{metadescription}
Жылжымайтын мүлік: Күзде пәтер бағасы қандай болады

Жылжымайтын мүлік: Күзде пәтер бағасы қандай болады

Күзде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлік нарығынан не күтеміз? Сауда қызатын шақ қашан? Пәтер бағасы қалай өзгереді? Жалға алуға сұраныс өсе ме? Қызған маусымда пәтер сатып алу керек пе, жоқ па? Бұл туралы риэлторлар мен тұрғын үй салушылар не дейді?

Марина Грушина, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

Алматыда, менің ойымша, баға тұрақты болады. Оны көтерудің немесе төмендетудің еш себебі жоқ, бұған түрткі болатындай  ештеме көрмейміз. Сұраныстың маусымдық төмендеуі әдетте шілдеде жазғы демалыс маусымына байланысты байқалады. Тамыз-қыркүйек – жылжымайтын мүлік саласында тұрақты айлар.

Тұрғын үй бағдарламаларының пайда болуымен сатып алушыларға үй сатып алу біршама жеңілдеді, бірақ бұл нарықтың едәуір тар бөлігі. Бағдарламалардың нарыққа айтарлықтай әсерін байқамаймын. Олар сұранысты арттырған жоқ, тек экономикалық сегментте үй салушыларға көмектесті.

Үй сатып алғысы келетіндер сатып ала беруіне болады. Ұсыныстардың көлемін қараңыз, бағаны төмендету туралы келіссөздер жүргізіңіз. Нарықта үй иелері белгілі бір жағдайларға байланысты үйдің бағасын түсіруге дайын ұсыныстар болады.
Жаз немесе қыс ортасында сұраныстың азаюын көргенде, үй сатып алу оның бағасына әсер етеді деп ойламаймын. Әрдайым саудаласуыңыз керек.

Жалға беру нарығында тамыз айында күздің басталуымен студенттердің келуіне байланысты ең үлкен сұраныс байқалады. Ұсыныстар онша көп емес (негізінен қаланың іскери бөлігінде, оқу орындары орналасқан аудандарда), сондықтан бағасы өсуде. Әдетте олар жалға алушылардың сұрауларына қарағанда 20-30% жоғары. Олардың қажеттіліктері мен күтуі көбінесе жылжымайтын мүліктің бағасы мен сапасының арақатынасына сәйкес келмейді.
 

Вячеслав Лазарев, инвестициялық құрылыс корпорациясының кеңесшісі:

Нұр Сұлтан қаласында тұрғын үй бағасының өсуі байқалады. Біздің зерттеулеріміз бойынша, соңғы тоғыз айда бастапқы нарықтағы баспана құны 3,5% өсті, оның ішінде «эконом» – ең өсіп келе жатқан сегмент 6% -дан астам өсті.

Ипотекалық несиелеу бағдарламалары сатып алу-сату мәмілесін жасауға оң әсер етті. Көбінесе ол «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ болды. Ипотекалық несиелердің жартысына жуығы аталмыш АҚ арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы да жақсы динамиканы көрсете бастады. Нұр-Сұлтанда 2500-ден астам мәміле жасалды. Бірақ, өкінішке қарай, талаптарға сәйкес келетін ұсыныстардың болмауы түрінде шектеуші фактор бар. Осы бағдарламаға үлестік құрылыс нысандары енгізілген жағдайда ипотека нарығында жаңа серпін болар еді.

Алдағы екі жылда елордадағы тұрғын үй жылжымайтын мүлік құнының жылына 5-7% шегінде одан әрі өсуін болжаймыз. Сатып алушыларға пәтерлерді, құжаттарды, құрылыс салушылардың беделіне негізделген нұсқаларды мұқият зерттеген кезде сатып алуды кейінге қалдырмауға кеңес беріледі. Өкінішке қарай, қазір Нұр-Сұлтанда салынып жатқан нысандардың жартысынан көбінде үлескерлерден қаражат жинауға ресми рұқсаты жоқ.
 

Дәурен Айткенов, тұрғын үй салушы компаниясының сарапшысы:

Күзде баспанаға деген сұраныстың артуының екі себебі - маусымдық және доллардың өсуі. Бұл факторлар адамдарды жылжымайтын мүлікке қаражат салуға итермелейді.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, жыл басымен салыстырғанда Нұр-Сұлтан қайталама нарығында баға 4,7% -ға төмендеді, бірақ күзгі-қысқы кезеңге қарай дайын тұрғын үйге сұраныс арта бастайды, бағаның өсуі артады. Бастапқы нарық сонымен қатар жанданады деп күтілуде, өйткені елордалық нарықтағы әртүрлі жылжымайтын мүліктің бірқатар дайын ойыншылары сатылымды тек қызған маусымда ашады.

Бірінші жарты жылдықта Қазақстан Республикасында тұрғын үй сату бойынша жасалған мәмілелер саны 144,3 мыңды құрады. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың саны 24% артты. Өткен жылы мәмілелер саны рекордтық деңгеймен аяқталған –  шамамен 264,5 мың. Бұл нарық тұтастай алғанда өзіне сенімді екенін білдіреді. Мұндай үрдіс биыл да жалғасын табады деп айтуға негіз бар. Екінші жартыжылдықта шамамен 185-190 мың мәміле жасалады деп күтіледі.

Айтпақшы, тұрғын үй бағдарламалары – бағаның өсуіне әсер ететін факторлардың бірі. Бұрын құрылыс иелері аяқталған пәтерлердің бағаларын қаржыландырусыз көтермейтін Бірақ, халық үшін ыңғайлы қаржы құралдары – «7-20-25», «Баспана Хит» және «Орда» дайын баспанаға сұранысты арттырады, сәйкесінше бұл бағның өсуіне ықпал етеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 7-20-25 бағдарламасы аясында 30 шілдедегі жағдай бойынша 108,4 млрд теңге сомасына 9442 өтінім мақұлданды.
 

Леонид Шегай, жылжымайтын мүлік агенттігі сату бөлімінің менеджері: 
Күзде тұрғын үйдің бағасы көтеріледі деп күтеміз. Бұл бастапқы және қайталама нарықтарға да қатысты. Мұның себебі әр түрлі: тұрғын үй бағдарламаларының әсері, банктердің ипотекалық несиелерді қарау және икемді техникалық жағдайларды қарастыру уақытын қысқартуы болуы мүмкін. Бұрын банктер 1969 жылдан ертерек салынған пәтерлерді несиеге кепіл ретінде қабылдаған, бірақ қазір 1961-1962 жылдар да қолайлы деп саналады.

Сондай-ақ, біз қайталама нарыққа баса назар аударып, сұраныстың артуын күтеміз. Мәмілелер санының серпіні ай сайынғы өсуді көрсетеді, сонымен бірге маусымдық факторды да ескерген жөн. Сұраныс өсуі бір, екі бөлмелі пәтерлер сегментінде байқалады.

Тұрғын үй бағдарламалары нарыққа әсер ететінін сөзсіз. Бұл құрылыс салушыдан пәтер бағасының өсуімен көрінеді. Сондай-ақ бағдарламалар қайталама нарығына да әсер етті. Пәтерлерді сатып алатын меншік иесі үйін кеңейту үшін негізінен жаңа ғимараттардағы ұсыныстарды қарастырады. Үй салушылардың қойған бағасының көтеріліп жатқанын ескере отырып, олар  пәтерлерін сату кезінде құнын арттыруға мәжбүр.

Инвестициялар тұрғысынан айтатын болсам, жылжымайтын мүлікті кез келген уақытта, жыл мезгіліне қарамастан сатып алуға кеңес беремін, өйткені кез келген жағдайда өсу үрдісі жалғасуда. Егер бүгін сатып алынбаса, ертең баға өседі. Бұл тұрғылықты жеріңіздегі тұрғын үйге де қатысты. Бастапқы және қайталама нарықтардағы бағаның өсу динамикасын ескерсек, күте тұрудың қажеті жоқ.

Жалпы, айтарлықтай түзету үшін әлі де іргелі факторлар жоқ. Алайда кішігірім оң динамиканың мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл ішінара теңгенің төмендеуімен және нарықтық реакцияның ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен бірге, үйін тезірек сатуға мүдделі сатушылар әлі де жеңілдік жасауға дайын.

Индекске сәйкес, Алматыдағы екінші деңгейлі тұрғын үйлердің орташа бағасы жыл басынан бері 2,8% өсіп, шілдеде бір шаршы метрге 384 000 теңгені құрады. Нұр-Сұлтанда құны 0,7 пайызға төмендеп, 330,340 теңгені құрады.

Krisha.kz сайтынан орысшадан аударып алынды.

Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау: Ерекше ескеретін нәрселер 

Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе? 

Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз? 

Несиелік рақымшылық: Кімнің қанша қарызын қашан жауып береді 
Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде