{metadescription}
Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Жаңа салық туралы не білеміз? Міндетті медициналық сақтандыру қорынан не пайда? Бірыңғай жинақтың төлемді бір  жылға алдын ала төлеуге бола ма? Оны қалай төлейді және көлемі қандай? Төленген қаржы қайда түседі? Жалпы, бұл салықты кімдер төлейді және БЖТ төлеушілердің жеке кәсіпкерлерден айырмашылығы бар ма? Аталмыш тақырыпқа қатысты қажетті мағлұматты білуге тиіссіз.

Биылдан бастап барлығымыз бірыңғай жинақтық төлем салығын төлейміз. Шағын ғана қаржымен өзін  жұмыспен қамтып жүрген азаматтар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса алады.

Міндетті медициналық сақтандыру қорынан маған пайда бола ма?

Сіз медициналық сақтандыру жүйесіне  қатысасыз. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген  көлемі аясында медициналық қызмет көрсетіледі. Ал МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) пакетіне кіретін медициналық қызметтің тізімі дайындалып жатыр.

Бір ыңғай жинақтық төлемді бір  жылға алдын ала төлеуге бола ма?

Алдын ала бір жылға  төлем жасай алмайсыз, дегенмен бір тоқсанға толық төлем жасауға болады. Ол заңда қарастырылған. Және де БЖТ салымшылары  өз еркімен төлем  жасап, өзі МӘМС қатысушы ретінде тіркелуге мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда бір  жылға алдын ала төлем жасауға болады.  Олар  айына 1 АЕК 5 пайызын немесе 2 125 теңге төлейді. Егер  12 айға көбейтсек, жылына 25 500 теңге шығады.

БЖТ қалай төлеу керек?

БЖТ қолма-қол ақшамен және электрондық түрде төлеуге болады:

- Терминалмен;
- Екінші деңгейлі банктер; 
- Қазпошта.

Бірыңғай жинақтық төлемнің көлемі қандай?

Қала тұрғындары үшін оның сомасы 1 АЕК аспайды, яғни 2 525 теңге. Ауылды жерлердегі тұрғындар  үшін 0,5 АЕК, немесе  1263 теңге.

Бұл салықты кім төлейді?

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Ол  жұмысшы жалдамай, өзі түрлі қызмет көрсетіп жүрген жеке тұлға болуы тиіс. Бұл топқа үй шаруасымен айналысып  отырған әйелдер, бала күтуші, отбасылық көлік жүргізуші, таксист, пәтерін жалға беретін  азаматтар, қосымша шаруашылық қожайындары кіреді. Нақтырақ айтсақ:

Мал бағып, егін мен бау-бақша егетіндер;

Базар мен пойыз төңірегінде сауда-саттық жасағандар;

Сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғалар (арба итергендер);

Фрилансерлер;

Үй қызметкерлері (бала бағушы);

Такси қызметін атқаратындар мен ірілі-ұсақты жекеменшік кәсіпкерлер де бұл қатарға кіреді.

БЖТ төлеушілер табысының шектік мөлшері қандай?

Жылдық  алғашқы  табысы  1175 АЕК аспауы керек. 2019 жылы ол  2 966 875 теңге болады. Егер пайда осы сомадан жоғары болса, азамат БЖТ төлеушілердің қатарына кірмейді.

Төленген қаржы қайда түседі?

Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына түседі де, үш күнде үш қорға бөлінеді: зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру. Азамат тіркелген жердегі салықтық органға  табыс салығы да аударылады.

Жиналған ақша БЖТ қатысушылар арасында қалай бөлінеді?

Қаржы пайыздық  үлес бойынша бөлінеді:

- 30%  зейнетақы қорына;
- 40% медсақтандыруға;
- 20% әлеуметтік сақтандыру қорына; 
- 10% табыс салығын төлеуге.

Медсақтандыру жүйесіне қатысқан уақыт  пен  жиналған қаржының  көлемі маңызды ма?

Жоқ. Өзге қорларға қарағанда, медициналық сақтандыру қоры жинақтаушы болып есептелмейді. Төленген БЖТ ақшасы  бір айға жарамды. Адам осы уақыт аралығында сақтандырылады. Қор үшін БЖТ 1 қаңтарда немесе 15 қаңтарда төленді ме,  айырмашылығы жоқ. Төлеуші сол айдың соңына дейін ғана сақтандырылады, яғни 30 қаңтарға дейін.

БЖТ төлеушілердің жеке кәсіпкерлерден  аайырмашлығы бар ма?

- Ең төменгі тариф. БЖТ бойынша  төленетін сома  жеке кәсіпкер немесе дербес салық төлеуші аударатын ақшадан  айтралықтай аз;

- Уақытты үнемдейсіз. Төлеушілер ақшаны бірнеше қорға бөліп,  уақыт жоғалтпайды,   олар үшін  мұның бәрін Мемлекеттік корпорация жасайды;

- Оңай және қарапайым төлем түрі;

- ЖК ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Декларация тапсыру, есепші жалдау керек емес, салық органы айыппұл салады  деп қауіптенбейсіз.

Оқи отырыңыз: Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Таңқаларлық: Суға батып бара жатқан адамның біз білмейтін белгілері 

ПИК-сіз өмір: Не өзгереді? 

Үй салудың ең оңай үлгісі 

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.