{metadescription}
Ерте алжымаудың алдын алайық. Есте сақтау қабілетіңіз қандай?

Ерте алжымаудың алдын алайық. Есте сақтау қабілетіңіз қандай?

Елімізде Альцгеймер ауруына қаншалықты көңіл бөлінген? Альцгеймер ауруын біз көп уақыт алжумен шатастырып келдік. «Кәріліктен алжыды» деп өзімізді алдадық. Ал шын мәнісінде алжу процесі 40-тан аса бастағанда білдірмей дами бастайды. «Ұмытшақ болып кетіппін» деп өзімізді жұбатпайық. Еске сақтау қабілетімізді қазірден бастап қолға алайық. Ендеше психотерапевт және невроздар мен Альцгеймер ауруын емдеу клиникасының жетекшісі Жібек Жолдасованың ақыл-кеңесіне құлақ түрсек.

Дүниежүзілік Альцгеймер ауруы қауымдастығының арманы – әлемді осы аурудан құтқару.

Көптеген фармакологиялық компаниялар дәрі іздеуден бас тартты, өйткені оған көп қаражат кетеді. Ал қалғаны клиникалық зерттеулерді әлі де жүргізіп келеді.

Қазақстанда Альцгеймердің дәрі-дәрмектерінің бәрі бар. Ол бүкіл әлемде қолданыста және аурудың жағдайын біршама жақсартады.

«Менен былай деп жиі сұрайды: «Альцгеймер жазылмайтын ауру болса, оны емдеудің қажеті қанша?». Оларға былай деп жауап беремін: біздің елде емі қиын аурулар көп, мысалы, диабет, гипертония, эпилепсия, шашыраңқы склероз, артриттар-артроздар және т.б. Дегенмен ауруды емдеуге болады, сөйтіп өміріңді едәуір жеңілдетесің.  

Альцгеймер науқастарын қабылдаған кезде оның туыстарына әлеуметтік және заңгерлік мәселені айтып талқылаймын.

Дәрігерлер арасында мына мәселені жиі көтеремін: «Жасы келген Альцгеймер ауруы бар науқастар арасында мүгедектікті рәсімдеу неге соншалықты қиын? Оны неге міндетті түрде тек психиатр арқылы жасау керек?». Альцгеймер ауруының диагнозын невропатологтар да қоя алады.  

Аурудың айрықша кезеңінде адам үйде жалғыз қала алмайтын күйге түседі. Әдетте оның жақын туысы науқасқа қарау үшін жұмысынан шығуға мәжбүр болады. Демек, күтуші адам жұмыс өтілін жоғалтады, ал науқасқа 1-ші мүгедектік топ берілген. 1-ші топтағы мүгедектікті рәсімдеген кезде науқасты күтуші адамның жұмыс өтілі сақталады.

Тағы бір маңызды нәрсе: Жасы келген науқастың дүние-мүлкі алаяқтардың қолына өтіп кетпес үшін Альцгеймер науқасын қамқорға алуды, қамқоршы болуды рәсімдеу керек.
Деменциясы (кем, ақыл-есінің кемдігі) бар қария алаяқтарға қомақты  ақшасын бере салды деген оқиғаны жиі естимін. Миллиондаған сомасын алаяқтың қолына ұстатып, жәр-пәтер-көлігінен бір сәтте айырылып қалады.  

Егер зейнетақысын өзі алмай, кәртішкесін балаларына берсе, ойлану керек, неге олай істеді? Демек банкомат тілін білмейді немесе ақша санай алмайды, болмаса, ақшасын, картішкесін банкоматқа ұмытып кетеді. Ал бұл дегеніміз – мидың нашар жұмыс істегенінің белгісі. Бәріміздің ғұмырымыз ұзақ, сапалы болғанын қалаймын. Бета-амилоидтың миымызда 40 жастан бастап жинала бастайтынын ескерсек, онда денсаулығымызды ертеден бастап күтіп үйренейік. Ұмытшақтыққа жеткізбейік. Өйткені ми оны кешірмейді.

Деменцияның (есте сақтау қабілеті, назар аудару және ойлаудың біртіндеп төмендеуі) тағы бір жиі кездесетін белгілерінің бірі – айналаңдағы адамдардың бәрі таныс болып көрінеді. Мысалы, маған алғаш келген қария адам босағадан аттай сала:  - Қалыңыз қалай? Көрмегелі көп болды, - дейді. Бұл естің нашарлауы, ұмытқан жерді осылайша оқиғалар мен ойдан шығарылған адамдармен толтырады.

Биыл деменцияның пайда болуына салауатты өмір салты (СӨС) факторларының әсері туралы мәліметтер жарияланды. Сонымен, егер адам СӨС-ның 4-5 факторын ұстанса, деменцияға шалдығу қаупі СӨС-ын  ұстанбайтындарға немесе бір факторды ұстанатындарға қарағанда 60% төмен.

Еске сақтауды нашарлататын кейбір жағдайларды оңай түзетуге болады:

- дәрумендердің жетіспеушілігі

- гипотиреоз - қалқанша безі гормондарының жетіспеушілігі

- ұйқының бұзылуы

- депрессия

- алкоголь мен есірткінің әсері

- созылмалы интоксикация - жұмыста зиянды заттармен байланыс және т.б.

- эмоциялық сарқылу синдромы

- невроздар

- қан қысымының төмендеуі

- гемоглобин аз болған кездегі анемия

- тәулігіне сұйықтықтың аз мөлшері – 1,5 литрден аз су ішу және басқалары.

Егер осы факторларды жойса, еске сақтау толық қалпына келеді. Бұл әлі деменция емес.

Деменция процесі көзге ұрып тұрса немесе ауыр дәрежеде болса, пациенттерде делирия (иллюзия, шынайы галлюцинация, бағдарлау бұзылыстары жедел психомоторлы қозумен көрінетін сананың қарауытуы)  жағдайы пайда болады. Бұл кішкентай жануарлардың немесе заттардың галлюцинациясы - тарақандар, тышқандар, өрмекшілер, қоқыстар. Бұндай галлюцинациялар мидың жетіспеушілігінің артуын көрсетеді. Ми өз қызметін жоғалтып, көмек сұрағаны деп біліңіз.  

Альцгеймер ауруынан немесе басқа деменциядан қалау қорғануға болады?

1. Ұйқы - үздіксіз, күніне 7-8 сағат ұйықтау миды қалпына келтіріп, жаңа жүйке жасушаларының пайда болуына ықпал етеді.

2. Фитнес. Көптеген зерттеулер аэробты жаттығудың емдік әсерін көрсетеді, соның ішінде:

• танымдық қызметті жетілдіру;

• егде жастағы адамның миының атрофиясын азайту;

• дүниенің берекесін жақсы сезіну;

депрессияны төмендету;

• энергия деңгейін жоғарылату;

3. әлеуметтік белсенділік. Өмір сүру ұзақтығы ең жоғары және ұзақ өмір сүретіндердің тобында мына көрсеткіштер анықталды:

• мақсатыңа ұмтылу;

• күнделікті күйзелісті азайту тәжірибесі;

• үлкен қауымдастықтың мүшесі болу;

отбасын құру - бірінші кезектегі міндет;

• салауатты мінез-құлықты қолдайтын қоғамдық үйірменің мүшесі болу;

4. Стресті азайтуға арналған тәжірибелер - психологтар, медитация, рухани практика, кеңінен түсіну және т.б.
5. Тамақтану. Дұрыс тамақтанудың жалпы компоненттеріне тұтас дәндер, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, балық, жаңғақ және қанықпаған майлар (омега-3 май қышқылдары кіреді) кіреді. Құлпынай, көкжидек және қарақатта миды қорғайтын антиоксидантты және қабынуға қарсы қасиеттері бар антоциан (полифенолдардың бір түрі) бар.

6. Күніне 2 литр немесе одан көп су ішу.
7. Психикалық белсенді заттарды - алкоголь, есірткі және т.б. пайдалануды барынша азайту.

8. Күн сайын жаңа ақпарат білу. Гитарада ойнау, көлік жүргізу, тіл үйрену туралы тың нәрсені алғаш қалай меңгергеніңіз туралы ойлану. Біріншіден, кез келген жаңа әрекетті игеруге көңіл қойып, ниет білдіріп, оны қайталауға тәжірибе қажет. Сайып келгенде, ол екінші болмысыңа айналады.

9. Бүткіл денеңді қимылдату.
Миыңыз жаңа сынақтарға қаншалықты көп бет бұрса және бұл міндеттер соғұрлым күрделі болса, сіздің миыңыз соғұрлым сау болады. Би және йога қимылдары көбіне дененің екі жақты бұлшықеттерін қамтиды – бұл әрекет мидың жұмыс істеуін жақсартады. Жерге отыра қалып кішкентай бала сияқты екбеттеп алға-артқа қарай жүрген басында қиын болғанымен, ол өте пайдалы. Еңпеттеп артқа жүру мида жаңа нейрондар пайда болып, ол жаңа тәсілмен симметриялы тізбектерге қосылады.

Сонымен.

Біздің миымыз - мінез-құлқымызға, қоршаған ортаға, күйзеліске, антистресске, тамақ ішуге, ұйқының тиімділігіне, әлеуметтік келісімге, медициналық жағдайларға, түрлі затты тұтынуға және біздің бақылауымыздан тыс көптеген факторларға жауап ретінде үнемі қайта құрылатын күрделі орган.

Естеріңізде болсын! Әр күннің әр сәтінде біз миымыздың денсаулығына әсер ететін таңдау жасаймыз. Біздің міндетіміз - миға ықпал ететін таңдауды кеңейту.
Енді еске сақтау қабілетімізді тексеретін мына жаттығуды жасап көріңіз.

4 қатар сурет. Бірінші қатардағы суреттерді бір минут ішінде еске сақтауға тырысыңыз. Сосын 20-25 минут оны еске түсіріп, оң қолыңызбен сол суретті қайталап басқа қағазға салыңыз.

Содан екінші қатардағы суретті еске сақтап, 20-25 минуттан кейін сол қолыңызбен суретін саласыз.

Қалған екі жолдарын да солай қайталаңыз. Қанша суретті тура елтіріп салдыңыз? (еске сақтағаннан соң 20-25 минут ішінде бірдемемен айналысыңыз. Мысалы, шаруамен айналысыңыз). Осы 20-25 минутқа таймер орнатуды ұмытпаңыз. Күүніне бір рет осы әдіспен айналысуға 30-40 минут жеткілікті. 

Оқи отырыңыз: Өзіңді тексер: Альцгеймер ауруына тестілеу 

Тест: Қатты күйзелісте жүрсіз бе?

Тест: Сізді не мазалап жүр? 

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде