{metadescription}
Дағдарысқа қарсы шаралар: Үкімет бөлген 5,9 трлн теңге қайда жұмсалады

Дағдарысқа қарсы шаралар: Үкімет бөлген 5,9 трлн теңге қайда жұмсалады

Үкіметтің бөлген алты триллионға жуық қаражаты қоғамда түсініспеушілік тудыруда. «Бұл неткен үлкен сома?», «Оның бәрін қайда жұмсады және қайда жұмсамақшы?» сарында әңгімелер болғандықтан, біз 5,9 трлн теңгенің нақты қайда бөлінетінін туралы ресми ақпар беруді жөн көрдік.

Елдегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін Үкімет 5,9 трлн теңге бөледі.

Аталған қаржы республикалық бюджет есебінен (3,4 трлн теңге) және бюджеттен тыс қаражаттан (2,5 трлн теңге) құралады.

Шығындар жұмыспен қамтуды арттыруға, табыстан айырылу, әлеуметтік жәрдемақы сынды ай сайынғы төлемдерге, баспана құрылысына, бюджеттің салық табысы шығындарын толтыруға және Мемлекет басшысының тапсырмасымен басқа да бағыттарға жұмсалады.

Жұмыспен қамтудың жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге бөлінеді.

Оның 300 млрд теңгесі республикалық бюджеттен алынса, 700 млрд теңге - бюджеттен тыс қаражат.

Осы қаржы аясында өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 255 мың жұмыс орны ашылады.

Бизнес субъектілерінің айналым капиталына 8% жеңілдетілген несие беру және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларға жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген несиелерді кеңейту аясында 1 трлн теңге (бюджеттен тыс) қарастырылған. 

Екі ай ішінде 4,5 миллионнан астам адам табысын жоғалтқаны үшін ең төменгі жалақы (42,5 мың теңге) мөлшерінде төлем алады. Оған  шамамен 370 миллиард теңге (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан) қарастырылған.

Елдегі тұрғын үй құрылысы көлемін 15 миллион шаршы метрге жеткізу үшін баспана құрылысына қосымша 390 миллиард теңге бөлінеді (бюджеттен тыс қаражат).

Республикалық бюджеттің салықтық кірістері шығынын өтеу үшін және мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін 1,7 трлн бөлінді.

Экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін жалақы төлеу қорын салықтар мен алымдардан босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығынын өтеу үшін 237 млрд теңге қарастырылған. 

313 млрд теңге әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек) 10% дейін қосымша индексациялауға, шәкіртақыны көбейтуге және халықтың кейбір санатының коммуналдық төлемдерін өтеуге жұмсалады.

«Мемлекеттік бағдарламаларды кеңейтуге 240 миллиард теңге қарастырылған.

Оның ішінде: агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға - 50 млрд теңге;

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек нарығын дамытуға - 50 млрд теңге;

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және қарыздарға кепілдік беру үшін - 84,5 млрд теңге;

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық жерлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 55 млрд теңге. 

Эпидемияға қарсы шараларға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне және басқа жұмысшыларға үстемеақы төлеуге, халықтың осал топтарын азық-түлікпен және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етуге және басқа да жұмыстарға 125 млрд теңге қарастырылған.

Азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қосымша 575 млрд теңге бағытталған.

Аталған қаражат аясында валюта бағамының өсуіне, Нұр-Сұлтан қаласында үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге байланысты бюджет шығындары алдын ала ескерілген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.