{metadescription}
Зейнетақы: Жеке шотты тексеру. Салық. Мүмкіндігі барлар

Зейнетақы: Жеке шотты тексеру. Салық. Мүмкіндігі барлар

Зейнетақы қорындағы жеке есепшотты қалай тексеруге болады? Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма? Құқық қорғау қызметкерлері зейнетақы жинағын пайдалана ала ма? Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандардың төлейтін салығы туралы не білеміз? Зейнетақы тағайындау, төлеу тәртібі қандай?

Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін 2021 жылдан бастап пайдалануға болады. Оларға баспана мәселесін шешуге, өзі мен жақындарына емделу ақысын төлеуге, сондай-ақ оны қаржы компанияларының басқаруына беруге рұқсат.

Бұл мүмкіндікті толық пайдалану үшін азаматтардың жинақ шотында қанша болуы тиіс екендігі де белгілі.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын бірнеше жолмен тексере алады. Біріншісі - eGov.kz порталы арқылы.

Қызметке тапсырыс беру үшін eGov.kz электронды үкімет порталында тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ) болуы керек.

Порталда авторизациядан өткеннен соң келесі беттерге өту керек: басқы бет - азаматтар - әлеуметтік қамту - зейнетақымен қамту. Содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметін таңдаңыз.

Содан кейін «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу қажет. Мәлімет алғысы келетін кезеңді таңдап, «Сауал жіберу» батырмасын басыңыз.

Әрі қарай SMS құпия сөзін, ЭЦҚ немесе мобильді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қызметті растау қажет.

Зейнетақы жинағы туралы жауап төрт сағаттан кейін келеді.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы да тексере алады.

Мәлімдеме алудың бірнеше әдісі:

• БЖЗҚ-да көрсетілген мекенжайға электрондық почта немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып жеке кабинет арқылы;

• міндетті зейнетақы жинағы салымшысының жеке өтініші бойынша;

• пошта қызметі арқылы.

Салымшы өзінің зейнетақы жинағы туралы мәліметті ENPF арнайы мобильді қосымшасы арқылы да біле алады. Авторизациялау үшін ЖСН және БЖЗҚ веб-сайтына кіру паролі  қолданылады.

Тағы бір тәсілі - Telegram @enpfkz. Боттың көмегімен мәлімдеме алу үшін қол қойылған Интернет келісімшарты болуы тиіс.  Келісімге қол қойып, парольді БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесінде ала аласыз. Ақпараттандыру әдісін БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинетте де өзгертуге болады.

Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма?

Зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану бойынша басты назарда жинақта жеткілікті қаражат жиналғанына назар аударылады. Егер жинақта қаражатыңыз жеткілікті болса, тиісті бөлігін пайдалана аласыз. Дегенмен, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударуға мән беру керек, себебі ай сайынғы аударымыңыз аз болған сайын базалық зейнетақыңыз да аз болады.

Үй сатып алатын болсаңыз, банк төлем қабілетіңіз бар екенін, тұрақты табыс көзіңіз бар екеніне, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударылып тұрғанына байланысты бағалайды.

Зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдар


Біріншіден, жұмыс істеген әрі жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жинағы бар азаматтардың жиналған сомасы «жеткілікті шегінен» асып жатса. Мақсат оның бәрін таратып беру емес, оның қажетті бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен жоғарыда айтылған мақсатта пайдалануға мүмкіндігі бар.

Екіншісі - зейнет жасына жеткен кісілер. Егер де оларда жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, ол кісілер сол қаражаттың 50 пайызына дейін алады.

Үшіншіден, зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар.

Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады.

Құқық қорғау қызметкерлері зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?

Зейнетақы қорындағы қаржыны жеткілікті жинағы барлар ғана пайдалана алады. Құқық қорғау органының қызметкерлерді 2016 жылдан бері толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп келеді, сол себепті олардың зейнетақы қорына ақша аударылмайды. Олардың баспаналы болу мәселесі басқа да әлеуметтік бағдарламада қаралған. Ал зейнетақы қорындағы қаржыны жеткілікті жинағы барлар ғана пайдалана алады.

Зейнетақы тағайындау, төлеу тәртібі

Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады.

Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар...

Қазақстандықтар мерзімінен бұрын шешіп алған зейнетақы сомасына 10% мөлшерінде салық төлейтін болады. Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағынан беретін төлемдерге жеке табыс салығы салынады (Салық кодексінің 326-бабы).

«Жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі (42 500 теңге) салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы.

Халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-аналар) тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы. (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары).

Көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде