{metadescription}
91,7 FM: «Еуропа Плюс» радиосын «Эльдорадио» ауыстырады

91,7 FM: «Еуропа Плюс» радиосын «Эльдорадио» ауыстырады

Жақында Алматыда еуропалық ірі медиахолдингтің (EMG) радиостанциясы жұмысын бастайды. Бұл біздің елімізге ғана емес, сонымен қатар питерлік «Эльдорадио» үшін де маңызды оқиға, өйткені бұл «Эльдорадионың» франшиза ұсынудағы алғашқы тәжірибесі. Радиостанцияның жетістік шежіресі ширек ғасырдан астам жалғасып келеді! Жаңа радио несімен тартымды және алматылық тыңдаушыны қызықтыра ала ма?

Қайда тыңдаймыз және нені тыңдаймыз?

Әрине, жаңа станцияның негізі – музыка! Фонотекадағы әрбір трек уақыт сынынан өткен.- Тыңдаушы Эрос Рамаззотти, Роллинг Стоунз, Рианна, Майкл Джексон, Адель, Сэм Смитпен, Робби Уильямс және Стингпен кездесіп, тамсанады. Біздің аудитория 25 - 45 жастағыларға арналған. «Элдорадио» Easy Listening форматын қолданады - бұл жаймашуақ, жеңіл дыбысты  станциялар. Дегенмен музыкалық мазмұны әр түрлі болмақ, тек қана лирика мен романтика болады десеңіз, қателесесіз. Ширақ, тұшымды және іш пыстырмайды. 91,7 жиіліктегі «Элдорадионы» өте «дәмді» музыкасы бар станция деп атауға болады.

Неліктен питерлік радиостанцияны таңдады?

Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Санкт-Петербург пен Алматының ортақ нәрсесі көп. Бүгінде бұл қалалар өз мемлекеттерінің мәдени астанасы болып табылады. Петербургтіктердің құндылықтары мен ділі алматылықтарға жақын. Екіншіден, «Эльдорадионың» тәжірибесі мол және 24 жылдық тарихы бар. Сонымен, ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Алматыда баламасы жоқ EMG медиа тобының ең қызықты радиостанцияларының бірі. Музыка сыншылары бірауыздан мұндай радиостанцияға алматылық тыңдаушылар зәру болатын, жалпы медиа-нарыққа өте қажет деп отыр.

Жаңа радиостанцияны іске қосу үшін біз мықты шығармашылық топты жинай алдық! Музыкалық жүргізушілердің негізгі құрамы - жұлдызды дауыстар. Біздің радио тыңдарманымызға Александр Кириченко, Алевтина Мадьярова, Светлана Булатова, Серік Ақышев, Вадим Сметаниннің есімдері жақсы таныс. Біз талғамы бар тыңдаушыларымызды талабына сай бірнеше ірі өнім ұсынамыз. 91.7 толқынында танымал қазақстандық орындаушыларды да тыңдауға болады. Еліміздің талантты музыканттарымен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенімізді атап өткім келеді.

«Эльдорадионың» басқа қазақстандық радиостанциялардан қандай айырмашылығы бар?

Біздің тыңдарман - ерекше талғамы бар адам. Жоғары сапалы музыкаға қызығатын және сүрең тартқан өмірді таңдамайтындарға арналған. Біз 91.7 жиілігін тыңдаудың ләззатын іздейтін музыка әуесқойларының көңілінен шығамыз деп уәде береміз. «Элдорадиода» уақыт сыналған музыкалық ассортимент, сізге ұнайтын музыка бар.

Ерекше мақтанышымыз – эксклюзивті мазмұн. «Элдорадио» Алматы өзінің көптеген бағдарламасы мен рубрикаларын шығарады, біз сіздерді қажетті, пайдалы, қызықты ақпаратпен таныстырамыз.

 «Үздігін тыңда!»

«Эльдорадио» тыңдаушыға «Үздіктерді тыңда» хэдлайнымен және «Уақыт сынынан өткен әуен» саблайнымен шығады. Бұл жерде «Үздігін тыңда» деген сөздің бірінші кезекте 91.7 FM-де айтылатын орындаушылар туралы екенін түсіну керек.

91.7 FM радиосына қосылып, жаңа «Эльдорадио» станциясын қарсы алыңыз – 15 тамызда!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.