{metadescription}
Қарапайым соус дайындап үйренейік

Қарапайым соус дайындап үйренейік

Күнделікті істеп жүрген тағамыңыздан жалықсаңыз, ерекше дәмі бар асқа тәбетіңіз ашылса, онда соус жасап үйреніңіз. Соустың бірнеше түрін әзірлеп тоңазытқышқа салып қойсаңыз, уақытыңыз жетпей жатқанда оның  көмекке келері сөзсіз. Соус тағамның дәмін де, түрін де өзгертіп, тағамдық құндылығын жоғарылатады.  

Шашлыққа арналған томат соусы

Томаттың қою шырыны - 1 л;

 Сарымсақтың 3 түйірі;

Жасыл пияз, кинза, ақжелкен - 3 - 4 тал;

2 тал райхон;

Дәмдеуіштер: кориандр мен зира 1 шай қасық;

Қызыл бұрыш, қант, тұз бір шымшымнан;

Томат шырынын тұздап, араластырамыз. Егер шырын мұздай суық болса, тұз баяу ериді. Көк шөптерді, сарымсақты ұсақтап турап шырынға қосамыз. Үстіне қызыл бұрышты, қантты қосып,жақсылап араластырамыз. 15-20 минуттай тұра тұрсын. Томат шырынының орнына әбден піскен қызанақты үккіштен өткізіп жасауға болады.

 

 

 

Жасыл соус

Ақжелкен (петрушка), шпинат, жасыл пияз, кресс-салат, аскөк (укроп) – барлығы  300 гр;

4 жұмыртқа;

250 гр қаймақ;

250 гр. йогурт;

1 ас қасық шарап сірке суы;

3 ас қасық зәйтүн майы;

Бұрыш, тұз дәміне қарай.

Жұмыртқаны пісіріп, суытып, ішіндегі сарысын алып үгітіп, зәйтүн майымен араластырамыз. Көк шөптерді жақсылап жуып, кептіріп, ұсақтап турап, бөлек ыдысқа салып, үстіне қаймақ пен йогурт құямыз. Оған тұз, бұрыш сеуіп, сірке суын құйып араластырамыз. Жасыл соусқа жаңағы жұмыртқаның сарысымен зәйтүн майын құйып араластырамыз. Жасыл соус дайын!

 

 

Лимон соусы

1 көлемі орташа лимон;

1 үлкен ақжелкен;

2 түйір сарымсақ;

4-5 ас қасық тоң май;

Тұз;

Лимонды (қабығы жұқа) мұқият жуып, қабығын үккіштен өткіземіз. Сосын лимонды екіге бөліп жартысынан шырынын сығып аламыз. Ақжелкеннің қатты сабақтарын алып тастаймыз. Сарымсақты тазалап ірі етіп турап, ақжелкеннің жапырақтарымен қосып ұсақтап тураймыз. Табаға тоң майды ерітіп,  манағы үккіштен өткізілген лимонның қабығын, сарымсақ пен ақжелкенді табадағы майға салып араластырып, оттан жылдам аламыз.Салқындаған соң үстіне лимон шырынын қосып, тұз себеміз. Соус дайын!

 

 

Бұрыштан жасалған соус

6 дана үлкен тәтті қызыл бұрыш;

1 дана үлкен қызыл чили ащы бұрышы;

1 шымшым бұршақ қара бұрыш;

1 шымшым үгітілген даршын;

Зәйтүн майы;

Қара бұрыш, тұз:

Бұрыштарға май жағып, пешке салып жұмсарғанша қыздырамыз. Оқтын-оқтын бұрыштарды аударыстырып тұрыңыз, күйіп кетпесін. Жұмсарған бұрыштарды поластик мөшекке салып, аузын мықтап жауып, 20 минутқа булануға қоямыз. Сосын бұрыштың ішіндегі тұқымдарын алып тастап (шырынын сақтап қою керек). Бұрыштарды блендерден өткізіп, шырынын қосып, қара бұрыш, кдаршын (корица), тұз, блендерге салып араластырамыз. Үстіне зәйтүн майын құямыз. Дайын соус қаймақ тәрізді қоймалжың болуы тиіс. Соустың бетін целлофанмен бүркеп, тоңазытқышқа 1 сағатқа қоямыз.

 

Қаймақтан жасалған соус

200 гр. майлы қаймақ;

1 бума кресс-салат;

2 ас қасық лимон шырыны;

1-3 ас қасық ақжелкек:

Тұз (қалауыңызша);

Кресс жапырақтарын іріктеп, қатты сабақтарын алып тастаймыз. Жапырақтарын жуып, сүлгінің үстінде құрғатамыз. Сосын ұсақтап турап, ыдысқа саламыз. Үстіне қаймақ пен лимон шырынын қосып араластырып, алжелкек (хрен) себеміз. Блендерден өткізуге болады. Біраз уақыттан соң соустың дәмі ащы болады. Тоңазытқышта екі күннен артық сақтауға болмайды. Дайын ақжелкек сатып алатын болсаңыз, онда ешқандай эмульгатор және т.б. қоспалар болмауы тиіс, әйтпесе ол соустың дәмін бұзып жібереді.

 

 

 

Оқи отырыңыз: Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер 

Жарыс қазан қай кезде асылады? 

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде