{metadescription}
Таңқаларлық: Суға батып бара жатқан адамның біз білмейтін белгілері

Таңқаларлық: Суға батып бара жатқан адамның біз білмейтін белгілері

Суға батып бара жатқан адам айқайлап, қандай болсын дауыс шығарып, суды шалпылдатып, қолын сермейді деп қате ойлайды екнбіз. Мамандардың айтуынша, тап қасыңызда шомылып жүрген адамның үн-түнсіз суға қалай батып кеткенін білмей қаласыз. Ендеше, қасыңыздағы кісінің суға кетіп бара жатқанын қандай белгілерден байқауға болады? Ғылым докторы Франческо Пианың кеңесіне құлақ түрсек.  

 Ғылым докторы Франческо Пианың (Francesco A. Pia)  «Суға батушының сезікті әрекеті» (Instinctive Drowning Response) деп аталатын жұмысында бізге белгісіз дүние айтылған. Қолын ербеңдету, көмек сұрап айқайлау, суды шолпылдату деген мүлдем жоқ.

 15 жасқа дейінгі балалар арасында суға кету –  жол-көлік оқиғасынан кейін екінші орында тұр. Суға кеткен әр екінші бала ата-анасының немесе басқа шомылушылардан небәрі 20 метр қашықтықта ажал құшады. Кейде ересек адам тіпті баланың қалай суға батып бара жатқанын білмей, қарап тұрады екен. Доктор Пиа жағалау күзетінің On Scene журналына жазған мақаласында суға батушының мынадай сезік тудыратын реакцияларын атап өтті:

  1. Кейбір дауыс шығаратын сирек жағдайларды алып тастасақ, суға батып бара жатқан адам ешбір дыбыс шығара алмайды. Адамның тыныс алу жүйесі тыныс алуға арналған. Сөйлеу - оның қайталама функциясы. Сөйлеу (айқайлау)  үшін алдымен тыныс алу функциясын қалпына келтіру керек.
  2. Суға батып бара жатқан адамның ауызы кезекпен су астына, су үстінде болады. Оның су астында тыныс алып, ауа жұтып, айқайлауға мұршасы мұршасы жоқ, яғни көмек сұрауға шамасы жоқ. Су бетіне көтерілгенде ол тек жылдам тыныстап үлгеруге тырысады. Сосын қайта су астына кетеді.
  3. Ол өзіне назар аударып қолын құлаштап сермей алмайды. Себебі, жанталасып қолын екі жаққа созып, судан итерілуге күш салады. Сондай қимылдың арқасында ол су бетіне шығып, терең тыныстап ауа жұтуға мұршасы болады.
  4. Түйсігімен әрекет еткен адам қимылын қолымен басқара алмайды. Су бетіне ұмтылған адам қолымен дұрыс қимыл жасауға – қолын сермеуге, қолын бұлғаңдатуға, қасында суға шомылып жүрген адамға жақын  баруға, құтқарушыға белгі беруге мүлдем мұршасы болмайды.
  5. Басынан аяғына дейін түйсік реакциясы жұмыс істеп тұрғанда, суға батып бара жатқан адамның денесі тігінен тұрады –  аяғын қозғалтуға көмектесетін ешқандай мүмкіндігі болмайды. Егер құтқарушы оны судан шығарып алмаса, суға батып бара жатқан адам су бетінде 20-дан 60 секунд қана тұра алады. Сосын судың тұңғиығына кетеді.

Егер жағажайда болсаңыз, жалпы кез келген су қоймасының жағасында тұрсаңыз,  адамның суға батып бара жатқанын білдіретін мына белгілерге назар аударыңыз:

  • Басы суға малынып жатыр, ал аузы судың бетінде;
  • Басы артқа қарай қайырылған, аузы ашық күйде;
  • Көзі шыны тәрізді, селт етпейді;
  • Көзі жабық;
  • Маңдайы мен көзін шашы жауып тұр;
  • Суда тігінен тұр, аяғы мүлдем қозғалмайды;
  • Жиі және шала-шарпы дем алады, ауаны аузымен қамтиды;
  • Белгілі бір бағытта құр жүзуге тырысады;
  • Арқасына аударылуға тырысады;
  •  Арқан сатымен көтеріліп келе жатқандай көрінеді.

Сондықтан, суға секіріп кеткен адамда бәрі жақсы болып көрінсе де, назардан тыс қалдырмаңыз. Есіңізде болсын, суға бататын адам суға батып бара жатқан адамға ұқсамайды! Ол жай ғана суда тұрған адамдай немесе бір жерге қарап тұрғандай көрінуі мүмкін. «Бәрі дұрыс па?» деп сұрай салсаңыз, ештеңіңіз кетпейді. Кез келген сұрақ қойыңыз, дауыстап. Егер, кем дегенде бір жауап алсаңыз, онда қауіпті емес.Ал сұрағыңыз жауапсыз қалса, онда сізде оны құтқаруға небәрі жарты минут уақыт бар.

Ата-аналарға:

Суда шомылып жүрген бала әрдайым қандай да бір дыбыс шығарады. Егер ол дыбыссыз қалса, дереу судан алып шығыңыз.

Еліміздегі статистика. 

Таратыңыздар, бұны неғұрлым көп адам оқыса, соғұрлым адам ажалдан аман қалады. 

Материал заңгер Асхат Сатвалдиновтың фейсбук парақшасынан орысшадан аударылып алынды. 

Оқи отырыңыз: Қимыл тілі: Сәби ереше қимылымен нені айтқысы келеді 

ҰБТ: Психологиялық дайындық. Ата-анаға кеңес 

ПИК-сіз өмір: Не өзгереді?

Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде