{metadescription}
42 500 теңге төлемді екінші рет кім ала алады

42 500 теңге төлемді екінші рет кім ала алады

42 500 теңге төлемге екінші айда кімдер үміткер бола алады? Елімізде төтенше жағдай режимі қашан енгізілді? 42500 төлемді берудің бірінші айы қай қай аралық? Ал қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай қай кезге дейін?

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші төлемге 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар үміткер бола алады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілді.

Төлемді есептеу үшін бірінші ай - 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы алынады.

Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай - 16 сәуірден 11 мамырға дейін.

16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады.

7 мамырдағы жағдай бойынша 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді екінші рет алды.

Төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығындағы уақыт есептеледі.

Екінші ай — 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралық.

16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады.

 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде