{metadescription}
ҰБТ: Маңызды 5 ақпарат

ҰБТ: Маңызды 5 ақпарат

ҰБТ форматы бұрынғыша қала ма? Биыл қандай өзгеріс бар? ЖОО ақылы бөліміне түсу құқығы кімге беріледі? Білім беру гранттары қалай тағайындалады? Оған қатысу үшін не істеу керек?

ҰБТ. Маңызды 5 пункт:

1. ҰБТ форматы бұрынғыша қалады, яғни ешқандай өзгеріс болмайды.  Тапсырылатын пәндердің саны бұрынғыдай - бесеу, тесттік тапсырмалардың саны - 120, максималды балл - 140.

Абитуриенттің дәстүрлі түрде 3 негізгі пәннен білімі тексеріледі: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады.

2. ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізіледі. Бұрын тек маусым, тамыз және қаңтар айларында тапсырып келген болатын.

Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ үміткерге жоғары оқу орындарының тек ақылы бөлімдеріне түсу құқығын береді. Ол ҰБТ-ларға қатысудың өзі де ақылы. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификат беріледі. Ол сертификаттар грант алуға жарамсыз.

Егер мемлекеттік грантты алғысы келсе, онда  ҰБТ-ны маусым айында тапсыруы тиіс. Тек сол тестілеудің қорытындысы бойынша ол гранттық байқауға қатыса алады.

Ақылы бөлімге түсу үшін үміткерлерге 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның біреуіне ғана қатысып, шекті балға қол жеткізсе болды. Мысалы, қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысып, 120 балл жинаған абитуриент 1 ақпанда қалаған университетінің қабылдау бөліміне жүгініп, ақылы бөліміне шартты түрде тіркеле алады. Ал егер грантқа ниет білдіріп, маусым айындағы ҰБТ-ға қатысып, 50 балл жинаса, ол қаңтар айындағы 120 балл алған көрсеткішімен грантқа үміткер бола алмайды. Грантқа түсу үшін маусын айындағы ҰБТ қорытындысы маңызды болғандықтан, ол тек ақылы негізде оқуға қол жеткізеді.

3. Қаңтар айында ҰБТ-ға 3 санаттағы ниет білдірушілер қатыса алады:

  • 11 және 12 сынып оқушылары;
  • Қыркүйек айында университетке шартты түрде қабылданғандар;
  • Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқан студенттер.

Наурыз айында тек 11-12 сынып оқушылары ҰБТ-ға қатыса алады.

Маусым айында грантқа үміткер барлық санаттағылар ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігіне ие.

Тамызда да ақылы бөлімге түсушілер және осыған дейін талап етілетін қажетті балды жинай алмағандар бағын сынай алады.

4. Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер бұдан былай екі профильді пәннен тестілеуден өтуі тиіс. Өйткені, олар шығармашылық мамандықтарға түскен кезде осы жолғы тестілеудегі профильді пәндер бойынша тест тапсырмаған болатын.

Барлық бітірушілерге сертификатпен бірге ақпараттық парақшалар беріледі. Онда құжат өткізуге болатын білім беру бағдарламаларының тізімі, ағымдағы жылы бөлінген гранттар саны, өткен жылдары өткізілген орындар бойынша конкурс қорытындысы көрсетіледі. Бұл құжатқа ерекше назар аудару қажет.

5. Оқу бағыттарының жаңа классификаторлары.

Жаңа классификатордың енгізілуіне байланысты гранттар білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінеді.

Мысалы, информатика, ақпараттық жүйелер, блокчейн, big-дата және сол секілді білім беру бағдарламаларын қамтитын «Ақпараттық технологиялар» сияқты топ бар. Мәселен, осы топқа 1 000 грант бөлінді делік. Осы гранттардың конкурсы аталмыш топты таңдаған үміткерлердің арасында өткізіледі. Өтініш берушіге осы топ бойынша грант берілген кезде ол университетке түсіп, аталмыш топтың ішіндегі арнайы білім бағдарламасын таңдайды.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін  маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыру қажет.

Білім гранттары қалай тағайындалады

Маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Ол білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес бөлінеді. Білім беру бағдарламаларының тобына жоғары оқу орнының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Барлығы 97 білім беру бағдарламаларының тобы бар.

Бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келген жағдайда, білім беру грантын тағайындау конкурсында төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдауға болады. Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен:

  •  «Химия мұғалімдерін даярлау»;
  • «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»;
  •  «Ветеринария»;
  •  «Жалпы медицина» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

Егер шығармашылық даярлауды талап ететін білім беру бағдарламасы тобын таңдасаңыз, білім беру грантын тағайындау конкурсында бір білім беру бағдарламаларының тобын таңдауға болады.

Ал грант иегері бола отырып, ЖОО қабылдау кезінде білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан нақты білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

Оқи отырыңыз: Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі? 

Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе... 

Мәжіліс депутатының шіркін-айы мен әттеген-айы 

Инфографика: Тұрғын үй бағасында не өзгерді 

Видео: 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай өзгереді 

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.