{metadescription}
Жаз мезгілін офисте өткізетін адамдарға 6 кеңес

Жаз мезгілін офисте өткізетін адамдарға 6 кеңес

Жазда жұмыс үдерісі саябырсып, қарбалас шаруалар саны азаяды. Офистерде тыныштық орнайды. Бұл кезең - жеке және кәсіби тұрғыда даму үшін таптырмас уақыт.

Шет тілдерін үйрену 

Қазіргі таңда бұл жоғары бағаланатын қабілет. Жұмыста және саяхатта өз септігін тигізері сөзсіз. Егер арнайы курстар мен репетиторларға шығынданғыңыз келмесе, смартфоныңызға қарапайым қосымшалар мен бағдарламалар жүктеп, үйренсеңіз болады. 

Түрлі курстарға жазылу 

Жаз айларында олар жеңілдіктер, науқандар, бірнеше айлық бағдарлама бірер күнмен ғана шектелетін экспресс-курстар ұйымдастырады. Өз қалауыңызға орай сол курстарды оқып шықсаңыз болады. Күзде әріптестеріңіз демалыстағы қызықтарымен мақтанса, сіз жаңа біліміңізбен мақтана аласыз. 

Кітап оқу

Автобуста, метрода уақытыңызды кітап оқумен немесе аудиокітап тыңдаумен өткізіңіз. Таза ауада саябақта кітап оқу миды тыныштандырады. 

Офисті тазалау

Заттарды бір қағидамен орналастырыңыз. Артық, керек емес заттардан арылыңыз. Жұмыс үстеліңіз бен шкафыңызды жиналып қалған қағаз макулатурасынан босатыңыз. 

Жұмыстағы міндеттер аясын кеңейту

Басшылықтың алдында ынта білдіріп, демалысқа кеткен әріптесіңіздің орнына жұмысын жасаңыз. Бұл сізге білім мен тәжірибе, әрі қосымша табыс болмақ. 

Жоба ұсыну 

Қызметіңізге байланысты арнайы жобалар дайындап, басшылыққа ұсынсаңыз болады. Бірден жүзеге аспаса да, сәті келгенде бастығыңыз сіздің еңбегіңізді ескереді. 

"Қыстың қамын жазда ойла" демекші, осы кеңестерге құлақ түрсеңіз, "жаңа" жұмыс кезеңін сіз қосымша біліміңізбен, жаңа идеялармен, жоспарлармен қарсы аласыз. 

 

Оқи отырыңыз: Шетелге шықсаңыз, әр елдің визалық режимін ескеріңіз. 

Айыппұлдар мен берешектерді беруді ұмытпаңыз. 

Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея. 

Жұмысқа орналасудың 7 жолы. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде