{metadescription}
Ипотека рәсімдеуде сіз білуге тиісті пайдалы мәлімет

Ипотека рәсімдеуде сіз білуге тиісті пайдалы мәлімет

Ипотека алып көрдіңіз бе? Қазақстанда қандай ипотекалық бағдарламалар бар? Қай бағдарлама сізге лайықты? Әр бағдарламаның шарттарын білесіз бе? Әр банктің қандай ерекше талаптары бар? Ипотека рәсімдеген кезде нені ерекше ескерген жөн? Бұл шағын материалдан өзіңізге қажетті ақпаратты алуыңызға болады.

Биыл, яғни 2019 жылы елімізде ипотекалық несиеге сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артыпты. Әрине, әр азамат өзіне баспана сатып алғысы келеді, сол себепті ипотекаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Сәйкесінше, жылжымайтын мүлік нарығы жанданып, Қазақстан Республикасының азаматтарына түрлі бағдарламалар ұсынылуда.

Қазір еліміздегі банктерде арнайы бағдарламалар бойынша ипотека мөлшерлемесі 7% -дан басталады. Егер банктердің стандартты ипотекасын қарастыратын болсақ, онда бірқатар банктердегі  ең төменгі ипотекалық мөлшерлемесі 15-16% құрайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қандай ипотекалық бағдарламалар бар?

 «7-20-25»

Бұл атау мемлекеттік ипотекалық несиелеу бағдарламасына жылдық 7% -бен, бастапқы жарна 20% және 25 жылдық мерзімге берілді. Бағдарламаға алты ірі екінші деңгейлі банк қатысады: Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK, Халық банк.

Бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан аталмыш бағдарлама осы уақыт ішінде нені көрсетті? Жаңа тұрғын үйге деген сұраныс ұсыныстан едәуір көп. Сонымен бірге баспана қалаларда 25 миллион теңгеден, ал аймақтарда 15 миллионнан қымбат болмауы керек деген шектеу жағдайды қиындатып жіберді.

«7-20-25» бағдарламасын рәсімдеуге не қажет?

  • Табысты дәлелдеу (соңғы алты айдағы жалақыңызды растайтын жұмыс орнынан анықтама);
  •  Айлық табысы кемінде 200 мың теңге;
  • Басқа қарыздардың болмауы;
  • Пәтер бағасының 20% -ын алдын-ала төлем ретінде ғана емес, сонымен қатар басқарушы компаниямен келісім-шарт жасасу және пәтерді тіркеу және әділет департаментінде тіркеу тәртібі сияқты басқа да шығындарды төлей алуыңыз керек;

Тұрғын үйдің салынғанына, бірақ меншікте тіркелмегеніне көз жеткізіңіз. «7-20-25» бағдарламасын «ұзақ несиелерден» қорықпаған жағдайда ғана рәсімдеуге болатынына сенімді болыңыз. Есіңізде болсын, ерлі-зайыптылардың қолы міндетті түрде қажет екенін ұмытпаңыз, жұбайыңыздың келісімінсіз ипотеканы мақұлдамайды. Электрондық қолтаңба жасаңыз, бұл қағазбастылықты айтарлықтай жеңілдетеді.

Қажет болуы мүмкін басқа құжаттар: құрылыс салушыдан жарғылық құжаттар, пәтердің құны туралы хабарлама, қарыз алушының мекен-жайы, зейнетақы жарналары туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы алтыншы формадағы анықтама.

 «Баспана хит»

Бұл 2018 жылы «Баспана» компаниясы ұсынған ипотекалық бағдарлама. Оның басқа бағдарламалардан айырмашылығы - бұл Қазақстанның тұрғын үй нарығында әрдайым маңызды орын алған қайталама тұрғын үйді сатып алуға және сатуға бағытталған.

Шарттары:

  • Қалалар үшін 25 млн. теңгеге дейін және аймақтар үшін 15 млн. теңгеге дейін пәтерлер;
  • Бастапқы жарна - 20% бастап;
  • Қазақстан азаматтарының барлық санаттарына қатысуға рұқсат етіледі;
  • Бұл жағдайда жылжымайтын мүліктің болмауы туралы талап қолданылмайды, өйткені бұл «7-20-25» -тен айырмашылығы коммерциялық жоба.

Кейбір банктерде сатып алынатын тұрғын үйге ерекше талаптар қойылады.

Мысалы, пәтер сатып алынған күнінен бастап 50 жылдан аспайтын мерзімде пайдаланылуға тиіс, ал ғимарат кірпіштен, темірбетоннан, тастан жасалған блоктардан, блоктардан немесе цемент негізіндегі панельдерден тұруы керек.

7-20-25 бағдарламасындағыдай, ипотека берген кезде банктер кірісті растау мүмкіндігіне назар аударады: бір қызметтен кемінде алты ай тұрақты табыс болуы керек.

«Орда»

Бұл несие алушының жылжымайтын мүлігі бар-жоғына қарамастан, барлық қазақстандықтарға арналған ипотекалық бағдарлама. Орда бірнеше серіктес банктерде қол жетімді: Цеснабанк, Банк ЦентрКредит, Касса Нова, Еуразиялық банк, BI Group. Ипотекалық несиелер жаңа және қайталама жылжымайтын мүлікке де беріледі.

  • Қалаларда жылжымайтын мүліктің құны 65 миллион теңгеге, ал аймақтардағы 40 миллионға дейін жетуі мүмкін;
  • Мұндай несие бойынша мөлшерлеме қарыз алушының кірісіне байланысты 12-ден 14% -ға дейін өзгереді;
  • Бастапқы жарна 30-дан 50% -ға дейін;
  • Несие мерзімі 20 жылға дейін;

Есіңізде болсын!

Ипотека алмастан бұрын, жалпы төленуге тиісті соманы және ай сайынғы төлемнің мөлшерін нақтылап біліп алыңыз;

Шартқа қол қою кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) білуіңіз керек. Бұл сыйақы мөлшерлемесі несие бойынша барлық шығындар мен комисссияларды ескереді;

Өтінімді мақұлдау мүмкіндігін арттыру үшін бірден бірнеше банкке хабарласыңыз;

Несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен ұзақ мерзімге несие таңдаңыз. Сонда ипотека төлегеннен кейін көк тиынсыз қалатындай жағдайға тап болмайсыз.

                         Материал krisha.kz аударылып алынды. 

Оқи отырыңыз: Риелтордың алаяқ екенін қалай білуге болады? 

Несие төлеуге ақшаңыз болмаса не істеу керек?

Атаулы әлеуметтік көмек: Қашан, қалай, қандай? 

Баспана бағасында қандай өзгеріс бар 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде