{metadescription}
23 – 29 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

23 – 29 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен ерекше? Қандай қуанышты оқиға күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

23– 29 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты кәсіби жұмысымен қатар мойнына көп міндеттемелер жүктеледі. Өзекті мес деп санаған қызмет қайта іске қосылады. Бұл аптада достар мен таныстар белсенділік танытады. Әсіресе телефон қоңыраулары көп болмақ. Келіссөздер көп болмақ, арасында қажетсіздері де болады. Өзгенің мүддесіне бола жүгіре бермеңіз. Отбасы дәстүріне қатысты біраз шығындар болады. Туыстармен қарым-қатынаста түнісітік пен қолдау табасыз. Олардан күтпеген сыйлықтар аласыз. Кез келген жағдайды реттеуде оны қолға алып, реттеудің сәті түседі. Ол артық салмақтан басталып, айналасындағылардың қылығын түзетуде болмақ. Бәріне ықпалыңыз зор болады. Тағдырыңызға әсер ететін кездесулер мен қызықты адамдармен жоспарламаған кездесулер орын алады. 

Торпақ  өзгенің мүддесіне бола өз мүддесін ұмытпай, көрінгенге жүгіре беруін тоқтатады. Сөздеріне, ісіне сақ болып, жақын араласатын адамдардың арасында орнаталған ережені бұзбауға тырысады. Туысқаны немесе досына көмек көрсетуге тура келеді. Адамның аты, тегі маңызды рөл атқаратын болады. Өзіне маңызды бір дүниені іздеумен болады. Жетістікке жетеді деу қиынырақ. Бірақ жұлдыздар бұның өте қажет екенін ескертеді.  Заңға қатысты бірқатар сапарлар күтілуде. Соған қатысты біраз нәрсе шешімін табады. Бұл апта ақша қайтарудың сәтті кезеңі. Бірақ ешкімге қарыз бермеңіз. Ол жағымсыз әсермен аяқталуы мүмкін. Өзінің сасқалақтығымен бірақ қателік жібереді. Шешім қабылдай алмай, өзіне сенімі азаяды, сізге мәжбүр болған адамның көмегінен бас тартпаңыз. Бұл жерде мәселе сезімде емес.

Егіздер өз тілегінен  бас тартпағаны жөн. Жағдайлар жылдам өзгереді, кәсіби салада да өзгеріп, жаңа мүмкіндіктер туады. Беделді адаммен танысып, ол жоспарларыңызды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бұл апта – тағдырлы мақсатқа қол жеткізуде ұсақ-түйек әс-әрекеттерді меңгеру кезеңі. Аралас-құралас адамдар артады, олар әр түрлі болады. Сонымен бірге эмоция басым болмақ, қысылтаячң сәттер де көп болады. Жанжал, түсінбеушілік болады, достар мен әріптестер арасында. Қатынасты қалпына келтіруге де біраз күш жұмсауға тура келеді. Содан аздап шаршайсыз. Айналаңыздағы адамдармен икемділік қажет болмады. Солармен жақсы тіл табыссаңыз, қызығушылық танытаны адамдардың арасында беделіңіз өседі. Жеке өмірде қарапайымдылық болмайды, басқалар сіз туралы солай ойласа да. Сіз қу, айлакер, есепшіл және қатқыл боласыз. Сіздің көзқарасыңызға, пікіріңізге арқа сүйейді. Жеке өмірде қысқа роман күтілуде, онда ақша маңызды рөл атқарады.  

Шаян шешім қабылдауға белін бекем буады. Бұл аптада ұшып-қонып жүресіз. Өз күшіңізге сенімдісіз. Егер сізге балама бірдеме ұсынбаса, сіз батыл іс-әрекетке, жылдам қимылдауға, жұмыста да, басқа жерде де тәуекелге баруға дайынсыз. Бастама көтересіз, тартымдысыз, ұстанымға беріксіз. Серіктестермен бірөқатар кездесулер болады. Қосымша қызметті де қатар алып жүре аласыз. Өз тәжірибеңізді іске жаратып, кез келген жұмысқа белсене қатысасыз. Бұрынғы күш салған істер жемісін береді. Істеген істен қанағат аласыз. Алыстан кедген адаммен маңызды кездесу күтілуде. Достармен көңілді отырыс күтілуде. Сыйлықтар алуыңыз мүмкін. Бұл аптада бірқатар мәселе жылдам шешіліп, соған қатты қуанасыз. Жағдайлар да бірден өзгереді. Бұрын орындалмай жүрген нәрселер орындалып қалуы әбден мүмкін. Ол көбінесе біреудің көзқарасын толық жеңетін кезең. Қаржы жағдайы сіздің қалауыңызбен орындалады. Үйдегі жасы кіші адам мен үй жануарына қатысты өзгерістер болмақ. Тіпті бойдақ Шаяндардың да жеке өмірі өте тұрақты.   

Арыстан жан-жақты қамтылған және күйгелек күйде. Біреуді «қуып жетіп», басып озу ниеті басым. Өзгелерді басқару тетігі өз қолында. Бұл аптада даму мен өзгеру құбылыстарын алдын ала сезеді.Содан сәттілік күтіледі. Тап қазір не істеп жатқаныңызға есеп берумен боласыз. Бірақ бастама көтерудің тәсілін берекелі деу қиын, бірақ соған қарамастан бар нәрседе жеңіске қол жеткізуге дайынсыз. Бұл аптада құжаттарды ретке келтіріп, маңызды құжаттарды рәсімдеп, алумен айналысасыз. Келісімдер мен шарттарды рәсімдеу ұзаққа созылуы ықтимал. Егер бір құжатта ақшаға тап қазір алғыңыз келсе, мысалы, билетті,оны кейінге қалдырмаңыз. Тап қазір істеңіз. Тұрмыстағы мәселе өте маңызды. Үйде бір нәрсені өзгертіп, зат сатып аласыз. Жеке өміріңіз жаңа бояумен безендіріледі. Күту, кездесу орын алывп, күтпеген шешіммен аяқталады.  

Бикеш өзгерістен бас тарту мүмкіндігін жақсы түсінеді. Бұрынғыдай өмір сүруге болмайды. Соны жақсы түсінесіз. Жаңа жоспар құрып, жағдайға икемделіп, ақырындап іске кірісесіз. Іскери салада бірқатар өзгерістер орын алады. Бірақ, бір жағымсыз тұсы – шешімді сіз емес, өзге біреулер қабылдайды. Сенімді беделді адамыңыз болса, онда еш проблема жоқ. Пайдалы байланыс орнату, есеппен қатынас жасау маңызды рөл атқарады. Соның арқасында көбісі алға жылжиды. Бірақ арқа сүйер адамыңыз болмаса, бірқатар қиындыққа тап боласыз. Отбасында жасы кіші адамға жауапкершілік мәселесі өзекті болмақ. Біреуге үй жануарын мықтап тапсырасыз. Туыстарыңыздың қажеттігіне, солардың проблемасына көп көңіл бөлесіз. Көптеген ұсақ-түйек мәселені басыңызда ұстайсыз. Оның бәрін сіздің мойныңызға жүктелген, соны шешуге күш жұмсайсыз. Серіктестен жақсы хабар келеді. Жеке өмірде жағымды жаңалықтар бар. Жүйкеңіз тынығады. Жақын адамыңыздан көрсетілген қарды көмегі көңіліңізді сергітеді.

Таразы танымал серіктесімен даму келешегін жоғалтады. Оның жеке өмірге еш қатысы жоқ. Ол – іскерлік қызметте болмақ.  Біреудің пайдакүнемдігі мен мансабының кесірінен жігеріңіз құм болады. Белді бекем буып, істі өз қолыңызға алуға тура келіп тұр. Мұқтаж жандарға ықпал етуге сізде күш-қуат жетіп жатыр. Біліктілігіңізді арттырасыз. Бәрі сіздің жетістігіңізді көреді. Бірақ көреалмаушылар өте көп болмақ. Біреулерде серіктес болуға, танысуға құпия ұсыныс түседі. Имиджді өзгертетін уақыт туды. Сыртқы келбетіңізді де өзгертіңіз. Көңіл бөліңіз. Жұрт алдына шығуыңыз мүмкін. Заңға қатысты бірқатар мәселе туындайды. Сол дауды шешуге кірісесіз. Сізге бәрі назар аударады. Жұрт алдында айтқан сөздеріңіз маңызды болмақ. Бір танымал адам сізге назарын аударады. Тіпті қырыдауы мүмкін. Оны сіз нақты білесіз. Денсаулығыңызды естен шығармаңыз. Ақша оңайлықпен келмейді. Бірақ қалтаңыз бос тұрмайды. Сіз жүрген жерде махаббат та қатар жүреді.

Сарышаян бастан өткерген ескі сезімдерден оңай құтылады. Бұл апта жаңа белеске шығатын кезең. Адға дамисыз, жолыңыз ашық, іс-әрекеттеріңіз зая кетпейді – осының бәрін жақсы түсінесіз. Көбісінің қасында пікірлес, жақын достары болады. Күнделікті өмір небір жұмысқа толы, тіпті оның бәрін істеуге уақыт таба алмай қалуыңыз мүмкін. Өздігіңізбен шешетін бірқатар мәселе туады. Ол жасырын іске, творчествоға қатысты. Белгілі бір әйел бірге қызмет етуді ұсынады. Бұрынғы бір танысыңыз күдікті ұсыныс жасайды. Сыйластық танытпаңыз. Түсінбеген кезде кейде көңіліне қарамай, қатты айтып тастаған да дұрыс. Қаржы мәселесін жіті қадағалайсыз. Ұмыт болды деген ақша қайта оралады. Достардан тартымды сыйлық аласыз. Тұрмыста көңіл бөлетін нәрсе көп. Үй ішінде жиһаз ауыстырып, жаңалайсыз. Сезімді де жіті бақылайсыз. Қазіргі қатыстардың қызығы біткен. Жолға шығатын уақыт туды.  

Мерген уақыты өтіп кеткен дүниені басты назарына ұстап, оған сонша уақыт көңіл бөлгеніне іші күйеді. Сіздің өмірге деген көзқарасыңызды онша ешкім түсінбейді, сондықтан біреудің бағасын естіп тұйықтанып, ішкі ойға кетесіз. Айналаңыздағы адамдардан бөлектенесіз. Сөйтіп жұртқа жұмбақ болып көрініп, тіпті қызығушылыққа ие боласыз. Кез келген келіссөз, келісімге қол жеткізе аласыз. Құзыреттілігіңізге қатысты бірқатар мәселеде түсіністік табасыз. Басты шарт – сөз болып жатқан нәрсеге шгынайы қарап, адалдық таныту. Өйткені өтірік айтсаңыз, барлоық қатынасты жойып жіберуі мүм кін. Тап осындай нәрседен басыңызға қиындық тауып алуыңыз мүмкін. Алғанна гөрі көбірек бересіз. Қаржы жағынан  да тап солай болмақ. Қаржы шығындарын қатаң бақылауда ұстаңыз. Алыстан келген туысыңыз хабарымен таң қалдырады. Жақын адамдарыңыздың арасында талқылайтын мәселе туады. Жасы кіші туысқа көмек бересіз. Мүлікке қатысты мәселе оң шешілуі мүмкін.

Тауешкі ұзақ мерзімді істер басты назарына алынады. Көпшілігі жөндеу, айналасын ретке келтірумен айналысады. Біраз уақытқа тұрғылықты жерін ауыстыруы да мүмкін. Сыртқы келбетін де өзгертеді. Киім-кешегін ауыстырады. Бірақ оны көбінесе біреудің ықпалымен жүзеге асырады. Достарымен көп қатынасады. Үйіне көп қонақ келеді. Отырыстар болады, онда өткенді еске алады. Алыстан келген хабар есін шығарып, не істерін білмей ойландырады. Ол хабар туысынан келуі мүмкін. Қандай болса да, біреудің проблемасына қатысты қамқорлық жасауға тура келеді. Ал барлық жағымды жаңалықтар мен жақсы күйді балалардан, жасы кіші туыстарынан алады. Олардың қамқоры мен көмегі өмірінде үлкен рөл атқарады. Өзіне қымбат адамын жолға шығарып салады. Сонымен бірге қонақ күтеді. Ер адамнан шақырту алып, сыйлық күтіледі. Сізге өзіңіз бағалайтын күнделікті ткүйбің тіршіліктен тыс жағымды көңіл күйден арылмау керек. Әйтпесе жағымды эмоцияңыздан айрылып қаласыз. Әйел адамнан ақша аласыз.

Суқұйғыш басына түскен қиындықтан әрең құтылып, діңкесі таусылады. Бірақ бұл аптада жұлдыздар сіз жақта, сізді қорғап-қоршайды, қысқа уақытқа болса да, сәттілік жолдайды. Мүлікке ие болу, тұрғылықты жер туралы өзекті мәселе шешімін табуы мүмкін. Жақын адамдарыңыз сізбен келіссе, көңіліңіз жай табады. Ниетіңіз бен жспарларыңызды жүзеге асыруға алға ұмтыласыз. Сапарға шыққанда да өте жақсы ойлар келеді. Бір уақытша серіктесіңіздің берген білімінің көмегімен шешімін тапаай жүрген сұрақтың жауабын табасыз. Бітіп таусылған нәрседен мағына іздемейсіз. Сіз жақсыға сенесіз, сол сеніммен өмір сүресіз. Кейде бір адамның бойындағы прагматика мен романтизмнің ұшталып жатқанына таң қаласың. Сіз сондай күйде боласыз. Тап осының арқасында жұртқа тартымды боласыз. Қаржы мәселесі бақылауда болмақ. Бірақ тура осы кезеңде сіз ақшаның жетіспейтінін қатты сезесіз. Арқа сүйейтін ешкіміңіз жоқ. Сондықтан тек өзіңізге сенуге тура келеді.

Балықтар сынаққа түсуге дайын, өйткені ол тура қасында тұр. Тағдыр сізді тағы да күту алаңына әкеледі. Бақыт пен махаббат сізден алысырақ жерде. Әзірге. Бұрынғы сезімдеріңіз бен өткен дүниелерді еске алып өмір сүресіз. Бұл кезеңде үйіңіздің төбесінде әшкерелеу қалқып жүр.  Өзгелер білмеуі тиіс нәрсені жасырып, құпия ұстауға тырысыңыз. Әйтпесе өсек-аяңға ілігіп, ол діңкеңізді құртып, шаршап-шалдығуыңыз мүмкін. Жақын адамыңызбен күтпеген жерден ұрсысып қалуыңыз мүмкін. Егер оған жол беріп, мейірімділік танытсаңыз, жағдай бірден жақсылыққа ауысады. Үйіңізге қонақтар келеді. Той жасауыңыз мүмкін. Белгілі бір адам өміріңізге өзгеріс кіргізеді, отбасылық дәстүрді бұзуы ықтимал. Өмір салтын иөзгертіп, өз ережеңізді орнатасыз. Денсаулықпен айналысасыз. Таза ауада көп боласыз. Сенімді адамыңызбен серуендеп, қызықты жерге барасыз. Қысқа сапарда қажетті ақпаратқа ие боласыз. Біреудің бағына қызығып, қызғанасыз...

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал  

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

19 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде