{metadescription}
Симптомсыз коронавирус: Үйде қалай емделеміз?
Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен ауырсаңыз, үйде қалай емделу керек? Қандай қателіктерге жол бермеу керек?
Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева:
Коронавирус инфекциясының белгісі аз болып ауырғандар үйде емделуі керек. Бірақ өздігінен ем қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда дәрігерлер оны қалай емдеу керектігін бақылап, реттеп отыруы керек.
Коронавирустың симптомы аз түрі патогенетикалық емдеуді, дәлірек айтқанда вирусқа қарсы, антибактериялық, тромбқа қарсы препараттар тағайындауды қажет етпейді.
Науқас адам емдеу-сақтану режимінде ақуызы (белок) көп тамақ жеп, сұйықтықты көп ішуі керек.
Науқасқа С, Д дәрумендерін беру керек.
Дене қызуы көтерілген жағдайда Парацетамол, Ибупрофен – қызу түсіретін дәрілер тағайындалады.
С дәруменінің үлкен дозасы тағайындалған жағдайда, бүйрек ауруларының, несеп-тас ауруының күшеюі мүмкін.
Егер дене қызуы 38 градустан асып кетсе, бұлшық еті ауырып, әлсіздік байқалса, бас ауырып, жөтел пайда болса, кеуде тұсы ауырса, дәрігерге жүгініп, өкпе қабынуының алдын алу керек. Ол үшін көкірек қуысына рентгенологиялық зерттеу немесе компьютерлік томография жүргізіледі.
Коронавирус инфекциясындағы этиотропты (негізгі) ем – вирусқа қарсы препараттар тағайындау.
Коронавирусты емдеу үшін Лопинавир/Ритонавир, Гидроксихлорохин, Фавипиравир және Ремдесевир сынды дәрілік заттар жазылады.
Аталмыш дәрілердің белгілі бір қауіп төндіретінін, жүрек пен бауырға уытты әсер ететінін ұмытпаңыздар.
Симптомы аз және симптомсыз науқастарға бұл дәрілерді өздігінен қабылдауға болмайды.
Аталмыш препараттарды тек дәрігерлер ғана стационарлық жағдайда береді.