{metadescription}
26 тамыз – 1 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

26 тамыз – 1 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта мен үшін қалай болады, не тындырамын, не күтіп тұр, несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

26 тамыз – 1 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқты тұрмыстық шаруа мәселелерін шешу тұрғысынан өзінің жаңашылдығымен мақтана алады. Сіздің тапқырлығыңыз таңдандырады.  Тез әрекет ете отырып, тек әлеуметтік ғана емес, сонымен қатар бизнес саласында да жетістікке жетесіз. Пайдалы серіктестермен тиімді келісімдер, болашаққа сәтті ынтымақтастық болуы мүмкін. Жаңарту кәсіби салада болмақ. Жеңіс күтіп тұр. Қаржылық жағдай жақсарады. Барлық материалдық жетістіктер сіздің бұрынғы және қазіргі уақыттағы күш-жігеріңізге байланысты болмақ. Бір досыңызбен араларыңызда мүддеге қатысты қайшылықтар болуы мүмкін, онымен қош айтысып, қатынасты үзесіз. Дегенмен жұлдыздар жаңа таныстар табуға жақсы мүмкіндік барын ескертеді. Ер адамдар бұл аптада маңызды шешім қабылдау кезеңіне аяқ басады. Ханымдарға тағдырлы ұсыныс жасалынады. Ұтымды сатып алулар бар. Егде жастағы туысқаннан алған хабар үлкен мәнге ие болады.  

Торпақ кәсіпке қатысты байланыстардан көңілі қалуы мүмкін. Жұмысқа деген ынтасы азайып, шабыт алатын нәрсе қалмайды. Бұл аптада өзі қызығатын дүниені қайта қарау кезеңі деп түсіну керек. Бұл жағдайда көп сөйлесуге тура келеді, бірақ көбінесе өзін қызықтырмайтын адамдармен. Кезесулерге, жиналыстарға бару міндеттеледі. Маңызды құжаттарды рәсімдеу, құжат алу тұрғысынан жүгірістер болады. Жақсы жаңалық  алыстан келеді. Түріңізді жақсартуға, гардеробыңызды толықтыруға мүмкіндік болады. Әдемі заттар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлар мен жиһаз сатып алуға байланысты шығын болуы мүмкін. Салтанатты күннің арқамында бала мен ата-ана қатынасы жылиды. Бұл күндері достарыңыз бен әріптестеріңізден қысым көресіз. Бәрі сіздің еңбегіңізді жеке басының пайдасына шешкісі келеді. Ешкімге ақша бермеңіз. Жеке өмірде жаңа қарым-қатынасқа түспеңіз. Бірақ сапарға қорықпай шыға беруге болады.

Егіздер мамандық және іскерлік саласында мүддесін арттырады. Бұрыннан келе жатқан келісім аясында жаңа ынтымақтастық болуы мүмкін. Алда жаңа биіктіктер, алға қойған мақсаттар бар. Шешуші әрекетке деген талпыныс мен үлкен ықылас пайда болады. Өзгелердің алдында абыройды сақтау өте маңызды болмақ. Бәрін – киіміңіз қалай көрінетінін және сөздеріңіз қаншалықты сенімді болатындығын ескересіз. Үй, тұрмыс өзектілігімен ерекше болмақ. Зақымдалған құрылғыларды, ұсақ-түйек тұрмыстық заттарды жөндеу, қалпына келтіру күтілуде. Білікті маманмен қысқа мерзімді ынтымақтастық бар. Жаңа тәжірибе жинауға және бұрын ескермеген маңызды мәселелерді түсінуге қолайлы уақыт туды. Алыстан келген досқа қолдау көрсетуге тура келеді. Бірақ сізге демалып, денсаулықты қалпына келтіру қажет. Ақша және серіктеспен тығыз қарым-қатынас сізге қатты әсер етеді.  

Шаян алдыңғы әрекеттердің жақсы нәтижесін көреді. Сапалы нәтижеге қол жеткізетін кез келді. Көбісі марапатқа, сыйға ие болады. Көшу, өмір сүру және еңбек жағдайын жақсарту жолы ашылады. Сонымен қатар сіз міншіл боласыз, көңіліңізде мысқыл мен сын көрініс алады. Және сізге сыйлық жасау үшін көңіліңізден шығу, ұнау да оңай емес. Өткендегі оқиғалар күтпеген жерден қазіргі күннен көрініс табады. Бұрынғы әріптесіңіз, досыңыз немесе сыныптасыңыз сізбен хабарласады. Осы кезеңде тұрмыста айтарлықтай шығын болуы мүмкін. Бейтаныс серіктестермен сөйлесу, қызығушылық танытатын адамдармен келіссөздер жүргізу қажет болмақ. Қысқа мерзімді ынтымақтастыққа қатысты тиімді ұсыныс жоққа шығарылмайды. Осы аптадағы сапардың нақты мақсаты бар. Қаржы мәселесі ұшығуын жоғалтады. Әмияныңыз ақшаға толады. Жеке өмірде сіздің бастамаңыз әрқашан басымдыққа ие болады.

Арыстан өз қабілетіне деген сенімі аз. Өйткені бар уақытын, күш-жігерін  ұсақ-түйекке,  бос әурешілікке жұмсаған. Жұлдыздар ұзақ мерзімді  мақсат пен міндеттерге жетуді қолға алуды ұсынады. Бұл біліктілікті арттыру, кәсіби тәжірибе жинау үшін жақсы кезең. Жаңа білім түрлерін игеру перспективасы ашылады. Ақпарат алмасу өте маңызды болмақ. Жұмыста ерекше болып, оқшауланып, неғұрлым тәуелсіз боласыз. Көбісі сізге жақын болғысы келеді, сізге сеніп, қорған тапқысы келеді. Алайда, сіз өзіңізді күмәнді байланыстан аулақ ұстап, басқалардың идеяларына сенбейсіз. Қаржы мәселесін шешуде қиындықтар болуы мүмкін. Бұл іскерлік және отбасылық қатынаста да өзекті болмақ. Жанжал, наразылық, түсінбеушіліктер болады.  Бұдан жақын досыңызбен шыққан сапар ғана құтқарады. Жеке өмір қайтадан құпия сезім идеясымен толығады. Оны анықтау да қиын болады.

Бикеш басқалардың еркіне көнбей, өз бетімен жүруге тырысады. Бикештерге басқалардың өзіне баға беруі қажет, сіздің тағдырыңыздағы күрделі рөліңізді, барлық қиындықтарыңызды олар түсінуі керек. Егер біреу сізді кейбір мәселелерді шешуге аз күш жұмсады деп ойласа, онда мұндай адам көпшілік алдында масқара болып қуылады. Жұмыста айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады. Көбісі кәсіби жоспардың, сондай-ақ материалдың өсуін көреді. Сыйлық, жағымды тосынсыйлар мен жоспарланбаған сатып алулар орын алуы мүмкін. Өмір салтыңызда көп нәрсе өзгеруі мүмкін, әсіресе сыртқы келбетке байланысты. Дос деп атауға болмайтын бір адам сізге қатты ықпал етеді. Құпия әңгімелер, жанкешті  қолдау және жақсы кеңес берілуі мүмкін. Туысқандардан жағымды жаңалық  күтіледі. Жеке өмірде біраз тоқырау болады. Бірақ естен танатындай ештеме жоқ.

Таразы өз тапқырлығын көрсете біледі, білімін  дамыта алады. Және де ол әрдайым орнына, уақытына сай болмақ. Ортаңызда көреалмаушылық, өсек-аяқ айтылады. Бірақ сіз өз жоспарларыңызды бұзуға бағыттталған өзгелердің идесян бірден танып, ақ-қарасын ажырата аласыз. Конкурстарға, түрлі жарыстарға қатысуыңыз мүмкін. Көбісіне бұл жеке қызығушылық тудыратын мәселе болады. Шығармашыл Таразы үшін маңызды шешім қабылдауға бірнег жол ашылады. Жұлдыздар сізге қорықпаңыз деп кеңес береді. Сіз дұрыс жолдасыз. Көбісі жұмысын өзгерту туралы ойланады. Кәсіби қарым-қатынас мазаңызды кетіріп, сенімді азайтады. Бірақ осы кезеңде сізге ұзақ уақыт қарыз болған адамдар бастама көтеріп, қолдау көрсетеді. Егер жолға шықсаңыз, жеке өміріңіз жарқын болмақ.

Сарышаян басқалардың оның сөздері мен іс-әрекеттерін дұрыс қабылдамайтынын түсініп, таң қалады. Мүмкін сіздің ішкі талпынысыңыз басқаларға тым күрделі болуы мүмкін, сондықтан жақын адамдармен келіспеушілікке алып келеді. Бұл кезеңде үлкен компаниядан гөрі жеке өзіңмен- өзің болған жөн. Ішкі күш жинауға, өз басын ойлауға ыңғайлы кезең. Жоспарларыңызды қарап шығасыз. Мүмкін алдыңғы іскерлік қатынастарға негізделген жаңа ынтымақтастық болуы мүмкін. Қарсы  жынысты адамдармен серіктестік ең сәтті болмақ. Қаржы жағынан бұл тұрақтылық пен өсу кезеңі. Алайда шығындар үнемі өсіп отырады. Маңызды оқиғаға бару, жаңа адамдармен кездесу және қосымша іс-шараларды дамыту күтілуде. Шетелдік серіктестермен ынтымақтастық жоққа шығарылмайды. Жеке өмір қосымша ресурстарды қажет етеді. Тым көп шашылып жүрген жоқсыз ба? Оның орнына не аласыз?

Мерген бадамдар мен олардың ұстанымдарын терең түсінуге ұмтылмайды. Сізге басқалардың іс-әрекеттерінің нәтижелері мен сіздің жеке әрекеттеріңіз маңызды. Сіз кез келген нәрсені басқалардан гөрі көш ілгері істеп, жақсы нәтижеге қол жеткізе білесіз, бірақ өзіңіз шығармаған ережені сақтауға мәжбүрсіз. Осы кезеңде тағдыр сізді өзінің шын келбетін жасыратын амдармен жиі кездестіреді. Сондықтан алаяқтықтан, жалған құжаттан және шындыққа қайшы нәрседен сақ болу керек. Жұмысқа, мансаптық өсуге қатысты болса, басқа адамдардың уәдесіне сенбеуіңіз керек. Тұрақты  жұмысы бар және бәрін егжей-тегжейлі тексеретіндерді сәттілік күтуде.  Қысқа мерзімді оқыту аясында ынтымақтастық, тәлімгерлік, байланыс туралы ұсыныстар болуы мүмкін. Жалпы, бұл аптада жүріс-тұрыс көп болмақ. Ұзақ сапарға шығуыңыз мүмкін. Қаржы жағы жақсарады, өйткені сіз өзіңізге сенімді боласыз. Серігіңізге қызғанышпен қарайсыз.

Тауешкі жаймашуақ сәттілікте, жайбарақат. Қазіргі қалыптасқан жағдайда сіздің рөліңіз анағұрлым маңызды және дерлік қажет. Өзіңіздің әл-ауқатыңызбен және сыртқы тектілігіңізбен адамдарды баурап тартасыз. Кішігірім келеңсіздіктер бей-берекетіңізді қашырады: жас отбасы мүшелерінің еріксіздігі, орындалмаған уәделер, сізге қымбат адамдармен ынтымақтастықтың болмауы. Туыстарыңызбен қарым-қатынаста көп құпия бар. Ұстанымы сізге сәйкес келмейтін адамдарды түсіну қиын болмақ. Сондықтан өзіңіз сыйламайтын, жақтырмайтын, ұнатпайтын адамдармен бірге жұмыс істеуге тура келеді. Кәсіби тұрғыдан біртіндеп өз дағдыларыңызды жетілдіресіз. Үлкен болашаққа бағытталғансыз. Орасан жоспарларыңыз бар. Алайда бүгінгі күнді естен шығармаңыз. бүгінгі күн туралы ұмытпау керек. Сүйікті адамыңызға шынайы боласыз. Бірақ ол мазаңызды алады. Қаржы жағын уайымдамаңыз.

Суқұйғыш сөз бен уәделерге сенбейді. Сіздің алғырлығыңыз кез келген өтірікті танып, алдын ала болжай алады. Қауіп мынада: сіз үнемі ішкі күйзелісті сезінесіз, ал бұл денсаулыққа әсер етеді. Бұл кезеңді денсаулықты қалпына келтіруге арнап, пайдалы шаралар жасаған дұрыс. Артық салмақтан арылатын кез.  Профилактикалық процедураларды ұмытпаңыз. Жұмыста бұрын күш салған дүниелер өзгеріске ұшырайды. Белгілі серіктестермен тиімді ынтымақтастық күтілуде. Қаржы аспектісі жақсарады. Бірақ дәл осы күндері ақша беру мен алуда алдап соғу күшейе түседі. Әсіресе ешкімге қарыз бермеңіз. Туыстарыңызбен қарым-қатынасты жақындауға тырысасыз. Күш-жігеріңіз бекер болмайды. Жеке өмір маңызды ойлауды қажет етеді. Болып жатқан өзгерістерден еш нәтиже шықпайтын тәрізді. Жаңа перспективалар ашылады, оны тіпті күткен жоқсыз.

Балық нақты істі шешуге жұмсалған күш-жігерін жалғастырады. Өзіне жарқын көрінетін өмір бағдарламасына назар аударады. Осы кезеңде қарым-қатынаста жоғары талғамды боласыз. Ұзақ уақыт бойы дайындалған сапарыңызды кейінге қалдыруыңыз мүмкін. Алыстан жақсы жаңалық келеді. Досыңыз немесе туысыңыз  күтпеген сыйлық береді. Алайда, жоспарланған сипаттағы ірі сатып алу күтілуде. Жұмыста анықтық пен дәйектілік маңызды болады. Бірақ өз міндеттеріңізді біреудің мойнына іле салу сізге оңай, сөйте тұра бар жұмысты өзіңіз атқарғандай түсінік қалыптастырасыз. Жақсы ақша таба аласыз. Сонымен қатар, жоғалған деп саналған ақша қайтарылуы мүмкін. Осы кезеңде сізқиялшыл боласыз. Балалар мен жануарларға ерекше сезімталдық бар. Алайда, жасы үлкен отбасы мүшесімен жанжал туындауы мүмкін. Жеке өміріңізде негізгі орынды қал-ахуалыңызға бересіз. Махаббат туралы ойлауға мұрша болмайды.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Қарапайым-Ханшайым: Мен енді басқа адаммын, өзімді таппай адасып жүрген қыз емеспін 

 Сымбат Ғалымбекұлы: Қуыршақтай кәріс жігіттерін көріп біртүрлі болдым 

Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Жаз мезгілін офисте өткізетін адамдарға 6 кеңес 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.