{metadescription}
Баспана бағасында қандай өзгеріс бар

Баспана бағасында қандай өзгеріс бар

2019 жылдың қыркүйегінде тұрғын бағасында өзгеріс болды ма? Қай өңірде үй бағасы өсті, қайсында арзандады? Үйдің бағасы неге өседі, үйдің қымбаттауына не әсер етеді? Жалпы, Қазақстанда тұрғын үй баға рейтингісін қай қала бастап тұр? Басқа аймақтардағы тұрғын үйдің шаршы метрі қанша тұрады?  

Енді 2019 жылдың III тоқсанын адсақ, онда Қазақстанның көптеген аймақтарының тұрғын үй нарығында оң динамика байқалды. Ұсыныстардың орташа бағасы зерттелген 17 қаланың 14-інде өсті.

Ең үлкен өзгерістер Тараз (+ 7,2%), Талдықорған (+ 6,1%), Өскемен (+ 4,7%), Петропавл (+ 4,3%) және Оралда (+ 4%) болды. Бағаның орташа өсуі Семей (+ 3,3%), Шымкент (+ 2,7%), Қостанай (+ 2%), Алматы, Павлодар және Көкшетауда (+ 1,9%) байқалды. Қарағанды, Қызылорда және Нұр-Сұлтанда динамика нөлге жақын.

 

II тоқсанмен салыстырғанда индекстің төмендеуі үш қалада тіркелді: Ақтөбеде (-0,2%), Ақтауда (-0,4%) және Атырауда (-2,6%).

 

Орташа алғанда, ағымдағы жылдың III тоқсанында Қазақстан қалаларында тұрғын үй бағасы 2% -ға өсті.

Ал қыркүйек айына келсек, жалпы өткен айда тұрақты болғанымен, бірқатар өңірлерде тұрақты  оң динамика байқалды.

Орташа бағаның өсуінде Талдықорған алда тұр, онда индекс 2,3% өсті. Өткен айда шаршы метрдің нақты бағасы 193 475 теңгені құрады. Өскеменде оң динамика 2% деңгейінде байқалды. Сатушылар шаршы метрді орташа есеппен 199 800 теңгеге бағалады. Петропавлда индекс 1,9% қосып, 219 600 теңге / шаршы метрді құрады. Шымкентте бір шаршы метрдің орташа бағасы - 238 175 теңге. Бір айдағы өсім - 1,8%. Семейде шаршы метр 1,2 пайызға, Қарағанды мен Көкшетауда 1,1 пайызға қымбаттады. Бұл қалалардағы нақты көрсеткіштер, сәйкесінше,  177 725, 209 325 және 203 925 тг / шаршы метрді құрады. Тараз бен Қостанайда баға аздап өзгеріп, 162,175 және 204,250 теңге / шаршы метрге тең. Бұл қалаларда оң динамика 0,6 және 0,5% -бен шектелді.

Оралда баға онша өзгермеді. Көрсеткіш - 194 425 тг / шаршы. м, бұл тамыз айымен салыстырғанда 0,1% артық.

Алматыда ұсынған баға өзгерген жоқ. Ол өткен аймен салыстырғанда 0,1% аз болды. Қыркүйек айында шаршы метрі 389 000 теңгеден сатылды. Қызылорда (-0,2%) және Атырау (-0,3%) қалаларынын серпіні төмен. Бір шаршы метр құны, сәйкесінше 135 950 және 250 500. Нұр Сұлтанда индекс 0,7% -ға 331,875 тг / шаршы метрге төмендеді. Қыркүйек айында ең көп төмендеу Ақтау (-0,9%) және Павлодар (-1,2%) қалаларында байқалды. Тұрғын үй шаршы метрі 198,725 және 182,725 теңгеге ұсынылды.

 

Тұтастай алғанда, Қазақстанда оң динамика басым. Жалпы көрсеткіш 0,5% өсті.

 

2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,8% өсім байқалды. Ең көп дәрежеде - Петропавлда (+ 11,5%), Өскеменде (+ 10,2%), Талдықорғанда (+ 8,6%) және Шымкентте (+ 7,9%).

 

Сарапшылардың пікірінше, басқа жағдайларды ескерсек, жақын болашақта нарықта айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Сонымен бірге валюта бағамының өзгеруіне байланысты өзгеру мүмкіндігі сақталады.  Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда қайталама нарық долларсызданса да, оған тәуелділік әлі де сақталады.

РЕЙТИНГ (бағасы)

Қазақстанда,ы баспанасы ең қымбат 5 қаланы атасақ:

  • Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ең қымбат баспана тізімін Алматы бастап тұр. Шамамен, 40 шаршы метрлі кәдімгі пәтер қазіргі баға деңгейінде 15,6 миллионнан астам теңгені құрайды.
  • Екінші орында – Нұр-Сұлтан. Мұнда сондай кәдімгі баспана орташа есеппен 13,3 миллион теңге.
  • Үшінші сатыда - Атырау (10 млн. теңге).
  • Төртінші - Шымкент (9,5 млн. теңге).
  • Бестікті Петропавл аяқтайды (8,8 млн. теңге).

Төмен бағалар Павлодар (7,3 млн. теңге), Семей (7,1 млн. теңге), Тараз (6,5 млн. теңге), Ақтөбе (5,9 млн. теңге) және Қызылорда (5,4 млн. теңге) қалаларында байқалады.

Krisha.kz сайтынан алынды.

Оқи отырыңыз: Жылжымайтын мүлік: Күзде пәтер бағасы қандай болады 

Жылжымайтын мүлік: Күзде пәтер бағасы қандай болады 

Үлескерлерге анықтама-ақпарат. Алаяққа алданбау үшін нені білу керек 

Жалға алған үйге кірмес бұрын не істеу керек 
Алматыда қай жерден үйді жалға алу арзан? 

Пәтеріңізді жылдам сатқыңыз келсе... 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде