{metadescription}
Карантин сақталады. Сізді мазалаған сұрақтар

Карантин сақталады. Сізді мазалаған сұрақтар

Блокпосттарда ПТР тест анықтамасы талап етіле ме? Блокпосттан кімдер өте алады? Теміржол көлігінің қозғалысы ашыла ма? Облыстар арасында көлік қатынай ма? Қай қалаға ұшақпен баруға болады? Қандай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы жанданады? Қоғамдық көліктердің жұмысы,   коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің жаңа тізімі, қайда өтінім беру керек, 42 500 теңгелік төлем, дәрігерлердің үстемеақысы, банкте проблемалық қарызы бар азаматтар мәселесі, салық төлеуші берешегін төлеу мерзімі, мектептер мен балабақша жұмысы және

тағы басқа сұрақтардың жауабын ұсынамыз.

Алматыдағы блокпосттарда ПТР тест анықтамасы талап етіле ме?

Алматыға кіріп немесе шығып бара жатқан адамдардан блокпосттарда ПТР тест тапсырғаны туралы анықтама талап етілмейді. 12-мамырдан бастап ашылатын және осы күнге дейін жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға облыс аумағында тұратын жұмысшыларын шақыруға мүмкіндік беріледі. Осыған орай, кәсіпорындардан ұсыныстар қабылданып, тіркеу басталады. Бұл жерде бекітілген алгоритмге сәйкес, арнайы деректер қорынан облыс тұрғынына блокппостардан өтуге рұқсат беріледі. Және де қала мен облыс ортасында тек рұқсаты бар адамдар ғана жүре алады.

Теміржол көлігінің қозғалысы ашыла ма?

Төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан, блокпосттар әлі де сақталады. Бірақ, қала маңында тұратын, қалада жұмыс істейтін қызметкерлер әкімдіктер бекіткен тізім бойынша еркін кіріп-шыға алады.

Облыстар арасындағы көлік қатынасы

Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді.

Елімізде қай қалаға ұшып баруға болады?

Қазақстанның 7 қаласына әуе рейстері ұша бастады. 11 мамырдан бастап: Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданды. Бұл уақыттан бұрын Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей,Өскемен,Петропавл, Қызылорда қалаларына рейс қайта ұшырылған болатын. Ұшуға жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған, енді ол талап алынып тасталды. Әуежай мен ұшақтағы қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Әуежайға кіріп-шыққандардың дене қызуы тексеріліп, жолаушылардың бетперде киіп жүруі міндетті. Ара-қашықтық сақталып, ұшақ бортын әр рейс сайын залалсыздандырып тұру қажет.

Қазақстанның 13 қаласына жасалынатын рейс кестесін мына жерден қараңыз.

Ашылатын орталықтар

Екі мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен бөлек дүкендердің, сұлулық салондарының және балаларды дамыту орталықтары ашылады. Тұрғындардың саябақтар мен скверлерде серуендеуіне рұқсат беріледі. Парк жанындағы көңіл көтеру жұмыстарына шектеу қойылады

Мейрамханалар мен қонақ үйлер жұмыс істей ме?

Ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысы іске қосылмайды. Бұл мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарастырылады.  Елдегі КВИ жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқанда ғана, ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік бар.

Спорт жаттығуларын өткізуге рұқсат беріле ме?

Спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. Онда барлық санитарлық талаптар сақталады. Сонымен бірге кез келген бұқаралық шараға тыйым салынады.

Алматыдағы сән салондары мен білім орталықтары

Алматыдағы сән салондары мен білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат беріледі. 11-мамырдан бастап сән салондары мен кейбір білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат берілді. Арнай белгіленген тәртіп бойынша infoalmaty.kz сайтында арыздар қабылданады. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі жалғасады. Санитарлық талаптар сақталуы керек.

Нұр-Сұлтанда блокпосттан кімдер өте алады?

Нұр-Сұлтан қаласына кіруге қойылған шектеу шаралары әлі де күшінде болады. Елордаға тек қаланың тіршілігі үшін маңызды нысандар мен кәсіпорындарда еңбек ететін адамдар кіргізіледі. Қазіргі таңда қалалық штаб Қарағанды және Павлодар облысының әкімдіктерімен бірге елордаға жақын ауданда тұратын, бірақ қаладағы карантин аумағында еңбек ететін азаматтардың тізімін жасап жатыр. Осы тізім блокпостағы «Сергек» жүйесіне енгізіледі. Яғни, Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін азаматтар аудандық әкімдіктегі бөлімшеге барып, өзінің астанада еңбек ететінін растауы керек. Әкімдік осы тізімді блокпосттарға жолдайды. Артынша тізімдегі азаматтар қалаға оңай кіре алады.

Елордада қандай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы жанданады?

Елордада азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмысы қайтадан қалпына келеді. Бірақ олар міндетті түрде санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтауы керек.

Бизнес-орталықтардың, сақтандыру компанияларының, адвокаттық қызметтердің, нотариус, жылжымайтын мүлік бойынша агенттіктердің де жұмысы жанданады.

Спорттық нысандар оқу-жаттығу процестері үшін 30 адамға дейінгі арнайы топпен жұмыс жүргізе алады.

Мәдениет және репетицияның жекелеген топтары да 30 адамға дейін жұмыс істеуіне рұқсат.

Халыққа қызмет көрсететін типография, тігін ательесі, аяқ киім шеберханасы, химиялық тазарту мен адамдар жиналмайтын өзге де нысандар жұмысын бастайды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданады. Бірақ онда адамдардың кезек сақтауда санитарлық талаптарының бәрі сақталуы керек. Екінші деңгейлі банктерде азаматтар екі метрлік қашықтықты сақтауы керек.

Толығымен санэпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтау үшін мектепке дейінгі ұйымдар, балақбақшалар үшін арнайы алгоритм әзірленді. Білім орталықтары мен үйірмелер жұмысын жүргізу үшін қызметкерлер мен балалардың жағдайын қатаң бақылауда ұстауы керек. ЖРВИ белгісі бар балалар ондай орталықтар мен үйірмелерге кіргізілмеуі тиіс. Балалар кабинеттері мен коррекциялар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда қашықтан оқыту тәртібі сақталады. Оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту жүйесі күшінде қалады.

Қазіргі таңда шаһардағы саябақтардың бәрі де ашық.Парктерге, аумақтарға, бақтарға баруға болады. Өзен жағасымен де қыдыруға рұқсат. Бірақ үш адамнан артық жүрмеу керек. Маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған абзал. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, саябақта қыдыруға болады.

Бұрынғыша спорттық, көңіл көтеретін, бұқаралық, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, теарлар мен көрмелер, адамдар жиналатын басқа да нысандар әлі де ашылмайды. Діни нысандардың жұмыс бастауына да әлі болмайды. Эпидемия азайғаннан кейін ғана бұл мәселелерді қайта қаралады.

Елордада қоғамдық көліктердің жұмысы қашан қалпына келтіріледі?

12 мамырдан бастап елордада қоғамдық көліктің жұмысы жанданады. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Бірінші кезеңде желіге қалалық бағдарлар шықса, екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады.

Коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің жаңа тізімі

Коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің ауқымы кеңейді. Жалпы тізім қоғамның ең осал топтары ретінде саналатын жеті санатты қамтиды. Оларға наурыз-сәуір айларының әрқайсысына 15 мың теңгеден беріледі. Бұл жеті санатқа енетін:

1, 2, 3 - топтағы мүгедектер;

Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілгендер;

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар;

Ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

Жалғызбасты зейнеткерлер;

Мемлекеттік немесе қоғамдық, әскери немесе құқықтық міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар.

Бұдан басқа, жергілікті бюджет шамасына қарай бұл тізімді ұлғайта алады.

Елордада коммуналдық шығынды жабуға берілетін 15 мың теңгені алу үшін қайда өтінім беру керек?

Елорда әкімдігі өтінім қабылдау үшін екі алаңды ұсынады: бірі - KKKOMTOLEM.KZ сайты, екіншісі - KOMTOLEM телеграм-боты. Өтінім маусым айының ортасына дейін қабылданады. Сонымен қатар 28-09-59 нөмірі бойынша колл-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Азаматтар ол жерден техникалық көмек алып, сұрақтарын қоя алады. Коммуналдық қызмет үшін төлем «Астана ЕРЦ» ЖШС шотына ақшаны аудару жолымен жүргізіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ережелерге өзгеріс енгізген. Ендігі кезекте әлеуметтік әлсіз топтағы отбасының мүшесі өтінімді бере алады.

Карантин режимін жеңілдету туралы

Әзірге карантин режимін жеңілдету бойынша жоспар әзірленген. Онда маусым айы да қамтылады. Бұдан басқа да Үкіметтің жеңілдету, шектеу шаралары туралы бойынша тұтас жоспары бар. Үкімет 159 бөлімнен тұратын кешенді жоспарды әзірледі. Барлық шаралар экономикалық бөлімді қалпына келтіруге бағытталған. Әсіресе жұмыс орындарын қалпына келтіру мәселесі өзекті.

42 500 теңгелік төлем

42 500 теңгелік төлемге қатысты өтініш қабылдау тоқтатылды.

 42 500 теңге төлем туралы 11 мамырға дейінгі тапсырылған өтініш міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады.

42 500 теңге төлем - төтенше жағдай режиміндегі шектеулерге қатысты жұмыс істеп жүрген азаматтардың табысынан, жалақысынан айырылған жағдайда төленеді. Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың адам өтініш берген. Осы адамдар екінші айға да төлем алуға құқылы. Мамыр айының басында ол төлем іске асырыла бастады.

5-6 мамыр күндері 2 млн-ға жуық адамға төлем рәсімделген. Бұл төлем қалғандарына да берілетін болады. 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды, сондықтан бүгіннен бастап, яғни 11 мамырдан бастап  42 500 теңгеге қатысты өтініштерді қабылдау тоқтатылады. Ал 11 мамырға дейінгі өткізілген өтініштер міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленеді.

42 500 теңге алған азаматтар қайтадан «көлеңкеге» кетіп қалмайды

 Президент мемлекеттік қолдауға, күрделі шақта әлеуметтік қолдауға, лайықты зейнетақыға – болашақта тек ресми жұмыс істеп, салық төлейтін азаматтар ие болатынын ескертті.Әлеуметтік төлемді алған азаматтардың 40 пайызы – БЖТ-ны бірінші рет төлегендер. Бұл мемлекеттік көмекке мұқтаж азаматтар. Олар экономикаға барынша тартылады. Бұл адамдар қайтадан «көлеңкеге» кетіп, өз проблемасын бетпе-бет қалмайды. Мемлекет басшысы мемлекеттік қолдауға, күрделі шақта әлеуметтік қолдауға, келешекте лайықты зейнетақыға – тек ресми жұмыс істеп, салық төлейтін азаматтар ие болатынын айтты.

Сол себепті уақытша жұмыссыз қалған азаматтар мен дәл осы санаттағы азаматтар – Үкімет пен әкімдердің жіті назарында болуы тиіс. Нарықтық экономика аясында жұмыстан уақытша кез келген адам айырылып қалуы мүмкін. Осыған байланысты Үкімет еңбек нарығындағы тіркеуді барынша жеңілдетіп, процедураларды қысқартып, жұмыссыз қалу мәртебесі мен тиісті төлем беру ісін жеңілдетуі тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

КВИ-мен күресіп жүрген дәрігерлердің үстемеақысы қашан тоқтайды?

Ол туралы Президент арнайы тапсырма берген. Оған байланысты мемлекет деңгейінде Үкіметке 40 млрд ақша бөлініп отыр. Тамыз айына дейін денсаулық сақтау жүйесінде жүрген адамдарға үстемеақы беріледі.

Салық төлеуші берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыра ала ма?

Салық төлеуші берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты арнайы салық режимін қолданылатын 1,2 миллионға жуық микро және шағын бизнес субъектілері жыл басынан бастап 3 жылға барлық табыс салықтарын төлеуден босатылды. Сонымен қатар қызметтерін жалпы режимде жүргізетін жеке кәсіпкерлер осы жылдың соңына дейін табыс салығын төлеуден босатылған еді. Бұл - шамамен тағы 72 мың кәсіпкер.

2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнестің 1,3 млн субъектінің бюджетке төлейтін салықтары мен төлемдерді, оның ішінде әлеуметтік төлемдерді төлеуі кейінге қалдырылды. Аталған мерзімге дейін салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылады.

 «Салық« кодексіне сәйкес, егер салық төлеуші берешектерін төлей алмайтын жағдайда болса, онда олар өздерінің тіркелген жерлері бойынша осы берешектерін төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне барып жүгінулеріне болады.

Мектептерде соңғы қоңырау қашан өткізіледі?

Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. 3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу жоспарлы түрде өтеді.

Балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді?

Балабақшаларға тыйым болғанымен, біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласында жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Ол қарастырылды. Жұмысқа шығатын ата-аналар баласын балалабақшаға апара алады. Бірақ, бала санына арнайы шектеулер қойылады. Орта есеппен бір балабақшада 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр балабақшада 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасалынады.

Банкте проблемалық қарызы бар азаматтар мәселесі

Қазақстанда келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізіледі.

Азаматтардың қарыз бойынша жүктемесінің көбейіп кетуіне жол берілмейді.  Қаржы нарығын реттеу бойынша агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушылардың оңалту мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар қарыз алушы мен өнімнің типіне қарай сыйақы ставкасын есептеу амалдарын қайта қарастырылады. Азаматтардың мүддесін қорғау үшін банктік емес, несиелік ұйымдарды бақылау жұмысы күшейеді. Ал келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізіледі.

Кәсіпкерлерге қатысты банкроттық процедурасы

2020 жылдың 1 қазанына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық процедураны қозғауға тыйым салынады.

Барлық кәсіпорындар мен барлық жұмыс орындарын сақтап қалып, әрбір бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету қиын. Сондықтан төтенше жағдай режимінің енгізілуінен барынша зардап шеккен экономика секторлары үшін нормативтік деңгейде төтенше жағдай режимінің енгізілуі форс-мажорлық жағдай деп мойындау маңызды. Бұл ретте жеке кәсіпкерлік және шағын бизнес өкілдері сотқа жүгінген кезде төтенше жағдай форс-мажорлық жағдай деп мойындалуы тиіс.

Жосықсыз кредиторлар тарапынан қысымға жол бермеу мақсатында осы жылдың 1 қазанына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық процедурасын қозғау тоқтатылады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде