап сатуға шығаратын елдердің көшін Қытай бастайды. Бұл тізім киім-кешектен бастап, иіссу, түрлі техникаға дейін жетті.

Бұл - дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі. Қанша айтылса да, әйгілі брендті «сырттай» иемденушілермен күрес тоқтамайды.

Танымал брендтік тауардың артында қыруар ақша тұр. Мол табысқа кенелгісі келетіндер бірден ұрлайтыны сондықтан.

Зиякерлік меншік мәселесінде спорттық киімдер тігетін компаниялар үнемі халықаралық  соттарда даудың ортасында жүреді. Бірі – спорттық клубтарға киім тігіп табыс тапса, екіншісі – көшіріп әлек.

Еңбегі зая кеткен сапалы тауар өндіруші миллиардтаған шығынға батып, компания беделіне нұқсан келеді.

Мәселен, Қостанайдың «Тобылы» мен Англиядағы «Уотфорд» клубының жейдесі бірдей. Киімнің түсі, дизайны айна-қатесіз. Отандық футбол командасы осы форманы былтырғы маусымнан бері киіп жүр. Қос команданың ресми өкілі – ортақ.

Ал әйгілі «Барселонаның» формасы мен логотипін көшіргендер қаншама.

Құрамы күмәнді өнімнің қаншасы сатылғаны белгісіз. Контрафактілік заттар ең бірінші кәсіпкерлікке кедергі. Экономика мен халықтың денсаулығына қауіпті. Әйгілі тауар белгісін иемдену, саудадағы әріптестік жөніндегі талаптар халықаралық нормалармен бекітілген. Көлеңкелі бизнеспен айналысатындар үшін тиімді жол емес. Себебі, ережеге сәйкес табыстан түскен үлесті бөліскісі келмейді.

 Қазақстанда жалған тауар өндіруші құқық иеленушіге залал көлемін толықтай өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұның барлығы жалған тауарға тосқауыл қоюға басты кедергі.

Қазақстандағы контрафактілік тауарлар туралы толығырақ мына жерден қараңыз. Аптаның әр жексенбісінде сағат 20:00-де КТК арнасынан "Аптап" талдау мен түйін жасайтын сараптамалық бағдарламасын ұсынамыз.

Оқи отырыңыз: Қасиетті өсімдіктің қадірін неге кетірдік? 

Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе... 

Мәжіліс депутатының шіркін-айы мен әттеген-айы 

Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде