{metadescription}
Биыл оқу жылына ата-аналар қанша қаражат жұмсайды?

Биыл оқу жылына ата-аналар қанша қаражат жұмсайды?

Онлайн-оқуға ата-аналар баласының жол ақысы мен мектеп формасы және тағы басқа киім-кешекке үнемдейді дейік. Есесіне, техника мен интернет қажеттілігі туады. Сонда оқушылардың ата-анасы баласының онлайн біліміне қанша ақша жұмсайды, есептеп көрейік.

Оқушылардың ата-анасы баласының жол ақысы, мектеп формасы, туфли, спорттық форма, рюкзак, пеналына үнемдейтіні рас. Қашықтан оқуға ең қажетті – компьютерге келсек, ең арзан деген ноутбукке (веб-камерасымен) 150 мың шығаруына тура келеді.

Егер тұрақты компьютер сатып алатын болса, жүйелі блокты 60 мыңға,  мониторды 40 мыңға алады. Пернетақта, іздеуір, веб-камера мен құлаққап орташа алғанда 5 мың теңгеден. Ал қарапайым планшет шамамен 60 мың теңге. Жылдамдығы жоғары интернетке әдетте қазақстандықтар айына 3-5 мың теңге төлейді.

Кеңсе тауарлары. Ірі сауда орталықтарында қарапайым қаламсап 35, дәптер 20, қалың дәптер 70 теңге. Пеналдың орнына органайзер алатын болса, ол интернет-дүкендерде 600 теңгеден.

Қағаз бен картон бағасы 50-ден 150 теңге аралығында. Қайшы 250 теңгеден басталады. Сурет альбомын 100 теңгеден табуға болады. Бояулар – 200 теңге. Ал түрлі-түсті қарындаштар мен қылқаламдар шамамен 500 теңге тұрады. Осындай бағаға пластилин алуға болады. Циркульдің орташа бағасы 400-600 теңге. Кейде жинақтап алғанда біраз үнемдейсің. Мәселен, ұзын жол 10 дәптер мен шақпақ 10 дәптерді 300 теңгеге, 10 қалың дәптерді 600-ге, 10 қаламсап пен 10 қарындашты 300-ге, сызғыш пен өшіргіш, ұштағыш пен түзеткішті шамамен 1000 теңгеге аласың.  

Супермаркеттер жүйесінде кейде жеңілдікпен алуға болатынын естен шығармайық. Ал базарлардағы бағаның дүкендердегіден бәлендей айырмашылығы жоқ, дегенмен саудаласуға болады. Біз ең қажет және арзанырақ деген бағаны алдық. Енді есептеп көрейік.

Қашықтан оқуға, компьютерді қоса есептегенде, шамамен 200 мың теңге жұмсалады екен. Бұл Алматыдағы баға.

Ескерілетін жайт, қосымша шығын енгізілмеді. Осылайша, орташа табысы бар тұрғындар жаңа оқу жылына дайындықты меңгере алады. Бірақ ай сайын осы ақшамен бүкіл бала-шағасын асырайтындар немесе карантинде жұмыссыз қалғандар қарызға кіруі мүмкін.

Мәліметтер Кaspi.kz, technodom.kz, sulpak.kz, magnum.kz, abdi.kz, almaty.satu.kz алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.