{metadescription}
Қол жуғанның көмегі бар ма? Гигиена вируспен күресе ала ма?

Қол жуғанның көмегі бар ма? Гигиена вируспен күресе ала ма?

Қолдың 1 шаршы сантиметрінде шамамен 1500 микроб өмір сүреді екен! Ал қолды сабындап жуғанның шынымен көмегі бар ма? Вирус тірі нәрсе ме? Вирус қалай көбейеді? Сонда бізді не қорғай алады? Көктемде қандай вирустар оянады? Қандай антисептиктердің пайдасы жоқ? Қандай ережені әлі күнге дейін білмей жүрміз?  

Қолдың 1 шаршы сантиметрінде шамамен 1500 микроб өмір сүреді! Тазалық сақталмаса, вирустар алақаныңыздан ауыз, мұрын және көздің шырышты қабығына көшеді. Егер бактерияларды антибиотикпен құртуға болса, ал вирустар оны пысқырмайды. Жалпы, вирустардың табиғаты қандай, оған біздің жасушаларымыз неге қажет және одан өзімізді қалай қорғай аламыз?

Вирус деген не?

Вирустар көзге көрінбейді. Оның мөлшері – орташа бактерияның  жүзден бір бөлігіндей. Негізінде вирустар бүкіл жер жүзіндегі тірі тіршілік иелерінен, соның ішінде бактериялардан әлдеқандай көп.

Тұмау вирусының өзінің 2 мыңнан астам түрі бар.

Вирус деген тірі нәрсе ме?

Бұл жерде ғалымдардың пікірі әртүрлі. Вирустар паразиттік нуклеопротеиндік кешен деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл баса-көктеп кіріп, жаулап алатын микроорганизмдер.

Вирустардың пішімі әртүрлі – шиыршық, көпбұрыш, сфера және т.б. Олардың жасушасы жоқ, олар тағамды энергияға айналдыра алмайды, ал қожайынсыз (ол жаулап алған ағза) химиялық заттардың кішкене ғана бөлігі. Сондықтан, бір жағынан, оны тірі деуге келмейді. Екінші жағынан, «өлі» деген сөзге де сәйкес емес. Өйткені вирустарда көбейе алатын бірнеше ген бар.

Вирустар қалай көбейеді?

Вирус ұзақ уақыт тыныш күйде болып, қозғалмай «жата береді». Бірақ кенеттен «шошып оянып» өзіне қолайлы қожайынға кіріп алады.

Вирустар барлық организмдерге жұғады – жануарлар мен өсімдіктерден бастап, ядросыз бір клеткалы микроорганизмдерге дейін. Латыннан  аударғанда вирус «у» сөзін бекер білдірмесе керек.

Вирус тірі ағзаға немесе бактерияға еніп алып, бұл паразиттер жасушаның органоидына (рибосомалар) вирустық ақуыздарды күштеп синтездей бастайды. Содан вирустың бірнеше көшірмесі жиналады. Яғни, бұл тура принтердің жұмысына ұқсайды. Қолайлы кеңістікке кіріп алған вирус өзін белсенді түрде көбейтіп, жаңа аумақтарды басып алады.

Бізді не қорғай алады?

Тек иммундық жүйе. Ол молекулалардан. жасушалардан, тіндерден және ағзалардан құралған.

Иммундық жүйенің негізгі жасушаларын лейкоцит (қандағы ақ түйіршік) деп атайды. Оның бірнеше түрі бар, әрқайсысы денені қорғау рөлін атқарады.

Иммундық жүйеге мыналар кіреді:

• Сүйек майы; айыр безі немесе тимус; көк бауыр;

Сонымен қоса көмекей безі, лимфа жүйесі және лимфа түйіндері де енеді.

Иммундық жүйе алдымен «дұшпанын» танып, содан кейін бар күшін оны жоюға бағыттайды. Ақуыз қабығына қарап ол бөгде денелерді (антигендер) анықтайды, содан кейін вирустың көбеюіне кедергі болатын интерферон шығарады. Бұл кезде Т- және В-лимфоциттер шығып, олар бірігіп алып қарсы дене құрап,  дұшпанына қарсы төтеп беруге кіріседі. Тап осы кезде вирустарды көбейтпес үшін адамның дене қызуы көтеріледі.  

Алайда мұның бәрі адамның иммундық жүйесі күшті болғанда ғана мүмкін. Әлсіз болса, вирустар еш кедергіге ұшырамай бір жасушадан екіншісіне еніп отырады. Сондықтан бізге қосымша қорғаныс қажет. Ол – алдын алу. 

Көктемде қандай вирустар оянады?

ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекциялар). Бұл әлемдегі тыныс алу жүйесінің қабыну ауруларының ең көп таралған тобы, қоздырғыштары - пневмотропты вирустар. Оларға мыналар жатады: тұмау, респираторлық синцитиальды, риновирус, коронавирус, аденовирус және басқа инфекциялар.

Маусымдық аурулардың ішіндегі ең танымалы  – тұмау. Неліктен ол соншалықты қауіпті? Біріншіден, асқынуымен:

• бронхит;

• пневмония;

• көмейдің ісінуі (балаларда);

• жүрек бұлшықетінің қабынуы;

• бүйрек ауруы.

Әрине, бүгінгі таңда бізді мазалайтыны – КОРОНАВИРУС.

Ол адамдарда да, жан-жануарларда да  ауру тудыратын вирустардың бірі.

Ең жиі кездесетін белгілері: дене қызуы, безгек, әлсіздік, құрғақ жөтел. Кейбір жағдайларда мұрын бітеліп, ринореяға, тамақтың ауырғанына, диареяға да шағымдар бар.

Қолды жиі жуғанның көмегі бола ма?

ДДҰ ұсынған тізімде бұл бірінші тұр. Өйткені, біз зиянды микроорганизмдердің, соның ішінде вирустардың көп мөлшерін қолымызға ұстаймыз. Ал сабын мен құрамында спирті бар құрал вирусты құрта алады.

Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы бактериялар мен вирустардың арнайы жинақталатын жерін анықтаған. Ол: жеделсатыдағы тетік, қоғамдық көліктің тұтқалары және дүкендердегі шаруашылық себеттер.

Қолды жуу әрдайым тиімді бола бермейді, егер қолды жылдам, шала-пала жусаңыз.

Біріншіден, қолды кем дегенде 20 секунд жуу қажет.

Екіншіден, көп қолданатын сүлгілер мен қол кептіргіштер қосымша қауіп тудырады. Бір реттік қағаз сүлгілерін қолданған дұрыс, бірақ оны барлық жерден таппайсың.

Үшіншіден, қолды кез келген жерде жууға жағдай жоқ.

Сондықтан вирустық инфекция кең таралған кезде,  антисептик  қолданыңыз. Оны әрдайым өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Қолды қай кезде тазалау керек?

  • тамақтанар алдында;
  • тамақтанғаннан кейін;
  •  дәретханаға барар алдында (адамдар бұны жиі ұмытады);
  • дәретханаға барғаннан кейін;
  • көшеден оралғаннан кейін;
  • жануарларды ұстағаннан кейін;
  • қоғамдық көлікке отырғаннан кейін;
  • ақша және банк картасын ұстағаннан кейін.

Антисептик әсіресе жол жүргенде көмектеседі. Негізгі ереже – саусақтар мен оның арасына жақсылап жағып, бүкіл қолды 30 секунд бойы мұқият тазалау.

Антисептик таңдағанда назар аударыңыз:

• Триклозан бактериялармен ғана күреседі. Тұрақты қолданғанда бактериялар триклозанға төзімділігін күшейтіп, сондықтан ол тиімсіз болып қалады.

• Парабендердің нейротоксикалық әсері бар. Ол теріні тітіркендіреді. Этил парабенімен, метил парабенімен, пропил парабенімен және пилил парабенімен көп қолданбаған жөн.

• Хош иістер жағымдылыққа бола қолданылады. Бірақ одан аллергия болуы мүмкін. Сондықтан иіссіз антисептикті таңдаған дұрыс.

Тағы қандай ереже сақтау керек?

 • Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды көлегейлеп жабыңыз. Майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабындап жуыңыз.

• Жуылмаған қолды бетіңізге, көзіңізге тигізбеңіз.

• Шашты жалбыратпай, жинап жүріңіз. Адам көп жерлерде жайылған шашыңыз біреудің бетіне тиіп, тағы заттарға тиіп, вирус жұқтыру қаупін арттырады.

• Жөтелген, түшкірген адамдардан кемінде 1 метр қашықтықта болыңыз. Сөйлесуді, сүйісуді, құшақтасуды, қол беріп амандасуды шектеңіз.

 Бөлмені жиі желдетіңіз.

• Есік тұтқаларын, кіреберістегі баспалдақ ернеуін, қоғамдық орындарда тұтқалар мен т.б. заттарды ұстамауға тырысыңыз. Үйге келе сала, қолды жақсылап сабындап жуыңыз.

Аурудың таралуы кезінде шикі немесе ысытылмаған тағамды жемеңіз, Әсіресе жақсылап қайнатылмаған мал етін.

• Дене қызуы көтеріліп, жөтел немесе тыныс алу қиындаса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініңіз.

Қазақстандағы тап қазіргі COVID-19 көрсеткішін мына жерден қараңыз. Коронавирусқа қатысты соңғы жаңалықтарды біздің лентадан оқып отырыңыз. КТК тілшілері күн сайын елдегі ахуал мен карантин ошақтарынан және блок-бекеттерден репортаждар жүргізуде. КТК арнасымен бірге болыңыз. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде