{metadescription}
2020 жылғы қыркүйек айына арналған астрологиялық болжам

2020 жылғы қыркүйек айына арналған астрологиялық болжам

2020 жылдың қыркүйек айында сізді қандай жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған істеріңізді жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог А. Ремпельдің қыркүйекке арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

2020 жылдың қыркүйек айына арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты тұрғын үй тақырыбына байланысты материалдық мәселені шешуде өткен тәжірибені қолдана алады. Өмірдің күнделікті жағы сіздің қабылдауыңызда ерекше сүйкімділікке ие болады және сіз көп нәрсені қуана-қуана құлшыныспен жасай бастайсыз. Осы кезеңде өмір салтыңыз жоғары тәуелсіздікке ие болады. Бүкіл ай бойы шығармашылық көріністің қажеттілігін сезінесіз. Бұл әсіресе  өмір салтыңызға, айналаңызға, жеке бастағы өзгеріске әкеледі.  Достар сіздің кеңесіңізге мұқтаж болып, өздеріне назар аударғысы келіп мазаңызды алуы мүмкін.  Өз жеке мақсаттарыңызға және оған қалай жетуге болатыны сізге өте қызық болып көрінеді. Аздап оқшауланасыз. Дене қимылы, сымбаттылықэқа көңіл бөлесіз. Жұмыс және қаржылық аспектіні бақылауда ұстайсыз. Жеке өміріңізде… ол өзіңізге тілей алатын ең жақсы нәрсе.

Торпақ белсенді және жүріп-тұруға жеңіл болады. Ұзақ мерзімді бизнесті аяқтау керек, маңызды мәселені шешуге нүкте қою керек. Жақыныңыздың жетістігі шабыттандырады. Серіктесіңіздің іс-әрекетіне қатысты қаржылық сәттілік сізді де қуантады. Ірі нәрсе сатып алуыңыз мүмкін, ол сізді қатты қызықтырады. Егде жастағы жақын туыстың денсаулығы алаңдаушылық туғызуы мүмкін. Қыркүйек сіздің жоспарларыңызды өзгерте алады, әсіресе кәсіби салада. Кейінге қалдырылған жұмысты орындау керек. Өмір салтыңызға объективті жағдайлар енеді. Ұмытылған жобаға егжей-тегжейіне үңілуіңіз керек, жаңа адамдармен ынтымақтастықта болуыңыз керек, өз күшіңізді онша қызық емес іс-әрекетке жұмсауға мәжбүр боласыз. Таңдау туралы мәселе жастарға тән болады. Ересек жастағылар жылжымайтын мүлік, жеке мүлік сұрағын шеші мәселесіне тап болады.

Егіздер сырттан назар аударғанды қажет етеді. Өмірдің сізге дұрыс сыйлықтар беріп, дұрыс бағытта жүріп жатқанына сенімді болу үшін, біреуге жағымды болу мақсат емес. Сіз мақтан тұтуға лайықсыз. Осы кезеңде эмоционалды жағдайдың деңгейі үнемі өсіп отырады. Жеке оқиға маңызды болып, басқа барлық өмірдің тұсы елеусіз қалады. Алайда қаржылық жағы бұрынғыдай өзекті болып қала береді. Қыркүйек өмірдің кәсіби саласына біраз өзгерістер енгізеді. Жұмыстың өзгеруі, кәсіптің өзгеруі және тіпті өмір салты да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Көптеген адамдар белгілі бағытта саяхатқа шығуы әбден мүмкін. Сыртқы пішін үлкен маңызға ие болады. Сіз өзгелерді сыртқы түріне қарап қабылдай бастайсыз. Іс жүзінде бірнеше тағдырлы, маңызды кездесу болады. Сізді бұрын-соңды білмеген дүниеге енесіз.

Шаян іс жүзінде күнделікті күйбің тірлікке кіреді. Одан өзіңізге оң және маңызды нәрселерді таба бастайды. Сіздің ұмтылыстарыңызды, ақыл-ой серпініңізді басқалар түсіне бермейді. Дегенмен, достар мен іскери серіктестердің қызығушылығы тұрақты болады. Жаңарту кәсіби өрісіңіздің ең үлкен бөлігін құрайды. Жұмыс процестерін ұйымдастырудағы қызықты дүние болуы мүмкін. Ынтымақтастық тұрақты кезеңге өтеді. Сіз тәлімгер, мұғалім рөлін атқарасыз. Белгілі бір адам сіздің кеңесіңізге мұқтаж болады. Қыркүйек айының жұмыс күндері өз істеріңізді жоспарлаудың маңыздылығын тағы да еске салады. Күнтізбелік жоспар, нақты жұмыс режимі, қадамдық жауапкершілік нақты жұмыс орнында табысты және пайдалы қызметтің негізгі бөлігін құрайды. Тұрмыстық техниканы кішігірім жөндеу, қалпына келтіру немесе сатып алу болады. Сіздің арманыңыз күтпеген тәсілмен орындала бастайды. Хаттар өте маңызды болады. Ақпарат сізді таң қалдырады және қуантады. Алда елеулі оқиға күтіп тұр. Бірақ ақылмен әрекет ету керек.

Арыстан серіктестің пікірі мен көңіл-күйіне тәуелділікті сезінеді. Басқа адамдардың мақсаттары, басқа адамдардың жетістіктері сізге жаман әсер етуі мүмкін. Алайда жаңа бағдарлама пайда болып, одан жақсы нышан байқайсыз. Жұмыс болжамды, перспективалы. Осы кезеңде сіз меншік мәселесіне қатысты бұрыннан келе жатқан істі жүзеге асыруда одақтастардың күшін қолдана аласыз. Үй-жайға, аумаққа қатысты мәселені шешу қажет. Таныс емес адамдармен жиі келіссөздер, әртүрлі кездесу өткізуге болады. Биліктегі адамдардың кеңсесіне барасыз. Қыркүйек айында  өмір салтыңыз сіздің күш салмай-ақ белсенді болмақ. Көбінесе демалысты, жұмыс орнының өзгеруін армандайсыз. Бірақ оқиғалар сізді бұрыннан мезі қылған шынайылыққа жетелейді.

Бикеш өзінің құпиялылығымен тіпті жақындарын да таң қалдырады. Сіз өзгелермен жан-жақты сөйлесуге немесе оларды түсінуге ұмтылмайсыз. Өзіңізді жайлы сезінуге және өз қалауыңызбен айналысуға жеткілікті сыпайысыз. Жоспарларды, алдағы іс-әрекетті, әсіресе ұсақ-түйек пен бөлшектерді егжей-тегжей қарастыратын боласыз. Бұл сіздің кез-келген бастамаңыздың маңыздылығы деуге болады. Көптеген адамдар жеке өмірін жасыратын болады. Іскери қарым-қатынаста жиі зерігесіз, әсіресе сіздің қасыңызда сіздің арқаңызда кәсіби маман көрінгісі келетін адамдармен. Басқалардың әлсіз жағын пайдаланбау кету сізге күлкілі. Өзгелердің кемшіліктерін мазақтай алсаңыз да, сіз өзіңізді жеңімпаз сезінбейсіз. Бұл ай тәжірибе жинақтау, маңызды ақпарат жинау, білім алу уақыты. Дұшпаныңыздың басынан бағы ұшқанын байқайсыз.

Таразы кейбір кәсіби амбициясын жоғалтады. Еңбекке, бизнеске, әсіресе басқалармен бірлескен сипаттағы қызығушылық әлсірейді. Сіз өзіңізді шаршаған, бейжай күйде сезінесіз. Ол болашақты жарқын көре алмағандықтан емес, ол өзіңіздің бүгінгі басыңызды қатырған бизнес туралы түсініктеріңізден. Сіздің бәсекелестеріңіз аңдып отыр. Сіздің атыңызға сын, мәлімдеме жасалады. Көбінесе бұл көреалмаушылықтан, қызғаныштан, сізге ашық түрде зиян келтіру үшін. Сізге жайсыздық әкеп, қабілеттеріңізге күмәндануға деген ұмтылыспен байланысты болады. Жаңа ынтымақтастық туралы ұсыныс түседі. Өзара тиімді негізде жаңа одақ құруға болады.  Жұлдыздар өденсаулығыңызға мұқият болуға кеңес береді - қыркүйек айында сіздің денеңіз өте осал болады. Кішкентай жарақат алып қалуыңыз ықтимал. Қаржылық жағдай айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Ақша табудың қосымша жолын іздеу керек. Оның жеке өмірде күдік-күмән болмайды.  Сізді қатты жақсы көреді.

Сарышаян сыртта еш өзгеріс болмайды, басқалар сіздің түріңізден ешқандай өзгеріс байқамайды. Бірақ барлық өзгерген құбылыс  - өмірге деген көзқарастан бастап, басқа адамдардың қабылдауына дейін ішкі күйіңізде міндетті түрде болады. Сіз әлемнің кешегідей еместігіне таң қаласыз. Бұл жаңалықтар жария етілмейді - олар тәжірибе деңгейінде және белсенді ойлау процесінде қалады. Бұл сіздің өміріңіздегі жаңа кезеңнің басталуы. Көп ұзамай сіз өзіңізге осы барлық қайта құрулардың не үшін берілгенін және оларды тек сана ағымында ғана емес, сонымен қатар өзіңіздің сыртқы көрінісіңізде қалай қолдану керектігін түсінесіз. Кәсіби аспект табысты серіктестердің өсуі мен жағымды әсерімен ерекшеленеді. Сіз байқағышсыз және айналаңызда қызықты тұлғаларды біріктіре аласыз. Мерекеге қатысу, сыйлық алу мүмкіндігі бар. Қыркүйектің қаржылық деңгейі сізді қуантады. Осы айдағы кездесу басқа біреудің бастамасымен жүзеге асырылады.

Мерген не болып жатқанын жағдайды шешудің жалғыз мүмкіндігі ретінде қабылдайтын болады. Туысыңыз туралы уайымыңыз біртіндеп басылады. Жаңа жоспар құруға, өмір салтын өзгертуге мүмкіндік беретін нақты кезең басталады. Көпшілікке іссапар немесе белгілі бір міндеттемелермен байланысты жолға шығуы мүмкін. Осы айдағы кездесулер маңызды және кейде тағдырлы болады. Қаржылық қатынас серіктестік келісімінің негізін қалайды. Жаңа бизнес-одақ құрылуы да мүмкін. Соның ішінде шығармашылық негізде жоба болады.  Алда отбасылық дәстүрге байланысты келеңсіз оқиға күтілуде. Ересектер бірнеше ай бұрын болған жағдайға оралу мүмкін. Бұрын қашқақтаған мәселені шешуге тура келеді. Сезім жағынан толқыныс азаяды.

Тауешкі ұсақ-түйекке алаңдауы мүмкін. ТТұрмыстық сипаттағы немесе кәсіби бағдардағы қиындықтан қорықпайсыз. Ақпараттық проблема, түрлі қауесетті үреймен қабылдайсыз. Сіз кез келген сыни жағдайды үнемі байқап көресіз, өмір салтыңызда ұқсас жағдайларды іздейсіз. Қолдап-қолпаштау рухыңызды күшейтетін және сіздің ойыңызға әсер ете алатын жақсы досыңыздан болады. Демалу, тіршілік ету ортасын өзгерту пайдалы болады. Жақын адамның бастамасымен байланысты сапарға шығып қалуыңыз ықтимал. Атақты адамға сыйлық сатып алу қажеттілігі сізді әбігер мен ұсақ уайымнан алшақтатады. Мерекеге қатысу сыртқы келбетіңізге жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл білім алып, оны қолдануға өте жақсы кезең. Қасыңыздағы адамға деген күдік пайда болады. Болмайтын жерден ұрыс-керіс шығарып, оны тіпті өзіңіз бастауыңыз да мүмкін.

Суқұйғыш танымал адамнан ғашықтық сөздерін естиді. Сіздің романтизмге деген көңіл-күйіңіз ішкі көзқарасыңызбен ақталады. Көпшілігінде қысқа жарқын роман, сезім болуы мүмкін. Бұл өмір салтын өзгерту кезеңі және жақын болашаққа жоспар құру. Сапардан бас тартуға болады, бұрын жоспарланған кездесу ауыстырылады. Сонымен бірге сіздің бастамаңыз бойынша жаңа жедел мәселелер пайда болады. Қалыптасқан жағдайға байланысты үзілген кейбір қатынастарды қалпына келтіресіз. Делдал адамдар қолдау көрсетеді. Сіз өзгенің жанжалына куә болып, татуластыруға күш саласыз. Қаржылық әл-ауқат туралы ойлау сізді кәсіби көшбасшылыққа итермелейді. Топта жұмыс істегеннен гөрі тәуелсіз болу ұнайды. Ескі дос сізді күтпеген жерден пайда болады. Сіз бірдеңені жасыратын, белгілі бір адаммен жасырын келісімге қатысасыз. Жөндеу мәселесі өзекті болады.

Балықтар санасында жағымды эмоцияны мықтап бекітеді. Жақсы жағына қарай біртіндеп өзгеретін уақыт келді. Бұл өмірдің барлық салаларына, соның ішінде денсаулыққа әсер етеді. Туыстарымен, әсіресе егде жастағы адамдармен қарым-қатынасты жанжалсыз деңгейде ұстауға шыдамдылық пен ерік қажет. Сіз бір уақытта үнемі көп нәрсеге қатысасыз. Айналаңыздағы адамдар сізге мұқтаж болады. Жұмыста қаржылық табысқа жігерлендіретін бетбұрылыс болуы мүмкін. Сенімді серіктестер мен әріптестердің іс-әрекетінің арқасында бірлескен күш-жігеріңіздің жақсы нәтижесін көре аласыз. Жеке өміріңізде көптеген қызықты кездесу мен есте қаларлық қарым-қатынас болады. Қарым-қатынастың ерекшелігі көбінесе сыртқы сипатта болады, басқалар сіздің белсенділігіңізге қызығады. Алайда, іс жүзінде түнде мазаңыз кетіп, жаурайсыз. Жалғыздық күй тұрақты болады.  

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде