{metadescription}
Жарыс қазан қай кезде асылады?

Жарыс қазан қай кезде асылады?

Бұрынғы кездері әйелді қалай босандырған? Дүние есігін ашқалы тұрған сәбиге дайындық қалай жүргізілген?  Жарыс қазан қашан асылған? Жарыс қазанның мән-мағынасы қандай? Жарыс қазанмен қатар қандай ас берілген?

Бар тапқанының ұзынын ұлының, қызылын қызының үстіне жапсырып, өзі қара итшекпенмен жүрсе де разы болатын біздің қазақ екі адамнан ешнәрсесін аяған емес. Басқаны былай қойып, құдайы қонақтың өзіне жалғыз қойын сойып береді. Мұндай жомарттық жер бетінде қазақта ғана бар. Бұл – бірі.

Екіншісі – әйел босанып бала тапқанда астындағы жалғыз атын жайратып,  баладан ешнәрсесін ірікпейді.  Босанған әйелдің қалжасына кемінде ісек қой сойып, оны әйеліне аққұла жегізеді. Май қуырдақ пен жас сорпаны қашан белі бекігенше аузынан үзбейді. Босанған әйел бойын жиып, терлеп-тепшіп, омырауына сүтін жиып болғанша көп қозғалмайды. Босанардың алдында толғақтың ұйқысына да жеріктің асына да көп көңіл бөледі.

Әйелдің толғағы жиілей бастағанда ауыл үйдің әйелдері үй ішіне қарала арқан кереді, оған босанғалы отырған әйелді мықтап ұстатып, өздері етектеріне сүрініп айналасында болады. Кемпірлер толғатып отырған әйелден барлық тәжірибелерін, көмегін аямайды.

Танымал қаламгер Ахмет Жүнісов көзі тірісінде  бұны былай түсіндірген: «Бибәтима пірлеріне мінажат етіп, жалынып медет сұрайды. Бір екі бала келсаппен босанғалы отырған әйелдің айналасын төпештеп, «түсті ме, түсті ме?» деп үйді басына көшіреді».

Қалған әйелдер дүние есігін ашқалы отырған баланың игілігіне деп сойылған малдың етінен жиылғандарға ет әзірлейді. Мұның аты – Жарыс қазан.

Жарыс қазан аталатыны: мұндайда ірку, мөлшерлеу, аяу деген болмау керек. Қазан неше жерден қайнап, ет неше жерде бір-бірімен жарыса асылып жатуы керек.

Сонымен іңгәләп бала жерге түсісімен сырттағы екі көзі төрт болып отырған әкеге, қалған туыстарға бір желаяқ бала жүгіріп барып сүйінші сұрайды.

«Жылқышы ма?», «Кестеші ме?» деп, ұл мен қыздың қайсысы екенін сұрайды. Сүйіншіні тез бере қоймаса, отырған бала біреулерінің тымағын, біреулерінің кимешек-шылауышын ала қашып, жалаң бас қалдырады. Олар тоқырайып отырғаннан ұялып, сүйіншіні тез береді.

Осы күні бір әйел нәрестеге кіндік шеше болады да, ол босанған әйелге қалжа әкеледі. Жарыс қазанның бір жағына оның да қазаны қайнап, сол күнгі күтімнің бір жағын, босанған әйелдің бабын сол көтереді. Алдыда болатын шілдехананың жүгіне де ол ортақ болуға міндетті. Мұның есесіне баланың әке-шешесі оның қалағанын береді.

Келесі мақаламызда шілдехана туралы, оның қалай өткізілетіні, кімдер жиналатыны және босанған әйелге қандай ас берілетіні жайлы айтамыз.

Оқи отырыңыз: Қимыл тілі: Сәби ереше қимылымен нені айтқысы келеді  

Қазақ жеміс-жидек жеген бе? 

Киелі киім – қай киім? 

Өлтірі деген не? 

Қазақ халқының ойын-сауығының мағынасын білесіз бе? 

Астық араласқан қазақ тағамдары 

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде