{metadescription}
Америкалық таңғажайып тест: Сіз қандай адамсыз?

Америкалық таңғажайып тест: Сіз қандай адамсыз?

Білесіз бе? Көзбен қарап анықтайтын тестілеу көбінесе тура шығады екен. Өзіне ең қызықты қандай суретті ұнатып таңдап алса, ол жеке адамның мінез-құлқын, қабілетін нақты анықтайды дейді психологтар. Ендеше төменде орналасқан тоғыз суреттің ішінен өзіңізге жақын, ұнаған суретін таңдап алып, америкалық визуалды-психологтардың сіздің қандай тұлға екеніңізді анықтайтын тестін қарап көрейік. 

Мына суреттің қайсысы, сіздің ойыңызша, ең қызықты? Таңдап алыңыз. Оқыңыз. Сәйкес келді ме? Келмесе, демек сіз асығыстық танытып, ойланбай таңдадыңыз, тағы бір рет мұқият таңдап көріңіз. Сенбесеңіз, жақын адамыңызға да аталмыш тестілеуді ұсынып, не шыққанын оқыңыз. Ол адам туралы ойыңыз расталуы мүмкін.Сонымен...

1-сурет

Босаңсыған, көңілді, мұңаймайтын адам.

Сізге ығы-жығы оқиғаға толы еркін өмір ұнайды. Әр күнннің әр сәтінен рахат алып, әр күнді толық пайдаланып, кез келген сәттен ләззат алуға тырысасыз. Сіздің ішкі ұраныңыз: «Адамға өмір бір-ақ рет беріледі».

Қандай нәрсеге болмасын әуес, қызыққұмар, жаңа дүниеге ұмтылатын ашық адамсыз. Жылдам дамисыз, айналаңыздағы дүние де шапшаң өзгеріп отырады, сонымен бірге сіз де құбылып отырасыз. Әл-қуатыңыз таусылып, алға жылжуға мүмкіндігіңіз болмаса, ол сізге жаман әсер етеді. Кез келген тоқтаулар, шектеулер, тыйымдардан қатты қорқасыз, жақтырмайсыз. Сұрамаған адамның сізге ақыл айтып, не істеу керектігін үйреткенін суқаныңыз сүймейді. Не істесеңіз де, кез келген уақытта және кез келген жерде жан-жақты тәжірибе аласыз. Сізге тосынсыйлар ұнайды.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

2-сурет

Тәуелсіз, бірегей, біртума, сізге шартты дүние жат.

Сізге шексіз бостандық қажет, өйткені басты қажеттілігіңіз - өз қалауыңыз бойынша, өзіңізді ерекше тәсілмен көрсете білу. Өмірде жүктелетін барлық міндеттерге шығармашылық бейімделу тұрғысынан қарайсыз. Сіз жұмыста да, ештеңе істемегенде де креативті адамсыз.

Сіздің бостандық пен тәуелсіздікке деген ұмтылысыңыз соншалық, тіпті басқалардың үмітіне қайшы келетін нәрсені істейсіз. Өйткені ұсынған нәрседен ерекше көріну сізге ғана тән.

Дарашыл, жекешіл адамсыз. Сіз тұлға ретінде көрінгенді ұнатасыз, біреуге еліктегенді ұнатпайсыз. Қолыңызға түскен нәрсенің барлығын мұқият тексересіз. Мораль мен өмір ережелеріне қатысты өз идеяңызға сәйкес өмір сүресіз, тіпті егер бұл ең жақын адамдардың пікіріне қарсы болса да.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

3-сурет

Өзін-өзі байқап, талдап, тексеруге бейім. Көп ойланады.

Сіз басқаларға қарағанда адамдармен, жүйемен, тіпті өзіңізбен қиын күреске жиі тап боласыз. Терең емес, жеңіл, үстіртін ойлайтын адамдарды ұнатпайсыз. Ондай адамдармен әңгімелесіп, уақыт өткізгенше, жалғыз отырғаным дұрыс дейсіз.  

Сіз сенім артқан адамдардың барлығына мықты дос бола аласыз.  Жақын қарым-қатынасты ұзақ жыл сақтай білесіз. Және тап осындай қарым-қатынас сіздің басыңызға қауіп төнгенде, жаман сезінгенде – құтқарып қалады.

Жақсы өмір сүруге сізге ішкі үйлесім жетіңкіремейді, өзіңізді дұрыс өмір сезімімен қамтамасыз ете аласыз. Жалғыз қалғанда ішіңіз пыспайды, бұл тұрғыда сіз өзіңізге сенімдісіз.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

4-сурет

Салмақты, ішкі үйлесімі мол адам.

Сіздің басты құндылығыңыз – шынайысыз, өтірік көлгірсімейсіз. Жасанды, әдейі әшекейленген ештеңеге шыдай алмайсыз. Қарапайым нәрселер, дүние, қарым-қатынасты ұнатасыз.

Жаныңыздағы адамдар сізбен араласқанды ұнатады, өйткені сіз өмірде нық тұрсыз және өмірге байсалды көзқараспен қарайсыз.

Адамдар сізге сенім артады, өйткені сіз артық сөйлемейсіз, айтқан сөзді жерге тастамайсыз, жауапкеершілігіңіз мол.

Жақын адамдарыңызға сенім бересіз. Сіздің қасыңызда ешқандай адам өзін жалғыз сезінбейді. Жылу сыйлап, адамгершілік жағынан жақсы қасиетіңізді көрсете білесіз, соны жұрт бағалайды.

Жарқырағанның бәрі алтын емес деген сенімге сүйене отырып, жасанды жарқыраған дүниені суқаныңыз сүймейді. Өте сәнді нәрсені жек көресіз. Салмақты, байсалды, қарапайымдылықты ұнатасыз, киім мен мінез-құлықта ұстамдылық пен талғампаздықты құрметтейсіз.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

5-сурет

Кәсіби, сындарлы және өзіне сенімді.

Өміріңізге дген жауапкершілік тек сіздің мойныңызда, және тек солай болуы тиіс деп ойлайсыз. Сәттілік пен бақытты мүмкіндікке сенбейсіз, жетістік пен бақытқа өз еңбегіңізбен жетуді қалайсыз. Барлық мәселелерді практикалық тұрғыдан шешесіз, осылайша өзіңіздің де, басқалардың да өмірін қиындатпайтындай етіп шешесіз.

Реалиссіз. Екі мәселенің бір шешімін тауып, соған күмәнданбайсыз. Сізге үлкен, жауапты жұмысты алу өте оңай, өйткені ерте ме, кеш пе, сіз оны жасайсыз және айналаңыздағы адамдар сізден артық кандидат таба алмайтынына сенімді бола алады.

Өзіңізге сенімдісіз. Және бұл сеніммен  басқалармен бөлісесіз. Егер идеяларыңызды дәл өзіңіз қалағандай жүзеге асырмасаңыз, онда сіз толық қанағаттана алмайсыз.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

6-сурет

Ынтымақшыл, жұмсақ, ақылды.

Сізбен тіл табысу оңай, өйткені сіз адамдар арасындағы татулықты бағалайсыз, адамның басты қазынасы - қарым-қатынас дейсіз. Жылдам дос тауып аласыз, сонымен бірге әр адам сіздің жаныңызда өзін еркін сезінеді. Дегенмен анда-санда жалғыз отырып ойланып, өз қиялдарыңыз бен қалауларыңызға ерік беріп, құлақ түргеніңіз  жөн.

Өмірдің мәні туралы ойлауға кет әрі емессіз. Түрлі тақырыптарда философиялық ой қозғауды ұнатасыз. Өзіңізді жақсы көріп, өзіңізді кешіріп, мейіріммен қарайсыз, сондықтан қасыңыздағы адамдармен сенімді қарым-қатынас құруды да осы тұрғыда үйренесіз.

Өзіңізбен, бүкіл әлеммен бейбітшілік пен келісімде өмір сүресіз, сұлулық пен шынайылықты бағалайсыз. Сіз көп уақытты жалғыз жақсы өткізесіз, соған ақарамастан сіз жалғыз емессіз. Өйткені сіз өзіңізбен үйлесімді болғаныңыз үшін біреуге арқа сүйейді деу қиын.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

7-сурет
Өзіне сенімді және сізге өзгелер де сенім арта алады.

Өз бетіңізбен сараптама жасай аласыз.  

Өзге адамды жақсы түсіне алатын қасиетіңіз – бойыңыздағы ең мықты қасиет. Ерекше адамдардың ортасында болғанды ұнатасыз, өйткені солардан білмеген нәрсені үйренесіз.

Сіздің өміріңізде мәдениет кең мағынада үлкен рөл атқарады. Жеке киім стиліңізді, мінез-құлқыңызды, ойыңызды іздеп қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік мәдениетпен қалай ұштасатынын назардан тыс қалдырмайсыз. Төзімді, шыдамды, толеранттысыз. Өзіңізге жат, бөтен адамдардан, елдерден жақсы нәрсені қабылдауға дайынсыз.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

8-сурет

Арманшыл, романтикалық, эмоционалды.

Сіз өте сезімталсыз және не нәрсені көңіліңізге ласыз. Өміріңізді оңтайлы, ұтымды, рационалды бастамаға бейімдегіңіз келмейді. Одан гөрі армандап, қиялдағанды ұнатасыз. Сонда өзіңізді жақсы сезінесіз. Сезіміңіз сізге өте маңызды, ол бірінші орында. Өмірде армандау керек дейсіз, ол орындалса, тағы бір арманды ойлап табасыз.

Сіз өмірге тым шынайы қарайтын адамдардан бойыңызды аулақ ұстайсыз. Сезімімен бөлісіп немесе сіздің  сезімдеріңіз туралы айтуға тырысқандармен сөйлесуден бас тартасыз.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

9-сурет

Серпінді, ширақ, белсенді, адам.

Тәуекелге бел буғанды жақсы көресіз. Қатты сезімге бөленгенді ұнатасыз. Алдын ала болжанатын, алдын ала дайындалған іс сізді қызықтырмайды. Одан ішіңіз пысады. Күнделікті бір-біріне ұқсас күйбің тірлік сізді мүлдем қызықтырмайды. Үйреншікті нәрседен мезі болып, тіпті өмір сүргіңіз келмей кетеді, яғни өмір сүру ықыласынан айырады.

Қайнаған тірліктің, шуылдаған оқиғалардың ортасында болғанды ұнатасыз. Және болып жатқан оқиғаға қатысып қана қоймай, оның басты кейіпкері болғанды жаныңыз сүйеді. Өз пікіріңізді әрдайым дұрыс деп санайсыз. Дегенмен анда-санда шатасқан нәрсеңізді мойындайсыз. Сіздің мінез-құлқыңызды болжау мүмкін емес, өйткені сіз жарты сағаттан соң не істейтініңізді көбінесе өзіңіз де білмейсіз.

Егер бұл сипаттама өзіңіз туралы оймен жанаспаса, 70% -дан аз сәйкес келсе, тестілеуден қайта өтіңіз. Суретті таңдағанда бір нәрсеге алаңдадыңыз немесе қайсы суретттің ұнайтынын мұқият ойланбадыңыз.

Оқи отырыңыз: Мұхтар Ханзада: Білемін деп ұятқа қалғанша, білмеймін деп күлкіге қалғаным жақсы 

Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылда қазақстандықтарды қандай жаңалық күтіп тұр 

Астарлы ақиқат. Атышулы шығарылымдар 

ТОП-5. Дау дамайсыз 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде