{metadescription}
ПИК-сіз өмір: Не өзгереді?

ПИК-сіз өмір: Не өзгереді?

ПИК (КСК) мәңгілікке жоғалады! Ол қалай өзгереді, нақты не өзгереді?  Тұрғындар не істеуі керек? Қалай дайындаламыз, қалай дауыс береміз? Үй шығындарын, күрделі жөндеуге енді кім жауап береді? Қанша жарна төлейміз? Әлдебір жағдайда үйімізге ешкім баса-көктеп кіріп кетпей ме? Жалпы, заңға қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?   

Елімізде көп пәтерлі үйлерді басқару түрі түбегейлі өзгеретін уақыт таяп қалды. Енді 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан ПИК (пәтер иелерінің кооперативі)  мәңгілікке жоғалады. Жақында Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық)  туралы заң жобасына түзетулер пакетін қабылдады.

Заң жобасын қарастыру үшін жұмыс тобына кіретін заңгер Аркадий Рубцовтың мәліметтерін жарияласақ.

ПИК емес, ММИБ (Мүліктің меншік иесі бірлестігі)

Ең бірінші, — ПИК және басқа да үйді басқару формаларын ММИБ (мүліктің меншік иелері бірлестігіне) тіркеу.

 Бірақ, кооперативтер жойылмайды. Олар қалып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады, алайда көп пәтерлі үйлерді басқару олардың құзыретінен шығарылады.

ММИБ-нің коопперативтерден айырмашылығы – олар «бір үй – бір ММИБ – ьір есеп» қаидасы бойынша әр үйде құрылады.  Бұған тұрғын үй кешендеріне және коттедж қалашықтары да кіреді.

ММИБ –нің баламасы бар ма?

Бар. Бұл үйлердің тұрғындары оны дербес басқару үшін біріктіре алатын серіктестік болып табылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мұндай көзқарастың сондай перспективалы емес. Тұрғындар көбінесе ортақ мүлікті сақтау шығынынан қашады, ал бұл біртіндеп ғимаратты апаттық жағдайға әкелуі мүмкін.

Тұрғындар дайындықты қалай бастауы керек

Тұрғындарды ММИБ-не тіркеу үшін жалға алушылар төрағаны таңдап,  кондоминиумды (егер ол рәсімделмеген болса) тіркейді. Төрағаны тұрғындар арасынан сайлайды. Қысқаша аайтқанда, ол үйдің ағасы болады. Сосын төраға басқарушы немесе басқарушы компаниямен келісім жасасуы тиіс. Бұл құқықты оған тұрғындар береді. Ол сондай-ақ үйге ағымдағы және жинақ шоттарын ашады және коммуналдық қызметтермен келісім жасайды.

Төрағаға ақшаны  (егер ол еркін жұмысқа келіспейтін болса) тұрғындар төлейді. Бұдан басқа, басқарушы немесе компанияның басқарушысының көрсеткен қызметіне (сантехникалық, электрлік, тазартқыштар және басқа да қызметкерлер) үшін қаражат қажет болады.

Алайда, тұрғындар төрағаны тағайындамай-ақ, тікелей басқарушы таңдап, артық шығын шығармауына болады.

Басқарушы деген кім?

Қазақстанда заңды тұрып жатқан (шетелдік болса да) кез-келген ересек, қабілетті адам басқарушы бола алады. Оған алғышарт - біліктілікті арттыру курстарынан өту және арнайы сертификат алу. Бұны заң жобасын әзірлеуші ​​– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Яғни, үйді қазірден бастап дайындалған қызметкерлер басқарады.

Егер тұрғынғындар ММИБ-ті тіркегеннен кейін бір ай ішінде басқарушыны немесе басқарушы компанияны таба алмаса, онда тұрғын үй инспекциясы конкурс өткізіп, жалдамалы қызметкерді немесе компанияны алады.

Басқарушы /басқарушы компаниямен үлгі шартты индустрия министрлігі жасайды. Келісімшарттың мерзімі ұзарту мүмкіндігімен бір жылды құрайды. Басқарушылардың қызметақысы тұрғындардың келісімі бойынша жасалады.

Төраға мен жалдамалы басқарушы бір адам болуға жол берілмейді. Және де басқарушы өз қалауымен бірнеше (шексіз) үйге қызмет көрсете алады.

Дауыс берудің үш түрі

Үйдегі шешімдер үш жолмен қабылданады:

  • жиналыста ашық дауыс беріледі,
  • жазбаша сауалнама көмегімен,
  • электронды түрде.

Ашық дауыс беру - хаттамада көрсетілген нақты жиналыста дауыс беру.

Есте болсын: жиналмай қалғандықтан екінші рет жиналыс болмайды. Шешім тек бірінші жиналыста немесе дауыс берудің басқа түрінде жүргізілуі тиіс.

Жазбаша сауалнама барысында тұрғындар хаттамаға қол қою арқылы өз шешімін растайды.

Дауыс берудің электрондық нысаны тек цифрлық қолтаңба болған жағдайда ғана мүмкін болады. Дауыс беру үшін мемлекеттік деректер базасымен синхрондалған «Е-Шаңырақ» бірыңғай электрондық жүйесіне кіру қажет. Бұл мүлікке және оның иесінің нақты мәліметін тексеруге мүмкіндік береді.

Қазіргідей, ең маңызды мәселелерді шешу үшін тұрғындардың 2/3 дауысын жинау керек, маңызы жоғына 51%.

Дауыс берудің бірнеше түрін біріктіруге рұқсат беріледі (жазбаша көздерді сканерлеп, Е-Шаңыраққа мәлімет жібері арқылы). Себебі, меншік иелердің 100% -ының ЭЦҚ мен Интернеті жоқ.  

Тұрғын үйдің көлемі дауыс беруге әсер етпейді

«Бір бөлме (тұрғын және тұрғын емес) - бір дауыс» қағидасы сақталады. Бұрын ұсынылған тұрғын үйдің көлемі туралы ұсынылған норма заң жобасынан алынып тасталды.

Жер учаскесін алу

Заң күшіне енгеннен кейін үйді тұрғындар кондоминиумдағы түзетулердің арқасында үйдің жанындағы жер учаскелерін пайдалануға құқылы.

Егер қазір үйдің айналасында шамамен 1,5 м қызмет көрсетілсе, заң қабылданғаннан кейін тұрғындар балалар үйі, спорттық алаңдар, автотұрақ және т.б. орналасатын жер учаскесіне ие болады (әр үйдің жеке өлшемі бар).

Тұрғындар жер учаскесінің белгілі бір бөлігін пайдалана алады. Бірақ, оның кім және қандай әдіс арқылы есептелетіні, арестттегі учаскелерді не істеу керектігі және инженерлік коммуникациялық учаскесінің шекараларын қалай анықтау керектігі әлі анықталған жоқ.

Әрқайсысы кондоминиумды тіркеуге тура келеді - әйтпесе ММИБ тіркеу мүмкін емес. Жаңа тұрғын кешендерінде бұны үй салушылар, қайталама нарықта – әкімдіктер жүзеге асырады. Екі меншік иесінің тілегі болса жетіп жатыр, қазіргідей тұрғындардың 100% емес. Ештеңе төлеудің қажеті жоқ - қызмет тегін.

Бірақ егер тұрғындар ортақ мүліктің бір бөлігін (жертөле, техқабат және т.б.) сатқысы келсе, онда кондоминиумды қайта тіркеу ақылы болады.

Үй салушыларды үйдің статусын бөлуге міндеттейді: тұрғын емес үй және коммерциялық. Мұндай ереженің жоқтығы қазір оларға меншік иелерінің құқығын бұзып, үйдің ортақ мүлкін пайдалануға ерік беріп отыр.

Күрделі жөндеу

Тұрғындар үйдің күрделі жөндеуіне жиналған ақшаны өздігімен жұмсай алмайды. Жұмыстар арнайы нұсқаулық бойынша жүзеге асырылады, ол   кейінірек тиісті министрлікте бекітіледі. Кез келген шығынды мемлекеттік органдармен келісу керек.

Сондай-ақ күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы ең төменгі жарна азайды. Қазір ол 0,005 АЕК-ті құрайды, ал бұрын 0.02 болатын.  Қазір ол бір шаршы метр үшін 12 және 51 теңге.

Осылайша, күрделі жөндеуге ең аз үлес төрт есе азайды.

Айтпақшы, күрделі жөндеуге қаражат жинауға  Тұрғынүйқұрылысыжинақбанкі  бірыңғай оператор болмайды. Енді екінші деңгейдегі банктер онымен бірге қатысады.

Бөлінетін жарналар

«Бөлінетін жарна» деген жаңа түсінік енгізілді. Белгілі бір мұқтаждыққа  ақша жинауға рұқсат етіледі, бірақ қазір бұны түбіртекте жариялауда қиындық бар.

Бұл пошта жәшіктерін немесе үйдегі терезені ауыстыруға, кафель төсеу, подъезде күрделі жұмыс жүргізуге және т.б. қатысты болуы мүмкін. Тұрғындар оны үй шығындары мен және күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындармен бірге төлейді.

Осылайша, азаматтардың түбіртекте тағы бір шығынға арналған жолы , ал басқарушы компанияларда жаңа қаражат жинау құралы пайда болады.

Пәтерлер мен ғимараттарға кіру

Меншік иелерінің жеке меншік құқығын қорғауға конституциялық құқығы сақталды. Ешкім, тіпті төтенше жағдайда да жазбаша ескертусіз және меншік иесінің немесе жалға алушының қатысуынсыз үйіне кіруге құқығы жоқ. Ал апат болған жағдайда иесіне немесе жалға берушіге SMS арқылы хабарланғаннан кейін бір сағат ішінде кіруге болады (әрине, пәтердің немесе аудандық инспектордың қатысуымен бөлмені ашу актісі болғанда ғана).

Әлі қабылданбаған түзетулер

Ол тұрғындар мен басқарушылардың әкімшілік жауапкершілігіне қатысты.

Осылайша, жинақтаушы шоттан бас тартса, қаржылық есеп беруді ұсынбаса және қаражатты басқа мақсатта пайдаланса, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу ұсынылады. Бір жылда бірнеше мәрте  бұзғаны үшін - 100 АЕК.

Бұл жағдайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың шығындары бойынша борышкерлерді қудалаудан бас тартуға шешім қабылданды.

Парламент мәжілісіндегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы»  заң жобасын биыл маусым-шілде айларында қабылдау жоспарлануда.

ММИБ (мүліктің меншік иелері бірлестігіне  өту туралы заңға қол қойылғаннан кейін бір жыл беріледі. Осылайша, қазақстандықтарда өзгерістерге дайындалу үшін тағы бір жылдан артық уақыт бар.

Материал Krisha.kz сайтынан қазақшаға аударылып алынды. 

Оқи отырыңыз: Үй салудың ең оңай үлгісі 

Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе... 

Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік 

Инфографика: Тұрғын үй бағасында не өзгерді 

Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде