{metadescription}
Жазғы жеңіл салаттар

Жазғы жеңіл салаттар

Тек жазда ғана табиғат-анамыз бізбен бақшадан, бақтан жиналған тәтті-дәмді жеміс-жидегімен бөліседі. Ендеше аптап ыстықта су мен қажетті минералдардан арылып жатқан ағзамызды пайдалы  дәрумен, минералдармен қамтамасыз етейік. Бір қызығы, қолда бар көкөністен қандай салат жасау керектігі қапелімде еске түспей қалады. Сондықтан бірқатар жазғы жеңіл салаттың рецебін еске сақтап алыңыз. 

Жазда майлы, қорытылуы қиын ауыр тағамнан гөрі қоректік заттары мол жеңіл-желпі салат жеген әлдеқайда ұтымды. Салат дайындау әлдеқайда жеңіл болатындығын айтпағанда, жаңа піскен көкөніс салаттары әрқашан да дәмді әрі пайдалы. Тек өсімдік комбинациясын үйлестіріп, дәмін келтіре алсақ болды.

Жазғы салаттарды таңғы, түскі, кешкі асқа шексіз мөлшерде жеуге болады. Бұл жаз бойы артық алмағынан арылғысы келетіндерге де қатысты.

Бала кезімізден таныс жазғы салаттан бастайық.

Ең жеңіл жазғы салат

300 г шалғам (редиска),

4 пісірілген жұмыртқа,

100 г жасыл пияз,

30 г аскөк (укроп),

30 г ақжелкен (петрушка),

Қаймақ немесе майонез;

Піскен жұмыртқаны төртбұрыштап турап, шалғамды дөңгелектеп кесіп, пияз, аскөк, ақжелкенді ұсақтап турап, аздап тұз сеуіп араластырамыз да, үстіне қаймақ құямыз.

Түрлі-түсті қырыққабат қосып та тура осындай салат жасауға болады.

 

Түрлі түсті салат

400 г түрлі-түсті қырыққабат,

350 г шалғам,

1 лимон

50 г өсімдік майы,

40 г аскөк, ақжелкен мен жасыл пияз, қант, тұз, бұрыш.

Шалғамды тілімдеп тураймыз. Түрлі-түсті қырыққабаттың шоғырларын бөліп тұз салынған суға қайнатып, салқындатамыз. Содан кейін оны шалғаммен араластырамыз. Май,лимон шырыны, майдалап туралған пияз, қант, бұрыш және тұздан тұздық жасап, салатқа құйып, араластырамыз.

Қарапайым және сүйікті жұмыртқа мен жаңа қияр салаты. Бұл өте дәмді және егер сіз тырыссаңыз, қонақтар кенеттен сізге келсе, оны сәнді мерекелік салатқа айналдыра аласыз.

Сондай-ақ, қияр мен піскен жұмысртқадан да осындай салат жасауға болады.

Әдемі салат

300 г қияр,

3 пісірілген жұмыртқа,

1 ас қасық лимон шырыны,

3 ас қасық. қаймақ немесе майонез,

жасыл пияз, көк шөптер (аскөк, ақжелкен), тұз;

Қиярды жіңішкелеп белдеулеп кесеміз. Піскен жұмыртқанцың ағын да жіңішкелеп турап, сарысын және жасыл пиязды майдалап тураймыз. Араластырып, үстіне қаймақ пен лимон шырынын қосамыз. Егер майонез қолдансаңыз, лимон шырыны мен тұзды қоспайсыз. Салат дайын.  

 

 

Балғын салат

Бұл өте дәмді, сергітетін, тәтті және қышқыл салат. Қайнатылған ыстық картоппен бірге ет, балыққа қосымша ретінде, тіпті нанға да жағып жеуге болады.

1 жасыл шалғам,

1 қышқыл алма,

1 сәбіз,

1 қияр,

1 пияз,

1-2 ас қасық туралған ақжелкен,

1 ас қасық туралған жасыл пияз,

1 түйір сарымсақ,

1-2 ас қасық. хош иісті сірке суы,

1-2 ас қасық өсімдік майы,

дәміне қарай тұз, қант.

Көкөністерді аршып, жуып, ірі тесікті үккіштен өткізіп, пиязды жолақтап турап, хош иісті сірке суын құйып, қолыңызбен мыжып араластырып, біразға қойып қойыңыз. Жасылдарды, сарымсақты  ұсақтап турап, бәрін араластырып, дәміне қарай тұз, өсімдік майын қосып, қажет болған жағдайда дәміне қарай аздап қант қосыңыз.

Ең пайдалы балдыркөк (сельдерей) салаты

Балдыркөк дәрумендерге, минералдарға, қышқылға, ақуызға бай. Балдыркөк қартаю процесін бәсеңдетеді, ас қорытуға мықты әсер етеді, ағзаны токсиндерден тазарты, жүйке жүйесін тыныштандырады, сонымен қатар теріге жақсы әсер етеді. Ащы өсімдіктің пайдасымен қоса, одан жасалған салат та дәмді.

Балдыркөк қияр мен және жасыл шөптермен жақсы жүреді. Өз  бетіңізше тәжірибе жасап, балдыркөкті түрлі алаттарға қосып көріңіз, ол салаттардың дәмін мүлдем бұзбайды, керісінше,  пайдалы және дәмді етеді.  

150 г балдыркөк тамыры,

2 сәбіз,

1 жасыл, қышқыл алма,

3 ас қасық қаймақ,

1,5 ас қасық лимон шырыны, дәміне қарай тұз.

Балдыркөк тамырын аршып, алма, сәбізбен бірге ірі тесікті үккіштен өткізіңіз. Барлығын жақсылап араластырып, дәміне қарай қаймақ пен лимон шырынын, тұз қосыңыз. Пайдалы әрі дәмді салат дайын!

Шалғам мен аскөк қосылған жазғы салат

1 шалғам, аскөк,

ұнтақталған қара бұрыш,

өсімдік майы,

сәл сірке суы,

дәміне қарай тұз.

Шалғамды жақсылап жуып, өте жұқалап тураңыз. Тұз, бұрыш қосып, қолмен сөгін шығарып қаттырақ араластырыңыз. шін қолдарыңызбен біраз еске түсіріңіз. Сосын үстіне аскөк себіңіз. Салат сіңімді болу үшін 15-20 минут тұруы керек.

 

 

Жас қырыққабат салаты

Жалпы, қырыққабат – салмағын қадағалайтын кез келген адамның арманы. Оның құрамында көмірсулар мен майдың пайда болуына жол бермейтін тартон қышқылы бар. Ерте шыққан жас қырыққабаттан жасалған салаттың бәрі өте пайдалы.  

Ерте шыққан қырыққабаттың кішкентайлау 1 басы,

1 сәбіз,

балдыркөк (дәміне қарай),

1 қияр (немесе тәтті бұрыш),

2 түйір сарымсақ,

зәйтүн немесе өсімдік майы,

тұз.

Сәбізді ірі үккіштен өткізіп, аскөк, ақжелкенді ұсақтап тураймыз. Балдыркөк (сельдерей) қырыққабатқа өте ыңғайлы, қырыққабат салатына ны қорықпай қоса беруге болады. Сарымсақты айдалап турап, қияр немесе тәтті бұрыш қосамыз. Ол талғамыңызға қарай. Салатқа өсімдік майының бірнеше түрін қосқан жақсырақ, мысалы, зәйтүн және хош иісті күнбағыс майын. Күнжіт немесе зығыр майы мен лимон шырынын қоссаңыз тіпті қатып кетеді.

Бұл салаттың тағы бір нұсқасы: туралған қырыққабатқа қияр, қызанақ, тәтті бұрыш және көк: ақжелкен, аскөк, кинза қосыңыз. Егер сарымсақ қоссаңыз, лимон шырыны артық болады. Үстіне өсімдік майын құйыңыз.

«Денсаулық» салаты

¼ кішкентай жас қырыққабат,

Салат жапырақтары 1 байлам

1 қияр

1 алма

1 тәтті бұрыш

1 ірі  қызанақ

2 ас қасық. ұсақталған жаңғақ.

Тұздығы:

Қыша,

өсімдік майы,

ұнтақталған бұрыш,

тұз.

Көкөністерді жуып, ас сүлгімен суын сорғытып алыңыз. Бұрышты қақ ортасынан бөліп, сабағын және тұқымдарын алып тастап, өзін ши етіп тураңыз. Ірі үккіштен қияр мен алманы өткізіңіз. Қырыққабатты ұсақтап, тұзбен бірге қолыңызбен араластырыңыз. Үлкен салат жапырақтарын жұлып-жұлып салыңыз. Қызанақты ірілеп тураңыз. Дайындалған көкөністерді салат ыдысына салыңыз да, жақсылап араластырыңыз. Тұздығына лимонның бір тілімінен шырынды сығып, қыша, өсімдік майы, тұз және ұнтақталған бұрыш қосып, жақсылап араластырып, салатқа құйып, үстіне ұсақталған жаңғақ себіңіз.

Бұл салаттың дәмін ерекше етуге сарымсақ пен үгілген райхан гүлін қосуға болады.

Кәдіден (кабачок) жасалған тіскебасар-салат

1 орташа кәді,

2-3 түйір сарымсақ,

күнбағыс майы,

ақжелкен,

майонез,

дәміне қарай тұз.

Кәдіні қабығынан тазалап, кішкене төртбұрыштар турап, күнбағыс майына қуырамыз. Сосын салқындатып, сарымсақ салып, тұздап,  майонез құйып, ақжелкен қосыңыз.

Бұл салатта кәдінің орнына баклажан салуға болады. Сонда  мүлдем дайын тағам болып шығады, дәмі де өзгеше болмақ.

Дәмді, оңай және тез - бұл біздің жазғы мәзіріміздің ұраны!

Оқи отырыңыз: Дәмді қарбыз таңдап үйреніңіз 

Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер 

Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер 

Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.