{metadescription}
Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат

Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат

Тез арада шетелге шығуға мүмкіндік туды делік. Жолдама ұтып алдыңыз, саяхатқа шығасыз, болмаса іс-сапарға барасыз. Ендеше бірінші кезекте не істеу керек? Қандай дайындық қажет? Қазақстандық туристер қай елдерге жиі саяхаттайды?

Төлқұжатыңыз жоқ

Төлқұжат шұғыл қажет болса. Төлқұжатты жылдамдатылған тәртіпте 1-7 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.

Төлқұжатыңыз бар

Онда ерінбей ішін ашып, төлқұжатыңыздың қолданылу мерзімін тексеріңіз. Есіңізде болсын, кейбір елдерге кіру үшін төлқұжаттың қолданылу мерзімінің бітуінен 6 ай бұрын ауыстырылуы керек.

Төлқұжатыңыз ескірді

Жаңа төлқұжатты бұрынғысының мерзімі аяқталуына бір ай қалғанда қайта рәсімдеуге болады. Қазақстан азаматтарына төлқұжат 15 жұмыс күні ішінде беріледі.

16 жасқа толмаған бала

16 жасқа толмаған балалардың АҚШ, Ұлыбритания, БАЭ, Италия, Испания, Франция, Чехия, Словения, Хорватия, Грекия, Венгрия, Польша, Германия, Швеция, Швейцария, Қытай, Оңтүстік Корея және басқа да мемлекеттерге кіруі үшін төлқұжаты болуы міндетті.

Тыйым

Төлқұжатқа баланың фотосуретін жапсыру құжат деп танылмайды.

Қазақстандық туристер қай елдерге жиі саяхаттайды

Жыл сайын сырт елге саяхаттап баратын қазақстандықтардың саны артып келеді. ҚР СІМ ақпаратынша, отандастарымыз Түркия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктеріне жиі сапарлайды екен. Одан кейін Германия, Таиланд және Мысыр елдеріне, ал соңғы тізімде Ресей, Қырғызстан және Чехия тұр.

Ақпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметінен алынды.

Оқи отырыңыз: Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

ПИК-сіз өмір: Не өзгереді? 

Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.