{metadescription}
Коронавирусқа тегін тест тапсыру

Коронавирусқа тегін тест тапсыру

Коронавирусқа ақысыз ПТР-талдаудан өтуге кімдер құқылы? Кім міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін тест тапсыра алады? Барлық аймақтағы науқастар коронавирусқа тест зерттеуімен қалай қамтылады? Коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан қашан өткізіледі?

10 санат бойынша COVID-19-ға тестілеу ақысын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Аталмыш қор есебінен коронавирусқа ақысыз ПТР-талдаудан өтуге құқылы азаматтар:

Тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемінде:

- инфекциялық стационарға жатқызылған пациенттер;

- COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен провизорлық стационарға жатқызылған пациенттер;

- COVID-19 болуы мүмкін, ЖРВИ және пневмония белгілері бар, стационарлық деңгейдегі пациенттер;

- Үйде оқшаулауға жағдай болмағанда карантиндік изоляторға симптомсыз COVID-19-пен жатқызылған азаматтар (ПТР-тексеру, бұл санаттағылар үшін, сол жатқан стационарларда жүргізіледі);

- COVID-19 болуы мүмкін, ЖРВИ және пневмония белгілері бар, амбулаторлық деңгейдегі пациенттер;

- симптомсыз COVID-19-пен БМСК дәрігер бақылауындағы азаматтар (ПТР-тексеру, бұл санаттағылар үшін тіркелген орны бойынша емханада тағайындалады);

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында:

- ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылған пациенттер, оның ішінде 37 апта мерзімінде босандыруға рұқсат берілген жүкті әйелдер (ПТР-тексеру тіркелген орны бойынша емханада тағайындалады);

- ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған пациенттер, оның ішінде жүкті әйелдер мен бала босанған аналар (ПТР-тексеру стационарда жүргізіледі);

- гемодиализде жатқан пациенттер (ПТР-тексеру тіркелген орны бойынша емханаларда тағайындалады);

- жаңа туған нәрестелер, клиникалық хаттамаға сәйкес (ПТР-тексеру стационарда жүргізіледі).

Зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен және басқа да қосалқы мәселелермен аймақтық денсаулық сақтау басқармалары айналысады.

Бірқатар аймақта медицина ұйымдарының инфрақұрылымдары қалыптасқан жүктемелерді көтере алмағандықтан, тест тапсырғысы келетіндердің ұзын-сонар кезегі байқалады. Ол тест нәтижесінің жылдам ұсынылуына әсер етеді. әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың қызмет ақысын уақытылы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындауға дайын.

1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бойынша хабарласушылар саны 2 есе артты. Қоңыраулардың көбі коронавирус бойынша ауруханаға жатқызу мәселесіне қатысты.

Барлық өңір әкімдері науқастарды коронавирусқа тест зерттеуімен қамтамасыз етуі тиіс.

- жедел жәрдем станциялары мен емханалардағы call-орталықтардың қуатын арттыруды;

- жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуін қамтамасыз етуді;

- меншік нысанына қарамастан өңірдегі бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды коронавирусқа тест зерттеуімен қамтуды қамтамасыз ету;

- инфекциялық және провизорлық төсектердің талап етілетін санын қамтамасыз ету қажет;

- амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде үйдегі пациенттерге сапалы динамикалық бақылауды жүзеге асыру;

- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханаларды ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;

- халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі.

Қазір үш платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірленіп жатыр.

Бірінші, инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген.

Екінші – рекомбинантты суббірлікті вакцина.

Үшінші – рекомбинантты векторлық вакцина.

дайындалуда. Кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде. 2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталды. Тышқандардағы қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді.

2020 жылдың қыркүйек айында клиникалық зерттеулер басталады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.