{metadescription}
Қадір түні: Қандай амалдар жасаған дұрыс. Қандай дұға оқылады

Қадір түні: Қандай амалдар жасаған дұрыс. Қандай дұға оқылады

Бүгін мамыр айының 31-нен маусымның 1-не қараған түн –  Қадір түні. ҚМДБ қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алу керек екенін айтты. Бұл түн Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Ендеше Қадір түні қандай амалдар жасаған дұрыс және қандай дұға оқылады? 

Қадір сөзі араб тілінде "тағдыр" деген де мағынаны береді. Сондықтан ислам ғалымдары бұл тағдырлар жазылатын түн екенін, Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, өмірі мен өлімін, ризық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын, жаңбырдың жаууын тағы да басқа үкімдерді жазатындығын айтады. 

Қадір түні қандай амалдар жасаған дұрыс?

Бұл түні мейлінше құлшылықпен, ұйқысыз дұға жасап өткізген абзал. 

  • Ер кісілер мешітке барып, парыз намаздарды жамағатпен оқып, өзге сүннет, нәпіл, қаза намаздарын оқыған дұрыс.
  • Әйел кісілерге мешітке бару міндетті емес. Себебі, Алла елшісі: «Әйелдердің ең ізгілері – мешіті үйінің ішінде болғаны» деген.
  • Қадір түні Құранды көп оқып, біліп-білмей жасаған күналары мен қателіктері үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, дұға тілеу ең абзал амалдардың бірі. Сондай-ақ, бұл түнде садақа берген жөн. Себебі, «Садақа беріңдер. Садақа тозақтың отын сөндіреді» деген Алла елшісі. 


Қадір түнін Пайғамбарымыз Құран оқудан бастаған дейді. Қасиетті түні оқылатын дұға:

1. Ықлас сүресі.

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да,  туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

2. Қадыр сүресі.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қазақша мағынасы: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (Әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ. 

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ. 

Қазақша мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5. Астәғфируллуһ.

Қазақшасы: Алланың азабынан сақтасын.

6. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир. 

Айта кетейік, Қадір түнін мешітте өткізген  жөн. Неге? Себебі,  үйіңде  ұйқың келіп, қалғып кетуің мүмкін.  Ал мешітте  бәрі құлшылық жасап жүреді, ол жерде  уағыздар естіп отырасың.  Сонымен бірге  іште жүрген сұрақтарына жауап алуға болады.

Егер Қадір түнін мешітте немесе үйде  діни кітап оқып, діни фильмдер көрсеңіз, ол  – (Ғибадат (араб.: عبادة‎) – Исламда бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әртүрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген  Алла Тағаланың  әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау).

Қадір түні «Қыдыр ата келеді» деп дастарқан жайып, есіп-терезелерді ашып қойып, ыдыстарға су толтырудың керегі жоқ, – деп жазады діни сайттар. 

Қадір түні аспаннан түскен періштелер суға, тағы басқа нәрселерге мұқтаж емес. Ал Қадір түнімен Қыдыр ата екі басқа ұғымды білдіреді. Бұл екі ұғымды шатастырмауымыз керек.

Қыдыр ата мұсылман діні келмей тұрғандағы түсінік. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сондықтан осы түн – «Қыдыр түні». Ол әр үйге кіріп шығады деген түсінік бар. Сол себепті бұл күні есікті ашып қойып отырған. 

Ал Қадір түні – Алла Тағаланың қасиетті кітабы Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен күн. Мұсылмандар бұл түнді ұйқысыз өткізіп, он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы жалғыз Алладан тілек тілеген.

Ендеше бүгін күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылайық.  

Өз қателіктерімізді танып, кемшілігімізді жоюға күш салайық. Адамдармен достығымызды күшейтіп, бірлігіміз бен біртұтастығымызды арттырайық! 

Күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілейік! Алла Тағала біздің жасаған игі-тілектерімізді қабыл етсін!

Оқи отырыңыз: Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін? 

Қазақ жеміс-жидек жеген бе? 

Қасиетті өсімдіктің қадірін неге кетірдік? 

Киелі киім – қай киім? 

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.