{metadescription}
ҰБТ-2020: Жаңашылдықтар. Тыйымдар. Ата-аналарға онлайн

ҰБТ-2020: Жаңашылдықтар. Тыйымдар. Ата-аналарға онлайн

Биылғы ҰБТ-да алғаш рет қандай құрылғы қолданылады? Ата-аналарға қандай тыйым салынды? ҰБТ нәтижесі мен білім беру гранты қандай жағдайда жойылады?  Жылда берілетін қағаз сертификат немен ауыстырылды? Биыл қандай мамандыққа шекті балл көтерілді? Қандай қауіпсіздік шаралары сақталады? Екі метр арақашықтық сақтала ма?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: 

"Ата-аналарға үйде онлайн ұйымдастырамыз"

 

 

 

Барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты міндеттер бекітілді:

  • Біріншіден, қауіпсіздік шараларын қатамасыз ету;
  • Екіншіден, жергілікті атқарушы органдарға барлық ҰБТ өткізу пункттерін тосқауыл таспаларымен, залалсыздандыру туннельдерімен, тепловизорлармен, санитайзерлермен, залалсыздандыру кілемшелерімен, респираторлық маскалармен қамсыздандыру және қамтамасыз ету;

 

Тыйымдар:

 Ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады.

ҰБТ кезінде түрлі гаджеттерді, байланыс құралдарын, шпаргалкаларды, әдебиеттерді кіргізуге тыйым салынады.

Бейнежазбаны қарау кезінде түлектің тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады.

Бейнежазбаны қарау кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда ҰБТ нәтижесі, сонымен қатар білім беру гранты жойылады.

Жаңашылдықтар:

Тест тапсырушыларға қарапайым калкульятор беріледі;

Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылды;

Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттері алдын ала берілген;

Түлектер емін-еркін сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болып, тапсырған;

ҰБТ-ға кіргенде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады.

Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлік енгізілді;

Халықаралық тестілердің балдарын ҰБТ ұпайына аудару шкаласы енгізілді;

Халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылады:

 Халықаралық сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балдары арқылы қатыса алады;

«Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие;

Биыл түлектер мектепте тапсыратын қорытынды емтихандардан мамыр айының соңында босатылды;

2020 жылы өтініш қабылдау алғаш рет онлайн форматта өтті.

Қамтамасыз ету шаралары:

Ата-аналарға ҰБТ өту барысын сол жерге келмей-ақ үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылады.

ҰБТ өткізу пункттері тосқауыл таспаларымен жабдықталады.

ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібінде тестілеушілердің арасында 2 метр қашықтықтың сақталады. Екі метр арақашықтық ҰБТ тапсыратын аудитория ішінде де сақталады.

Қосымша 5 сақтық шарасы:

Тест тапсырушыларды заласыздандыру туннельдерінен өткізу.

Аяқ киімдерді арнайы заласыздандыру кілемшелерімен өңдеу.

Еденді санитайзерлермен заласыздандыру.

Әр талапкердің дене қызуын өлшеу.

Бір жолғы қолданылатын жаңа маска беру.

Шекті балл:

Биыл педагог мамандығына үміткер түлектерге шекті балл көтерілді.

Педагогика мамандықтарына түсуге талап күшейтіледі. Педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа көтерсек, биыл 70 балға дейін көтерілді.

Жалпы мәлімет

Биылғы ҰБТ материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен толық жабдықталып, ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары  орнатылды. ҰБТ мерзімде – 25 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі.

Биыл  132 мыңға жуық адам Ұлттық бірыңғай тестін тапсырады. ҰБТ биыл 17-рет өткізіледі. Осы кезеңде тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысқан.

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілуде.

Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пәнде тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі.

Барық тест тапсырмаларының саны - 120, максималды балл - 140.

 ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді.

Биыл тестілеуге қатысуға 111 109 немесе 82 пайыз өтініш тапсырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде