{metadescription}
Азық-түлік топтамасы. Жұмыстан шыққандарға және БЖТ аударым жасамағандарға төлем. 42 500 алуға карта шоты

Азық-түлік топтамасы. Жұмыстан шыққандарға және БЖТ аударым жасамағандарға төлем. 42 500 алуға карта шоты

Азық-түлік топтамасын кімдер алады? Оны іс жүзінде кім іске асырады? Жұмыстан шығып қалған азаматтар әлеуметтік төлемді қалай алады? БЖТ  аударым жасамағандар 42,5 мың теңгені қалай алады? 42 500 теңгені алуға клиенттердің карта шоттары пайдаланыла ма?

 Ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санаты:  

  • Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасындағы барлық бала;.
  • Барлық топ бойынша мүгедектер (елімізде 695 мың);
  • Мүгедек баланы қарап отырған ата-ана;
  •  Ресми түрде тіркелген жұмыссыз адамдар;

Қазақстанда айына шамамен 1,5 млн адамға азық-түлік топтамасы беріледі.

Оны іс жүзіне жергілікті әкімдер іске асырады.

42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

Табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарылды. Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет. .

Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады.

Жедел байланыс телефоны: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін, сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін, жексенбі – демалыс)

Жұмыстан шығып қалған азаматтар 6 айлық әлеуметтік төлемді қалай алады

Төтенше жағдайға қарамастан жұмыстан шығып қалған азаматтар, жалдамалы жұмысшылар Мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 айға дейін өздерінің жалақысының 40 пайызына тең ақы алады.  

Ол үшін  egov.kz порталының «жұмыспен қамту» айдарындағы «жұмыс іздеуші» деген бөліміне тіркелесіз.

Үш күннен кейін сізді міндетті түрде жұмыссыз ретінде тіркейді.

Осыдан кейін автоматты түрде жұмысын жоғалтқан адам ретінде 6 айға төленетін төлем сізге тағайындалады.

Бірыңғай жиынтық төлемге аударым жасамағандар 42,5 мың теңгені қалай алады

42,5 мың теңгелік әлеуметтік төлемді алуда: 

  1. Біріншіден, мәліметіңізді дұрыс толтыру керек. Өзіңіздің есепшотыңызды дұрыс көрсетіп, ЖСН нөмірін дұрыс белгілеу керек.
  2. Екіншіден, соңғы екі айда болсын сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік төлем болуы тиіс. Себебі, бұл төлем бір кассадан төленіп жатқан жоқ. Мемлекеттік сақтандыру қорынан аударылып жатыр. Бірақ осындай әлеуметтік төлемдері мүлде жоқ азаматтар да бар. Яғни бейресми жұмыс істеп жүргендердің еңбек шарттары жоқ, олар салық төлемеген. Сондықтан бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтарға Президент рәсімделу ғана жеткілікті екенін айтты.

Рәсімделу деген не?

Ол үшін Бірыңғай жиынтық төлемді бір мезгіл төлесеңіз жеткілікті. Ол сома қала тұрғындары үшін 2651 теңге, ауыл тұрғындары үшін 1325 теңге. Осыны бір төлесеңіз, 42500 теңгені ай сайын алатын боласыздар.

Төлемді қалай жасауға болады?

Халық банк, Форте банк, Жусан банк, Сбербанк, БЦК, Каспи банктерде мобильді қосымшалар бар. Сол арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді аударуға болады.

Болмаса СМС арқылы: телефоннан СМС-ті 5505 нөміріне хабарлама жазып, қала тұрғыны болсаңыз латын әріптерімен «gorod ESP» деп ЖСН белгілейсіз, ауыл тұрғыны болсаңыз «selo ESP» деп ЖСН белгілейсіз.

Осыны жібергеннен кейін төлемдеріңіз есепке түседі. Осыдан кейін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігіңіз бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.