КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАЖЕТ АҚПАРАТ
Карантин кезінде қалада қалай жүріп-тұру керек? Қандай сауда-саттық нысаны істейді, қайсысы жұмыс істемейді? Қай уақытта ашылып, жабылады? Не нәрсеге шекеу қойылды? Қай жерлерге дезинфекция жасалады? Оның қаражатын кім төлейді? Карнтин езінде тағы қандай іс-шара жасалады? Біз нені білуіміз керек?
Автор: Заира Сабитова
2020 жылы19 наурызда сағат 00.00-ден бастап Алматыда – карантин.
Карантин – коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін және қаланы бақылап, қатаң тәртіп сақтау үшін.
РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ:
Қалада жаяу жүруге, жеке жәнебасқа да автокөік түрімен жүруге рұқсат. Карантин шаралары тек қаланың периметріне қатысты.
ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН НЫСАНДАР:
Ауданы 200 шаршы метрдей бөлшек сауда-саттық нысандары.
Азық-түлік базарлары:
«Тастақ», «Кәрім», «Ақсай-3», «Арыстан», «Сарыарқа», «Орбита», «Айнабұлақ», «Сәлем», «Верненский», «Көк базар», «Тау самалы», «Барлық», «Мехриниса», «Түрксіб», «Керуен», «Алматы-1», «Жетісу-Семиречье»;
Сауда орындары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, шағынмаркеттер, үйдің жанындағы дүкендер;
Жұмыс істеу тәртібі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;
Келушілердің бәрінде бетперде болуы тиіс (бетпердесі болмаса, оны тегін үлестіруі қажет).
Кезекте 5 адамнан артық болмауы тиіс. Олардың ара қашығы бір метрден кем болмауы керек.
ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН НЫСАНДАР:
Азық-түлік емес тауар сататын базарлар, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
Мейрамхана, кафелер.
Қызмет көрсететін нысандар.
Оның ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа. Солтүстік айналым жолының бойындағы сауда үйлерінен басқа – «Адем», «Ялян», «Еуразия» 15-ші сәуірге дейін жұмыс істемейді. Бірақ «Адем» сауда үйінде орналасқан Magnum Cash&Carry жұмысын тоқтатпайды. Қоғамдық тамақтану нысандарының иелері тек тамақ жеткізу үшін жұмыс істейді.
ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ:
Барлық медициналық мекемелерде – карантин.
Емханалардағы жоспарлы іс-шаралар ауыстырылды. Карнтин аяқталған соң, бұрын жазылғандар қабылдау күні мен уақыты туралы хабарлама алады. Төтенше жағдай ауыстырылған жоқ, ол: босану, жедел ота және т.б.
БАРЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС
Жолдар, тротуарлар, жаяу жүргінші жолдары күніне екі рет жуылып отырылады.
Қаладағы нысандардың кіреберісі, ортаңғы үлкен залы, жеделсатылар, үйдің маңы арнайы құралмен тазартылады. Тұрғын үйлер мен оның маңындағы аумақ кондоминимум нысанының ортақ мүлігіне жатады, яғни санитарлық тазарту шығынын меншік иелері төлейді.
Жүргізілетін дезинфекция қауіпті емес. Сондай-ақ қоқыс жәшіктері, балалар алаңқайы, спорт алаңдары, саябақтар және тағы басқа жерлер өңделеді.
АЗАМАТТАР МЕН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЛМАТЫ ШЕКАРАСЫНЫҢ ІШІ-СЫРТЫНА ШЫҒЫП-КІРУІНЕ ШЕКТЕУ
Жабылған жодар: Әлмерек ауылына жол, «Қарасу», «Ащыбұлақ» - «Водник» мөлтек ауданы, «Шпиль»; 71 разъезд;
Ауылдарға бұрылыстар: Водник, Көксай, Камертоған, «Алтын Ордаға» кіреберіс;
Көшелер: Ақан сері, Интернационал, Жандосов, Орталық (Абай саяжайлары); Даңғыл жолдар: Қапшағай, Күлжі, Талғар, Іле.
27 блок бекет қаланың барлық кіреберісінде. Оған 10 магистраль кіреді, полиция мен санитарлық қызмет кезекшілікте.
Дене қызуы бар жолаушылар мен жүргізушілерді Алматыға келген жерінен кері қайтарады.
Қала сыртындағы қалааралық қатынас толық тоқтатылды.
Алматыға кіруге арнайы рұқсат берілмейді.
Облыста тұрып жатқан, бірақ Алматыда жұмыс істейтін қызметкерлер ақылы демалыс рәсімдеп немесе қонақ үйге, хостелге, жатақханада тұрады;