{metadescription}
COVID-19: Пандемияның арқасында байығандар

COVID-19: Пандемияның арқасында байығандар

Әлемде көптеген компаниялар пандемия әкелген шығынды есептеп үлгере алмай жатқанда, кейбір компаниялар көл-көсір ақшаға кенелген. Бұл жерде әңгіме азық-түлік дүкендері мен дәріхана туралы емес. Ендеше COVID-19 дертінің салдарынан болған карантиннің арқасында мол табыс тапқандар кім?

#1Стриминг қызметі

Былтырғы жылмен салыстырғанда Netflix 15, 8 миллион жаңа қолданушыларға ие болып, таза пайдасын екі есе арттырған. Интернет-провайдерлерге түскен ауырлықты азайту үшін бұл компания тіпті Еуропадағы трансляция сапасына қолын сілтей салғанға ұқсайды. Сонымен Netflix компаниясы үш айға 7,5 миллион жазылушылардың өсімін күтіп, дәмеленіп отырған жайы бар. 

#2Жекеменшік авиация

Азаматтық авиацияға қарағанда, бизнес-авиациялардың рейстері едәуір артқан. Бай-бағландар мен шенеуніктер шекаралардың жабылғанына қарамастан, саяхаттауды тоқтатпаған. Кейбір компаниялардың сұранысы 400 пайызға, ал тапсырыстары 20-25 пайызға артыпты. 

#3Интернет-дүкендер

Amazon компаниясының интернет-ритейлдерінің капиталдануы 2020 жылдың сәуір айында тарихта болмаған – 1,14 триллион долларға жетті. Ал оның басшысы Джефф Безос бір тәулік ішінде 6,4 миллиард долларға қалтасын қомпайтты. 

#4Бункер сатушылары

Жер астын паналайтын баспана сатумен айналысатын белгілі бір америкалық компанияның сатылымы 400 пайызға артқан. 365 күнге азық-түлігі, су қоры бар, яғни адамға жайлы етіп толық қамтылып салынған бункердің бір кісіге арналған орнының бағасы, кем дегенде 17 мың доллар тұрады. Ал кинотеатры, бассейні, шағын мейрамханасы бар Еуропадағы люкс санатындағы бункердің бағасы 2 миллион еуродан басталады.

#5Видеоконференция қызметі 

Адамдардың жаппай қашықтан жұмысқа көшуі аталмыш қызметтің сұранысын арттырғаны айдан анық. 2020 жылдың сәуір айының алғашқы үш аптасында Zoom өз аудиториясын 50 пайызға өсіріп, оны 300 миллион адам қолданды. Және де аталмыш қызметтің хакерлер шабуылына төтеп бере алмайтынына қарамастан, танымалдылығы күн сайын артуда.

#6Тағам жеткізіп беру қызметі

Мәселен, Испанияда Uber Eats компаниясының тапсырысы алдыңғы айға қарағанда, наурызда 59 пайызға артқан. Ал АҚШ-та наурыз айының соңында мейрамханадан үйге тамақ жеткізіп беретін компаниялардың сатылымы орташа алғанда 24 пайызға көбейген. Оның қызметін қазір бүкіл әлемнің Мишлен (мейрамхана гиді) мейрамханалары қолданады.

#7Интернет арқылы танысу қызметі

Қарым-қатынасқа зәру жандардың интернет қызметіндегі хабарландыру көрсеткіші 10-25 пайызға артқан.  Сонымен қатар чаттағы әңгімелесу де 10-30 пайызға ұзарған. Осыған қатысты атақты компания –  бүкіл әлемнен өзінің екінші жартысын, яғни болашақ жарын немесе жақын дос іздеу функциясын тегін пайдалануды ұсынып отыр.        

Ал сіздің бизнесіңіз бұл пандемиядан пайда тапты ма? Әлде шығынға белшесінен батты ма? 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде