{metadescription}
Жаңа оқу жылы. Өзгерістер. Кешенді тестілеу

Жаңа оқу жылы. Өзгерістер. Кешенді тестілеу

1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады? Медициналық анықаманы қалай аламыз? Магистратура және досторантураға түсуге құжат қабылдау нешесіне дейін ұзартылды? Кешенді тестілеу ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді? Тест тапсырмаларының саны мен тестілеуді өткізу уақытында өзгерістер бар ма? Биыл мемлекеттік грант саны қанша?

ҚР Білім және ғылым министрлігі 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзарттты.  

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі.

Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады.

Докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Магистратураға түсуге кешенді тестілеу 17 тамызда басталады. Ал  докторантураға түсуге құжат қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды.

Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) кешенді тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады.

Кешенді тестілеу (КТ) ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді?

2020 жылы магистратураға түсу үшін КТ алғаш рет 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы компьютерлік форматта өтеді. Әр компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі. Осылайша, КТ жүргізілуін бақылау жөніндегі комиссия академиялық адалдық қағидаларының сақталуын қадағалай алады.

КТ қатысушылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекцияның барлық кезеңдерінен өтеді, санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады.

Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде олардың арасында кемінде 2 метр арақашықтық сақталады.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аймақтық тестілеу орталықтарының дайындығын тексерген болатын.

Әр қатысушы үшін тестілеу дербес басталады, яғни тестіленушілердің  толтырылуын күтпейді. КТ барысында тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жібере алады, келесісіне ауысып, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады. КТ аяқталғаннан кейін тестіленушілер жауаптарды дұрыс жауаптар хаттамасымен салыстыра алады.

Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде магистратураға түсуші үміткерлер апелляцияға бере алады.

Тест тапсырмаларының саны мен тестілеуді өткізу уақытында өзгерістер жоқ: 3 сағат 55 минутта 130 тест тапсырмасына жауап беру қажет.

Комиссия оқуға түсушіні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін немесе бөгде адам арқылы тестілеуді тапсыруға тырысқаны үшін кешенді тестілеуге жібермеуі мүмкін.

Мемлекеттік гранттардың саны:

Биыл, 2020 жылы 38 мыңнан астам адам кешенді тестілеу тапсыруға ниет білдірді.

2020 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарының 13 300 түлегі еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға бөлінетін мемлекет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімді тегін ала алады.

Докторантураға түсу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі:

Докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді.

Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды.

Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.

COVID-19 пандемиясы жағдайында ағылшын тілін білу IELTS халықаралық тестін дәстүрлі форматта тапсыру мүмкін болмауына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінде жоо түлектеріне магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo English Тest және IELTS INDICATOR тапсыруға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде