{metadescription}
Келін түсіру. Беташар

Келін түсіру. Беташар

Баяғыда қазақтар келінді қалай түсірген? Нені көргенсіздік деп санаған? Келіннің төсегін қай жерге салған? Келінді қалай қарсы алған? Келіннің артынан қандай сөз ерген? Шымылдықтың ішіне қалай кірген? Қазақ халқы қызын ұзатқанда несін аямаған?

«Келінді келген жеріне баса көктетіп әкелу қазақта – көргенсіздік», - деп жазған танымал қаламгер Ахмет Жүнісов.  Сондықтан оны ауылдан ауаша жерге түсіріп, жаяу әкеледі. Үлкен ақ бөрте салынып, төрт бұрышынан төрт келіншек кере ұстап орталарына келінді алады. Айналасында көптеген қыз-келіншек болады. Келіннің ең етене, тете бір қайнысы ат мініп ауылға бұрын барады. Ол бұрын өлтірі апарған қайнысы болса тіпті жақсы.

Келін келісімен шашу шашылады.

Келіннің төсегі үлкен үйдің сол жағына салынып, шымылдығы құрылады. Егер өзі отауымен келсе, төсек сонда салынады.

Қашан беташар кәдесі ашылмай, келінді ешкім көре алмайды. Келін де ешкімнің бетіне тіке қарамайды. Қазақ қызына тән ұяыңдықпен, әдептілікпен еңкейген басын көтермеуге тиіс. Егер өйтпесе «Тастан қашқан қояндай тым тасыраңдап тұр екен, әй, кім білсін...» деп, қайындары қолма-қол, сан-саққа жүгіртеді. Үлкендер де ұнатпайды. Өйткені жас түскен келіннің өн бойынан әлі де балалыққа тән қасиеттер байқалып тұруға тиіс.

Қазақ қызын ұзатқанда үйіндегі өңі бүтінді аямайды. Мұны еркектер жағы елемегенімен, әйелдер басқа ұрып тұрып сынап, жоғын бір-бірден болса да береді.

Беташар

Беташар айтылмай келіннің табалдырық аттауына болмайды.

Алдын ала дайындалған бір ақын келіннің келген жеріндегі ата-ене, қайнаға-қайын, абысын-ажын, жақын-жуықтардың аты-жөнін, лауазымын, атақ-абыройын, мінезін, ерекшелігін жіпке тізгендей біліп алады.

Сонан соң шетінен сыдыртып тұрып таныстыра бастайды. Әр адамның аты аталған сайын келін иіліп тұрып сәлем береді.

Шымылдықтың ішіне осыдан соң кіреді.

Бүйтіп сәлем беруден келін шаңыраққа қашан толық мүше болып өткенге дейін құтылмайды.

Келін алғаш табалдырық аттағанда алдымен кірді ғой, ал мұнан кейін шыққанда ұдайы алдын төрге қаратып артымен шығады.

Қазақ қызды аса аялаған, күткен халық. Күздің күн шуағына ағарсын деп қызды, көктемнің күн шуағына тотықсын деп келінді шығаруында да мән бар. Қыздың шешесі қызы кәмелетке келісімен оны көлденең өткен көк аттыдан қызғанады. Қойдың күзетіне, алтыбақанға, бастанға жіберуді азайтады. Жіберсе де, артында күзетшісі болады. Аз күндік қонағым деп ауыр жұмысын азайтқан...

 Оқи отырыңыз: Неке суы. Неке түні 

Қызбен танысу. Қыз ұзату мен оның кәделері - I бөлім 

Қыз ұзату мен оның кәделері – II бөлім 

Тұсаукесер: Баланың аяғына не себепті ала жіп байланады? 

Бесікті аластау. Иткөйлек 

Шілдехана: нәрестенің мойны, әйелдің белі тез бекісін десеңіз... 

Жарыс қазан қай кезде асылады? 

Қазақ жеміс-жидек жеген бе? 

Киелі киім – қай киім?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.