{metadescription}
Бесікті аластау. Иткөйлек

Бесікті аластау. Иткөйлек

Атам қазақ баласын бесікке қалай және қашан  бөлеген? Бесікті кім жасайды? Сәбиді алғаш рет бесікке кім салады? Бесікті қалай аластаған? Баланы бесіктен қашан шығарады? Ит көйлек деген қандай көйлек?

Баланы бесікке бөлегенде ата-анасының білуіне тиіс шағын мәліметпен таныса отырыңыз, артық етпес.

Биесі құлындап, сиыры бұзауласа құйрық асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай тұра ала ма?

Жиған-тергенін қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынын елең етпейді. Қайта аз болды, келгендер ренжіп кетті ме деп , кейбір кем-кемтігіне өзі кейиді.

Бесікті ісмер жасайды. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйелі салмайды. Бұған да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық.

Ал иткөйлек дегеніміз – сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып, жөрмелеп, іліп тігілген көйлегі. Кейде иткөйлекті денесіне батпасын, жұмсақ болсын деп көп жасаған адамның киімінің қалдығынана да тіккен. Етегін, шеттерін бүкпей, кеңінен, молынан үлкен етіп тігуі нәрестенің жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеуден туған. 

Баланың иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер түйеді де, бір иттің мойнына байлап жібереді. Оны ауыл балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады да, иткөйлекті иесіне қайта тапсырады. Бұл ғұрып "ит қуу" деп те аталады, мәні сәбидің пәле - жаласын қырық жаны бар хайуан - ит өзімен бірге алып кетеді деп сенген. Балаға иттің жүйрік, ақылы озық, алғыр қасиеттері дариды, сәби күшікше бауырын тез көтеріп, жаны берік, "итжанды" болады деп те ырымдайды. Қазақта "итжанды" деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін білдірген.

Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті “жеті қазынаның” бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге “баламыз көп болсын” деп, “қиындыққа берік болсын” деген ырым бар.

«Бұрынғы шаман дінінің отқа табынған салты бойынша әлгібесікке бөлеуге сайланған  бәйбіше темірді отқа қыздырып алдымен бесіктің арқалығын бірнеше жерден қариды. Мұнысы пәле-жаладан аулақ болсын дегені. Шаман дінінің сенімі бойынша, адамның өзі табынған оттан басқалардың қорықпайтын шамасы қайсы.  Оттың табы тұрған бесіктен жын-шайтан тұра қашпай ма?», - деп түсіндірген  танымал қаламгер, жазушы Ахмет Жүнісов.

Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын іледі, тұмар байлайды. 

Бала бесікте омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шашы алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, созылып еңбектей бастайды. Бұл кезде дөңбекшіп бесікке өзінің де жатқысы келмейді.

Бала бұл шамаға келген соң бесікті аса қадірлейтін қазақ келешек ұрпақ тезірек келсін, бұл бесікке енді солар жатсын деп іші-сыртын әдемілеп сүртіп, таза, әрі биік жерге қояды.

Бесікке баланы қырқынан шыққаннан соң салады. Оған дейін бала жөргекте болады. Өйткені оған иткөйлекті кигізу қиын.

Бесікке салынған күні қарын шашы алынып,  оған бір молда ат қояды. Атын  азанмен жұртқа естірте айтып, сонан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атың пәлен»,  деп айғайлап айтады.

Қазақтың бесікті құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немересі жатады кейді. Қазақтың туған жерді алтын бесік дейтіні де осыдан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады.

Соңғы кездері "баланы бесікке бөлеу зиян емес пе?" деген сауал жиі қойылып жүр. Бұның жауабын мына жерден оқыңыздар.  

Оқи отырыңызБаланы томаға-тұйық, сылбыр болып қалудан қазақ қалай сақтаған? 

Өлтірі деген не? 

Киелі киім – қай киім? 

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық 

Баласы жоқ қазақ не істеген? 

Басқа халықты кім білсін, біздің қазақта осылай 

ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.