{metadescription}
КТК арнасы "Дала өркениеті" деректі фильмдер топтамасын ұсынады

КТК арнасы "Дала өркениеті" деректі фильмдер топтамасын ұсынады

Қазақ даласындағы технологиялық төңкеріс! Бүгінгі озық Еуропаның бұрын бізден қалыс болғанын біліп пе едіңіз? Орта ғасырларда мәдениет пен ғылымның шамшырағын жағып, өрелі ордасына айналған көне қалалар туралы не білесіз? Айшықты сәулетімен талайды таңдай қақтырған шаһарлардың сыры туралы КТК арнасы "Дала өркениеті" деректі фильмдер топтамасын ұсынады.

Тарихтан тәбәрік! Тек КТК арнасында! Ұлы Дала. Өрелі өркениет пен мәуелі мәдениет мекені.

Адамзат тіршілігіне түбегейлі өзгеріс әкелген ұлы жаңалықтар.

Жылқыға алғаш бас білдірген, әлемге ат тұяғымен өркениет жеткізген біздің бабаларымыз.

Даналықтың дара жолы. Шартарапқа білім мен ғылым шамшырағын жаққан ғұламалар.

Айшықты сәулеті, тасыған дәулетімен мәшһүр қадым заманғы қалалар мен қоныстар.

Инновация мен инфрақұрылымның орта ғасырдағы теңдесіз үлгілері.

Батыс пен Шығысты тоғыстырған Ұлы Жібек Жолы.

30 қарашадан бастап, - 1-ші желтоқсанда сағат 17:00-де, 3-7-ші желтоқсан күндері сағат 16:00-де тұңғыш рет КТК телеарнасында «Дала өркениеті» деректі фильмдер топтамасы  топырақ астында сыр бүккен көне дәуірдің көпке беймәлім құпияларын баяндайды.  

Тарихи-деректі зерттеу! Қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан ежелгі бекіністерге арналған бірқатар деректі және тарихи зерттеулер. Тұңғыш Президент - Елбасы өзінің «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақаласында атап өткендей, түріктердің көшпелі және отырықшы өркениеттің ерекше үйлесімін жасаған көне, ежелгі қалалар болған.

Деректі фильмнің авторлары алдына дала өркениетінің барлық күші мен эстетикасын ашып көрсету міндетін қойды. Фильмдердегі кең көлемді экспедициялық түсіріліммен қоса, мұнда қатпарлы анимация қолданылып, моушн-дизайн негізінде қайта құрылған. Топтаманың жеке сериялары келесі ежелгі қалаларға арналады:

 Отырар, Сайрам (Испиджаб), Сүткент, Сығнақ, Сауран, Тараз, Сұяп, Баласағұн, Дженд, Сарайшық.

Ендеше 30 қарашадан бастап, 1-ші желтоқсанда сағат 17:00-де, 3-7-ші желтоқсан күндері сағат 16:00-де КТК арнасынан «Дала өркениеті» тарихи-деректі фильмдер топтамасын қарауға шақырамыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.