{metadescription}
Коронавирусты қалай емдейтін болды? Жаңа хаттама

Коронавирусты қалай емдейтін болды? Жаңа хаттама

Елімізде COVID-19 қалай емделетін болды? Не нәрсеге басты назар аударылады? COVID-19 кезінде өкпенің вируспен зақымданғанда ем-дом қалай жүргізіледі? COVID-19-дың ауырлық деңгейі орташа науқастар ауруханаға жатқызыла ма? Амбулаторлық жағдайда қандай дәрі беріледі? Пневмонияның ауыр түрі қалай емделеді, қандай препаратпен?

COVID-19-ды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасының 10-редакциясына коронавирус инфекциясын емдеуде айтарлықтай толықтырулар енгізілді.

COVID-19 кезінде бактерияға қарсы терапияны бактериялық инфекция қосылған жағдайда ғана қолдануға баса назар аударылды.

COVID-19 кезінде өкпенің вируспен зақымдануы эмпирикалық бактерияға қарсы терапияны бастау үшін көрсеткіш бола алмайды.

COVID-19-дың ауырлық деңгейі орташа науқастарға вирусқа қарсы препараттарды стационарға жатқызғанға дейін амбулаторлық жағдайда қолдану ұсынысы құпталды.

Хаттамаға амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылып отыр: гидроксихлорохин және Лопинавир/ритонавир.

Енді пациенттер стационар деңгейінде Жапония мен Ресейде COVID- 19-ды емдеуде кеңінен қолданылған Фавипиравир дәрісін ала алады.

Пневмонияның ауыр түрінде терапия дексаметазон препаратымен толықтырылды.

Науқастың дене қызуы 3 тәуліктен астам уақыт болмаса, респираторлық симптомдар азайса, ренгендік компюьтерлік томография барысында өкпеде оң динамика байқалса және басқа да оң өзгерістер кезінде науқас амбулаторлық емдеуге ауыстырылады.

Аурудың орташа және ауыр түрін бастан кешірген реконвалесценттер стационардан жазылып шыққаннан кейін медициналық бақылау үй жағдайында жалғасатын болады.

Бақылау уақыты реконвалесценттің жалпы жағдайына байланысты дербес анықталады.

Хаттаманың 10-нұсқасы таяу уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

Айта кетсек, Ресей Қазақстанға вирусолог мамандарын жібереді. 

Ресей Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.