{metadescription}
Риелтордың алаяқ екенін қалай білуге болады?

Риелтордың алаяқ екенін қалай білуге болады?

Алаяқ риелтордың құрбаны болғандардың саны өсіп барады. Риелтор таңдағанда сан соғып қалмау үшін нені білу керек? Клиент пен риелтордың арасындағы қарым-қатынастың барлық жағымсыз жағын саралай келе, алақол, жауапсыз риелторға тән мынадай белгілерді анықтадық.  

1. Жарнамасы шындыққа жанаспаса

Яғни бастапқыда бір суретті көрсетіп, соңыра басқа нысанды ұсынса және жарнамадағы баспана қайда екенін білмей, нақты техникалық сипатын айта алмаса. Бұл жағдай күдік тудырады. Әдетте оны алғаш рет телефонмен сөйлескенде аңғаруға болады.

2.Мінездемесі, ұсынымы жоқ

Телефонмен сөйлескен соң риелтордың жеке өзімен кездесуге болады. Маман өзін салмақты ұстап жағымды әсер қалдырса да, имандай сенуге болмайды. Алдымен сол риелтор туралы анықтама жинаңыз. Одан анықтама және ұсыным сұраңыз (қазір маман туралы видеолар көп). Оның жасасқан шарттары (телефон соғып шақырып, болмаса оның бұрын қызмет көрсеткен клиенттерімен сөйлесіңіз) .

Сауатты риелтордың презентациясында өзі, сатқан нысандары және қызмет істейтін компаниясы туралы ақпарат бар. Жарнама хабарландыруларының үлгісі, клиенттерінің пікірлері,білімін жетілдіргені туралы сертификат, көрсетілген қызметтерінің шарттары, тіпті жылжымайтын мүлік нарығы туралы сараптама мақалалар болады.

3. Риелтор  жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса

ҚР Заңында кәсіпкерліктен табыс табатын әр азамат салық төлейді. Адал риелтор мемлекет алдында таза болуы тиіс, яғни оның қолында салық төлеушінің куәлігі болуы тиіс.  

4. Шарт жасасуға асықтырса, клиентінің жағдайын пайдаланса

Риелтор тек қызметін ғана ұсынады, бірақ кеңес беріп, тықпалап, шарт жасасуға мәжбүрлемейді. Кәсіби риэлтор ақшаға берілмейді, ол клиенттің артынан жүгірмейді, тек менімен жұмыс істеңіз деп көндіруге тырыспайды.  Негізі, клиенттің үйін сатуға немесе сатып алуға әлі дайын емес екенін көрсе, өзінің айтқанын істетуге тырыспайды.

5. Риелтор немесе жылжымайтын мүлік агенттігі қоғамдық ұйымның (қауымдастық, қоғам, бірлестік, гильдия )мүшесі болмаса

Бұндай ұйымдарда этика кодексі, стандарттар мен жұмыс әдісі болады. Олар риелторларды оқытып, әрине, абыройына нұқсан келтірмеуге тырысады. Сондықтан тек тексеріп барып қана риелторларға сертификат береді.

Қоғамдық ұйымға мүше болу клиентке делдалдың немесе агенттіктің іс-әрекетіне шағымдануға және қоғамның қолдауына, заңға арқа сүйейді.

Қазір Қазақстанда бірнеше аталмыш ұйымдар тіркелген. Ең үлкені - Қазақстан риелторларының біріккен қауымдастығы, оның құрамына Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Ақтау, Теміртау, Көкшетау және Каскелеңнен 100-ге жуық компания кіреді. Бұл шамамен 170 сертификаты бар мамандар.

6. Жылжымайтын мүлік агенттігі немесе риелтор қызмет көрсету туралы келісім жасасудан бас тартса

Жылжымайтын мүлік делдалдарының бәрі бірдей өз құқықтары мен міндеттерін заңдастыруға тырыспайды. Екінші жағынан, ірі компаниялар тапсырыс берушіні келісімшартқа қол қойғызуға асықтырмайды, оны істеу  әлеуетті мәмілеге дейін, тұтынушының анық қызығушылығын көрген кезде ғана іске асырылады.

Құжатқа қол қою кезде келісімшарттың барлық тармағын мұқият оқыңыз, кейде заңгердің көмегіне жүгініңіз.

Егер компания келісімшартсыз жұмыс істесе, сақ болыңыз. Риелтор клиентке келісімшарттың екінші данасын беруге міндетті. Және сыйақы алған кезде бухгалтерлік құжат беруі керек – чек, шот-фактура, істелген жұмыс туралы анықтама.

Шартта тараптарды нақты жазып, қызмет құнын, есептеу тәртібін,  тараптардың құқығын, міндетін, жауапкершілігін, жарамдылық мерзімін,  тоқтату шарттарын, дауды шешу тәртібін, тараптардың заңды мекен-жайын жазуы тиіс. Шарттың қосымшасында мердігерге берілген құжаттардың тізімі көрсетіледі. Барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалады және ол міндетті түрде болуы тиіс.

7. Риелтор немесе жылжымайтын мүлік агенттігі ақпаратты көрсетуге қарсы болса

Адал риелтор еш нәрсені жасырмайды. Ол клиенттің әр сұрағына жауап беріп, жұмысын ашық көрсетеді. Пәтерді көруге риелтормен бірге барыңыз. Оның сатып жүрген басқа нысандарын көрсетуді қысылмай сұраңыз. Басқа клиенттермен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз.  

Жылжымайтын мүлік агенттігі клиенттің өтінішімен мынадай мәліметтерді қамтамасыз етуі керек: салық органында мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат; нөмірленген парақтары бар шағымдар мен ұсыныстар кітабы; жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету бағасы жазылған құжат.

8. Риелтор берген уәдесін  орындамаса, келісімді бұзса, дер кезінде байланысқа шықпаса

Риелтор ең алдымен сатушы болғандықтан, міндетті және ұқыпты болуы керек. Егер ол қандай да бір себеппен кездесе алмаса, мысалы көлік кептелісі, ауру, шартты бұзуға мәжбүр болып қасла, жағдайын клиентке хабарлауға міндетті. Тіпті ең тәжірибелі маманның өзі қателесуі мүмкін, біірақ білікті риелтор өз ісіне әрдайым адал, яғни дер кезінде ескертеді.

 9. Риелтордың визиткасы, ал агенттіктің кеңсесі жоқ болса

Былай қарасаң, визитка міндетті емес, дегенмен ол өз жұмысына деген жауапкершілікті білдірсе керек.Ал кеңсенің жоқтығы – күдік тудырады. Егер бір өзі істеп жүрген риелтор болса, кешіріммен қарап, қажет кезде кафеде кездесіп, бірден нысанды көруге баруға болады. Ал агенттіктің кеңсесі болмаса, бас тартыңыз. Кеңсе – клиенттің алдында міндетін орындаудың ең басты кепілі.

10. Риелтордың немесе жылжымайтын мүлік агенттігінің іс-әрекетінен өрескел, оғаш, агрессивті бәсекелестігін байқасаңыз

Өзін құрметтейтін бірде-бір маман серіктестерінің қызметі туралы жаман айтпайды, олардың беделіне нұқсан келтіруге жол бермейді. Басқа әріптестерімен тығыз ынтымақтағы маманға әр адам сенеді.

Сонымен алаяқ риелторға тән белгілерді еске сақтап алсаңыз, бұл сізге баспана таңдауда септігін тигізіп, сан соғып қалмаудың алдын алады деп үміттенеміз. Жолыңыз болсын!

                         Материал Krisha.kz сайтынан аударып алынды. 

Оқи отырыңыз: Несие төлеуге ақшаңыз болмаса не істеу керек? 

Атаулы әлеуметтік көмек: Қашан, қалай, қандай? 

Баспана бағасында қандай өзгеріс бар 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.