{metadescription}
Қазақстанда коронавируспен күрестің 10 маңызды қадамы

Қазақстанда коронавируспен күрестің 10 маңызды қадамы

Тап қазір жұртты не алаңдатып отыр? Пандемияның аяқталуы мерзімінің айқындалмауы және covid-19 емдеу мен профилактиканың тиімді әдістерінің болмауы. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой негізгі мәселеге талдау жасап, халықтың сұранысына әрекет етіп, Мемлекет басшысын коронавирус инфекциясымен күрестің маңызды 10 қадамымен таныстырды. Ол қандай іс-шаралар?   

1. Амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым әрі түсінікті ескертпелер даярлау;

2. Дәрілік заттарды жеткізу мен сатып алу рәсімдерін жылдамдату. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру;

3. COVID-19-ды диагностикалауда цифрлық рентген-аппараттарды пайдалануды кеңейту жолымен тексеру шараларының қолжетімдігін арттыру;

4.Тестілеу үшін зертханалар қуатын күшейту, тестілерді уақытылы жеткізу;

5. Шақыртулар кезінде мобильдік бригадалармен тестілерді алуды ұйымдастыру;

6. Үйде пациенттер үшін барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

 7. Амбулаторлық деңгейде консультацияларды қашықтан жүргізуді енгізу;

8. Стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау;

9. Жерлеу тәртібін өзгерту;

10. Азаматттардың эпидемиологиялық сақтығын жоғарылату.

«Қоғамдық деңгейде әлеуметтік және жұмыс істеу тәртібін бейімдеу, корпоративтік жауапкершілікті арттыру, ақпараттық технологиялар әлеуетін жүзеге асыру тетіктері енгізіледі», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде