{metadescription}
Шілде айына арналған астрологиялық болжам – 2020 жыл

Шілде айына арналған астрологиялық болжам – 2020 жыл

Шілде айында сізді қандай жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған істеріңізді жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог А. Ремпельдің шілде айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

Шілде айына арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты бұрын байқамаған мәселелерге көңіл аударып, егжей-тегжейлі зерттейді. Көбісінің қызықты дүниеге әуестігі артады. Кез келген істі мұқият орындауға тырысады. Тұратын жерін гүлдендіруге, жақсартуға құлшыныс пайда болады. Әдемі дүниеге, қайталанбас нәрсеге құштар болады. Сонымен қатар бұл айда материалдық құндылықты қайта қарастырады. Әр нәрседен өзінің қаржы жағдайын жақсартудың тұсын байқайды. Ол көбінесе өзгелердің көмегімен жүзеге асырылады. Қысқа сапарлар күтілуде. Өз жоспарына қатты сенеді. Қиындықтар болса да… Жеке өмірде көшбасшы болуға мүмкіндік бар. Қасындағы адамның көзқарасын өзгертуге тырысады.

Торпақ білімге, дамуға ұмтылыс бар. Кәсіби салада жаңа бетбұрыс. Бұл айда кәсіби жағынан көптеген өзгерістер болуы әбден мүмкін. Айналасында өзін түсінетін адамдар болады. Олар сіздің міндеттеріңіз бен жоспарларыңызды құптайды. Одақтастары жетістікке жетуге ықпал етеді. Шілде көптеген Торпақтар үшін екіге бөлінеді: әлдебір оқиғаны алаңдап күтеді, ақпарат жинайды және оқиғалар жылдам дамып, тез шешім қабылдау қажеттігі туады, қауырт жұмыс істеуге тура келеді. Нәтижесін көруге мүдделілік жетістікке жетелейді. Шағын компаниямен сапарға шығуы мүмкін. Қаржы жағдайы көбінесе жақын адамдарының шаруасымен тікелей байланысты.

Егіздер басқалар назар аудармайтын мәселеге терең үңіледі.  Белгілі бір үрдістерге алаңдап, ол сіздің жетістіктеріңізге қауіп төндіреді деп ойлайсыз. Сіздің бақытты бола алмай жүргеніңізге әлдебіреулер кінәлі деп ойлайсыз. Достық маңызды рөл атқарады. Серіктестік де маңызды болмақ. Көбісі қызмет бағытын өзгертеді. Жаңа қызмет материалдық тұрғыда жақсы болмақ. Бірақ ол үшін барынша тырысу қажет. Көп күш-жігер жұмсауға тура келеді. Жаңа жағдайға қалыптасу қиын болады. Шілде қысқа демалыс, қысқа сапарға толы. Көшу туралы әңгіме қозғалады. Жеке өмірде сенім аз. Көңіліңіз қалуы мүмкін. Сезім де бәсеңдейді.

Шаян басқалар олқылықты көре алмайтын кез келген жағдайда ұтады. Тұрақтылық ұнайды, ал басқалар тек бірқалыпты зеріктіретін жағдайдан басқа ештеңе көрмейді. Сіз көбінесе кәсіби дағдылармен байланысты белгілі бір процестерді, әрекеттерді жасайсыз. Барлық нәтиже жақсы болады. Шілде сыйлықтарға жомарт болады. Тек достар мен туыстардан ғана емес, сонымен қатар тағдырдың өзінен. Мүмкін сізді көптен бері қызықтырған мәселенің көптен күткен шешімі шығар. Меншік тақырыбына байланысты жобаны іске асыруда пікірлес адамдарға сендіре аласыз. Осы кезеңде басқа адамдар сізге өз мүддесіне сүйене отырып, орнына материалдық өтемақы талап етпестен көмектеседі. Кәсіби тұрғыдан жақсы кезең. Өсуі айқын. Оның ішінде материалды жағынан. Бизнесті әділ жүргізу мүмкіндігінің арқасында сіз әрдайым сыртқы қолдауға сене аласыз. Жеке өміріңізде сүйікті адамның әлсіз жақтары сізге күлкілі болып көрінеді.

Арыстан қаржылық міндеттер туралы ойланады. Кәсіби жоғарылатудың жаңа жолдарын іздеу қажет. Сіз жаңа ынтымақтастыққа, жаңа іскерлік келісімдер жасасуға дайын боласыз. Қызығушылық танытқан серіктестердің біреуі қызықты, тіпті қандай да бір жолмен авантюралық ұсыныс жасайды. Сіздің қарым-қатынас шеңберіңіз біртіндеп өзгеруі мүмкін. Ойлау қабілетіңіз де өзгереді. Ал мақсаттар неғұрлым мағыналы және нақты болады. Бұрынғы құмарлық енді өзекті емес. Кешегі проблемалар артта қалады. Дұшпандарыңыз сіздің сезіміңіз бен ойыңызды мазалауды доғарады. Көп нәрсе ертерек, асыра айтылған сияқты. Шілде айында сапар жоспарланады.  Алайда оны жүзеге асыру идеясы жақын досыңыздың мойнында болады. Отбасыңызда айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Болып жатқан нәрсені болашақтан айналып келіп қазіргі жағдайда қабылдау керек.

Бикеш ерікті түрде жақын адамдарының мүддесін ескеретін болады. Осы кезеңде де сізді небір ой мазалайды. Үйдегі қиындықтар дегбіріңізді қашырады. Сонымен бірге, сіз белгілі бір үмітті, болжанатын сипаттағы қиындықтарды жеңіп, ұзақ уақыт бойы ұмтылған нәтижеге қол жеткізесіз.  Сізде өзін-өзі бағалауға, өз позицияларыңызды нығайтуға түрткі ететін негіз болады. Денсаулықты жақсартуға немесе келбетін жақсартуға байланысты мүмкіндік бар. Көбісі қоныс аудару тақырыбын туыстарымен қайта қауышу арқылы көтереді. Қаржылық жағдай қолайлы болады, бірақ шығын сізді қосымша кіріс туралы ойлауға мәжбүр етеді. Жеке өмірде қарым-қатынас күшейе түседі, ал сезім артта қалады. Қарым-қатынастардың уақытша салқындауы жоққа шығарылмайды.

Таразы өз ұстанымын көрсетудің ұжымдық формасынан  абайлап бас тартады. Басқа адамдардың идеяларына, күшті көшбасшы мен олардың мақсатына қолдау көрсетуге қызығушылық танытпайсыз. Бұл тәуелсіздіктің барлық кезеңінде, ішкі таңдауына, өз пікіріне сену мүмкіндігі. Тәжірибеңіздің арқасында не болып жатқанын көру қабілеті бүгінгі әрекеттеріңіздің негізі болады. Сіз қаржылық шыңға жылжисыз. Кейде басқалар сізді дөрекі деп санауы мүмкін. Бірақ сіздің міндетіңіз - материалдық тұрақтылық және өзіңізге ақша тарту мүмкіндігі. Сіз өз жоспарларыңызды бірінші орынға қоясыз, басқа нәрсеге алаңдамайсыз.  Алда көптеген қиын міндеттер тұр, оларды шешу қазір сіздің қолыңызда. Жеке сәттілік сөзбен өлшенбейді. Тіпті іс-әрекеттермен де емес – сезімнің шынайылығын қалыптастыру мүмкіндігімен өлшенеді.

Сарышаян алғаннан гөрі, басқаларға көп нәрсе бере алады. Бұл қарқынды оптимизм мен жедел әрекет ету кезеңі. Сіздің әлеуметтік шеңберіңіз күш салмай-ақ өзгереді. Мұның бәрі адамдарға деген көзқарас пен өзгерісті талап етеді. Шығармашылыққа ұмтылуға қарамастан, кәсіби белсенділік ең бастысы болады. Сіз жеке қызығушылықты қажетті кәсіби міндеттермен үйлестіре аласыз. Басқалардың басын айналдыра аласыз. Осы кезеңде мүдде мен мақсат ортақтығына негізделген жаңа дуэт пайда болады. Шындығында, сіз жасауға, жаратылысқа кірісесіз, содан кейін ғана қандай да бір күшті сезім пайда болады. Бұрынғы қимастық сезім суынады, енді оған алаңдамайсыз. Көбісі қарым-қатынасты тоқтатады, ажырасады, өмірінде түбегейлі өзгеріске бет бұрады. Көшіру, өмір сүру жағдайын өзгерту туралы мәселені талқылайтын боласыз. Кең ауқымды мереке күтілуде.

Мерген өз жоспарын ашуға асықпайды. Жалықтырған, жабысқақ достардан қашық боласыз, Сізге кез келген қарым-қатынастан біраз демалу керек, еркіндік керек. Әйтпесе, сіз өзіңізді дұрыс жолда сезіне алмайсыз. Шілде айында кәсіби қызметте біршама өзгеріс болуы мүмкін. Ынтымақтастықтың жаңа перспективалары болады. Қосымша ақша табу мүмкіндігі сізге жұмыс істеуге жақсы ынта береді. Остарыңыз шақырып, саяхаттау мүмкіндігіне ие боласыз. Денсаулықты нығайту, денсаулықты жақсарту қажет. Сіз осы бағытта туыстарыңыздың біреуіне өз үлесіңізді қосасыз. Шығындар көп. Үй сатып алу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Отбасындағы ересек адамның жаңалығын бүкіл үй болып талқылайсыздар. Жеке өміріңізде шынайы сезіміңізді жиі жасырасыз. Жастар бүгінгі қарым-қатынасты бұзуға бейім.

Тауешкі орындай алмайтын уәде бермеу керек. Сіздің шын ниетіңіз өз мүмкіндіктеріңіздің нақты көрінісін жасыруы мүмкін. Практикалық шешімдерден гөрі сезім көп болады. Бұл жағдайда сізді достар, тіпті бейтаныс адамдар да қызықтырады. Сіз магнит сияқты тартымдысыз. Жұмыста сіз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аласыз, әсіресе іс-әрекетіңіз қашықтыққа байланысты болса, жеке іссапарларды адамдармен кездесу немесе еріп жүру қажеттілігімен байланысты. Қызметіңіз біраз уақытқа өзгеруі мүмкін. Шілдеде ол отбасының ең жас мүшесін бағып, үй шаруашылығына байланысты мәселелерді шешуге мәжбүр боласыз. Бұл айда тәлімгердің рөлі өмір салтыңызға тән болмақ. Қаржы аспектісі жақсарады. Бірақ сіз өте ысырапшылсыз және шығын шығаруды ұнатасыз. Басыңызға келе беретін ой сізге зиян әкелуі мүмкін. Табысты серіктестеріңізге көреалмаушылық танытып, қызғанышыңызды білдірмеңіз. Ондай көріністерден аулақ болыңыз.

Суқұйғыш алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, бір нәрсені күтесіз.  Өз әрекеттеріңіздің дұрыстығына сенімді боласыз. Әсіресе іскерлік бағытта. Сіздің қызығушылықтарыңыз кәсіби салаға бағытталған. Жаңа бағыттар туралы, бүгінгі жұмыс негізін құрайтын әдеттегі әрекеттерді ұсыну формалары мен ережелерін өзгерту мүмкіндігі туралы ойланасыз. Ұзақ мерзімді және бәріне пайдалы жаңа таныстық болуы мүмкін. Іштей ұнататын қарым-қатынастың жетіспеушілігін сезесіз. Сіздің күрделі ішкі дүниеңізді кез келген адам түсіне бермейді. Көңілсіздік тұрақты күйге айналады. Көп жағдайда үй тірлігінен, тұрмыстағы жұмыстардан құтыла алмайсыз. Өмірдің өзі қарапайым шындықты еске салады. Жігеріңіз құм болуы мүмкін. Қаржылық аспект міндеттемеден босатады.

Балықтар өзгелердің қамқорлығынан кетіп қалады. Өзіңіз ойлағандай еркіндікке ұмтыласыз. Көбісі сіздің әрекеттеріңізден, сөздеріңізден көңілі қалады. Тағы біреулер сізді өсектеп, жала жабуға кіріседі. Бірақ сенімдеріңізге ештеңе кедергі болмайды. Ең балалысы. Сіздің таңдауыңыз және өз шешіміңізді бақылау. Осы уақыт ішінде сіз көп уақытты кәсіби қызметке, ынтымақтастық формаларын, іскери серіктестіктерді жаңартуға арнайсыз. Көптен күткен жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін жаңа ресурс пайда болады. Ұзақ уақытқа созылған серіктеспен бірге меншік тақырыбына байланысты белгілі бір келісім жасай аласыз. Кез келген аспект бойынша ең жақсы достастық - өз белгіңіздің өкілімен, яғни Балықпен болады. Туыстарыңыздың қолдауына сене отырып, сіз олардан түсіністік пен қолдау таба алмайсыз. Ересектер бұрынғы қарым-қатынасты толық үзуі мүмкін. Сонымен қатар өмір сүру жағдайы өзгереді. Жеке өміріңізде сіз бәрін түсіндіре алмайсыз, өйткені өзіңіз түсіне алмайсыз. Басқалары сізді мүлдем түсінбейді. Демек, сіз айналаңыздағы адамдарға үлкен құпия боласыз.

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.