{metadescription}
27 мамыр – 2 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

27 мамыр – 2 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиғалар болады? Не жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 27 мамыр – 2 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.

 Тоқтылар қарсыластарының әрекеттерін алдын ала біліп, кез келген сұрақта өзінің құзыреттілігін көрсете алады. Айналасындағылар сіздің үстіңізден түсіп ұстай алмайды. Бұл аптада сіздің біліктілігіңізге барлығы зәру болады. Кездесулер күтілуде, келіссөздер жүргізуіңіз мүмкін. Алдына нақты мақсат қойғандардың жолы болады. Өтіріктен аулақ болған жөн. Бұл аптада баяғыда араласқан адамыңызды кездестіресіз. Ақпараттық лек өте маңызды болмақ. Көп жаңалық аласыз. Достармен бас қосасыз. Туыстармен бір дастарханда отырасыз. Бақыт туралы түсінігіңізге әсер ететін таныс табасыз. Сізге көп мақтау айтылады. Қаржы мәселесі ойдағыдай.

Торпақтар өз жоспарын іске асыруға барын салады. Жұрттың кеңесіне құлақ түрмейді. Отбасылық дәстүрге негізделген құндылықтарды дұрыс деп санайсыз. Бұл аптада елдің беделі сізге әсер етпейді. Дегенмен өзіңізді сыйлап, жақсы көретін адамдарға сенім артасыз. Ең бастысы, өзіңізге пайда әкелетін және қызығушылық тудыратын нәрсемен айналысасыз. Дос, әріптес немесе көршіңізбен қарым-қатынас үзіледі. Көбісі жаңа жұмыс іздеуге кіріседі, немесе қосымша жұмыспен айналысуға кіріседі. Жақын адамыңызбен ажырасасыз. Оқу, жаңа білім алу өзекті болып тұр. Қаржы мәселесі бұл аптада жақсы қалыптасады. Бірнеше жерден ақша түседі. Жоспарланған сапар сәтті болмақ.  

Егіздер жеке басының пайдасы туралы сөз болғанда егжей-тегжейлі анықтауға мұршасы болмайды. Басқаларға елеусіз орын беруде дұрыс қадам жасайсыз. Бұл аптада сізбен дауласу қауіпті. Ширақ боласыз, намысыңыз оянатын сәттер болады және бар жерде жеңіске жету ұмтылысы басым. Спортшы, саясаткерлер мен дін қызметшілерінің жұлдызы жанайын деп тұр осы аптада. Қызметте өсуіңіз мүмкін, жаңа қызмет орны ұсынылуы да мүмкін. Сізді қолдайтын және сізге еліктейтін адамдар көп-ақ. Дегенмен кез келген қарым-қатынаста сақ болыңыз, өйткені шыншыл адамдар аз. Отбасындағы жасы кіші адамға қатысты біраз шығын шығады. Өзіңізге шын мәнінде жақын адамдарды қорғайтын боласыз. Бұрынғы досыңызбен мүлікке қатысты мәселе шешіледі. Бұл күндері көбісі көшу туралы жиі ойлап, соны іске асырғысы келеді.  

Шаяндардың пікірі көп адамды шатастыратын болады. Яғни, сіздің пікіріңізді адамдар қорыта алмайды, түсіне алмайды. Айналаңыздағы адамдар сіздің ниетіңізді білмей басы қатады. Сақ жүріп, өз мақсатыңызға табанды түрде қадам басасыз. Айла әрекеттер орын алады, оны сізге қарсы келгендерге еппен қолданасыз. Басқа адамдар өзімен-өзі болып жүргенде сіз өз бағытыңызға қарай қарыштап қадам басасыз. Бұл апта білім алуға, рухани баюға, кәсіптілікті арттыруға қолайлы. Жаңа достар, пайдалы байланыстар болады. Жұмыс бабымен шыққан сапар сәтті болмақ. Туыстармен қатынас белсенді болмақ. Ақпарат алмасасыз. Сіздің тарапыңыздан материалдық қолдау болуы мүмкін. Бұл аптада одақтастарыңыз сіздің тәжірибеңізге қызығушылық қайта артады. Дегенмен сіздің жаңа байланыс орнатуға құлшынысыңыз жоқ, бірақ олар сізге өзі келеді. Сіз үйреншікті ортаңызда, жақын және жүрегіңізге қымбат адамдардың арасында  өзіңізді жақсы сезінесіз. Араласуға себеп болады, өз сезіміңізді білдіруге де себеп табылады.  

Арыстандар мысқылшыл және секемшіл болады. Сіз өзгенің сөзіне, сеніміне сенбейсіз. Тіпті біреудің дұрыс іс-әрекеті де сіздің айналаңыздағы сенімсіздікке ықпал ете алмайды. Сонымен қатар жаңа идеялар мен қызметте жаңа стратегиялар іздейсіз. Тәуелсіз адамдардың жолы болады бұл аптада. Сосын ірі ұжымда істейтіндердің жұлдызы жанады. Материалдық жетістіктер орасан зор өзгерістерден аман қалады. Бұл аптада сізге руханилылық жетіспейді. Ішкі мәдениетті жетілдіретін тарихи рухани дүниеге зәру боласыз. Көбісі дін мешіттерге барады. Кейбіреуі көпшілік жиналатын жерге барады. Жөндеу, қайта құру өзекті болмақ. Туыстармен жиі араласасыз. Махаббат тақырыбы баяулайды. Ол бірінші кезекте емес. Өйткені қазіргі көңіл-күйіңізді өзгерту қиынырақ.

Бикештер аптаны үйі мен жақындарына  арнайды.  Ұзақ уақыт көрмеген адамдармен араласа бастайды. Қызықты жерлерге барады. Сағынған жерлерін көреді. Жаңалықтар көп болмақ. Туысқаны туралы мазасын алып жүрген дүние жалған болып шығады. Бір маңызды құжат алады. Оны ұзақ күткенсіз. Беделді досының қолдауына ие болады. Құпия шараға қатысасыз. Көпке белгісіз жасырын іске қатысты шара өткізіледі. Жағдайға ыңғайланып, икемделу керек, әйтпесе жеңіліске ұшырауыңыз мүмкін. Қаржы мәселесі тұрақталады. Бір адам қызмет ұсынады. Ол қысқа мерзімге. Жолда бір адаммен танысасыз. Біреуге ғашық болып, бәлкім қысқа мерзімді оқиға болуы ықтимал.

Таразылар тағдырына әсер ететін кезеңге түсті. Ешкімнің кеңесіне сенбей, өте маңызды шешімдер қабылдауға тиіссіз. Өздігіңізбен шешім қабылдаңыз, себебі сіздің түйсігіңіз мықты. Жұмыс мазалайтын болады. Әріптес немесе серіктес тарапынан наразылық болуы мүмкін.  Сенімсіздік аспектісі айтарлықтай болмақ. Дегенмен, сіз үшін ең бастысы жоспарларға сүйену, ұсақ-түйек нәрселерге көңіл бөлмеңіз. Ит үреді, керуен көшеді. Денсаулыққа көңіл бөлу керек. Кенеттен бұлшықет, буын ауруы мүмкін. Жұлдыздар физикалық күштерден белсенді спортан аулағырақ болуды ескертеді. Яғни, күш түсірмеңіз. Көп ай бойы шешілмей жүрген әрекеттердің нәтижесін аласыз. Сең орнына ақырындап қозғала бастады. Сапарлар қиын болады. Күнделікті істерге бар күшіңізді салуға тура келеді. Жеке өмірге уақыт таба алмайсыз. Бірақ бақыт құсыңыз қасыңызда жүр. Тек айналаңызға зер салып қараңыз.

Сарышаяндар өзінің жеке өмірін керексіз сөздер мен думанды отырыстардан қорғайтын болады. Сіз көздеген жоспарлардың аясында жұмыс істейсіз. Сізге ұдайы жетілу мен ішкі еркіндік қажет. Ол іске асады. Келіссөздерге қатысу күтілуде, ресми адамдармен ездесулер орын алады. Пайда әкелетін маңызды құжаттарға қол қоюыңыз мүмкін. Беделді серіктестердің көмегімен ақша жасайсыз. Болашаққа  маңызды қарым-қатынастарды нығайтасыз. Олармен жақын ынтымақтастық тұрақтылыққа әкеледі. Мерекелі кшараға қатысып, қызықты адамдармен тығыз араласып, көңілді, жаймашуақ отырыста боласыз. Көбісі жаңа сезімге бөленеді. Ғашық болуыңыз ықтимал. Ересек сарышаяндардың сезімі материалдық қызығушылыққа әкеледі. Жастарды сезімге бөленіп, үйінен алыс жерлерге сапар шегуі мүмкін. Алыста болу – сынақ...

Мергендер өздерін делдал ретінде жақсы көрсетеді. Келіссөздерде біреудің сеніміне кіре аласыз. Жанжалды шешуге тура келеді. Сіздің сөзіңізге тіпті сенімсіздік  танытып жүрген қарсыластар да құлақ түреді. Одақтас іздеудің қажеті жоқ – олардың өздері сізді іздеп келеді. Айналаңызда және өмір салтыңызда өзгерістер болады. Көбісі бұдан пайда табады. Тек жоспарлаған сапар сәтті болмақ. Басыңызда жоспар көп, ақпарат та көп. Достастық кездесулер болуы мүмкін. Отбасында, туған-туыспен отырыс болмақ. Жұмыста белсенділік танытасыз. Шығын да көп. Материалдық жағынан дәстүрлі схеманы қолданғаныңыз жөн. Жеке өмірде сағыныш сезімі орын алады.

Тауешкілер ішкі қарама-қайшылықтардан мазасы кетеді. Сіз ойлағандай емес бәрі. Ішкі жағдайларға байланысты әдеттеріңіз бен жоспарыңызды өзгертуге тура келеді. Осыған назалы боласыз. Бұнымен қоса бәрі жаман емес деп өзіңізді уатасыз, өйткені сіздің қорыңыз әлі таусылған жоқ. Бұл кәсіби ынтымақтастықта көрініс табады. Жоғарыдан мақтау немесе сыйлық аласыз. Мариалдық жағдай ақырындап түзеледі. Бірақ әрдайым ақша жетпей жүреді. Ал шығындар көп-ақ Жасырын келіссөздер күтілуде. Өз мүддеңізді көздеп жолға шығасыз. Тартымды боласыз, ел алдында көзге түсесіз. Мақтау естисіз. Бірақ сізді сөзге тартып көңіліңізге жағу қиын. Өйткені сіз ешкімге сенбейсіз.

Суқұйғыштар өз идеяларына жан-жақтан қарсылыққа тап болады. Достарыңыз дұшпандай көрінеді. Бастығыңыз ылғи сізге наразы сияқты болып көрінеді. Жақындарыңыз ұсақ-түйек мәселемен көңіл күйіңізді түсіреді. Сіз бәріне күманданасыз. Оны жеңуге тырысасыз. Өткендегі реніштер есіңізге түсе береді. Осы аптада жақындарыңыздың біреуі сізге қол ұшын созады. Жақын тартыңыз, ашық сөйлесіңіз. Ашық әңгіме күтілуде. Үйде дастархан жайылуы мүмкін. Сыйлықтар күтілуде. Өткендегі оқиғаларды еске аласыз. Басыңыздан өткен дүниені сағынасыз. Өткенде болса да, сол жақсы дүниені жиі еске аласыз. Бұл аптада жөндеу, үй шаруасымен айналысып, техникалық құрылғы сатып аласыз. Ер адамнан жаңалық күтілуде. Таңдау тұр. Өткенде болған оқиға еске түседі. Қонақтар келеді. 

Балықтар ешкімді шақырмай-ақ, өз әлеміне енеді. Сіз тәуелсіз, еркін адамсыз. Ешкімнен қолдау, көмек күтетін адам емессіз. Бірақ керек адам ылғи жаныңыздан табылады. Біліктілік жағынан сіз одақтас болуға дайынсыз, кез келген мәселені шешуге дайынсыз. Жұмысқа келгенде сізден артық адам жоқ. Бірақ сіздің өміріңізді, жақын қарым-қатынасты, сезіміңізді сынайтын адам бір сәтте сіздің қас дұшпаныңызға айналады. Туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз салқындауы мүмкін. Бірдемеге келіспей қаласыз. Дегенмен сіз денсаулыққа қатысты қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін күш саласыз. Дәрі-дәрмек қабылдайсыз. Үйіңізге аздап жөндеу жүргізесіз. Достарыңыздың біреуі сізге маңызды жаңалықтарды талқылауға келеді. 

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

ҰБТ: Психологиялық дайындық. Ата-анаға кеңес 

Үй салудың ең оңай үлгісі 

ҰБТ: Маңызды 5 ақпарат 

Миф: Арықтауға арналған 5 жалған ұсыныс 

Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.