{metadescription}
Америкалық қазақ ғалымының коронавирусқа қатысты ақыл-кеңесі

Америкалық қазақ ғалымының коронавирусқа қатысты ақыл-кеңесі

Иммунитетімізді қалай нығайтамыз? Коронавирус бәріне жұға ма? Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратамыз? Тұмау вакцинасы ковидтен қорғай ала ма? КВИ-мен ауырып шыққан адам қаншалықты қауіпті? Бетпердені қанша уақыт тағамыз? Осы сұрақтарға Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман былай деп жауап берді.

 Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн сұхбат барысында Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Covid-19 ерекшеліктері туралы айтты.

Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратамыз?

Шыны керек, тамағы жыбырлап, сәл жөтеле бастасақ, қорқатын болдық. тайды. Тұмау мен коронавируста да әлсіздік, дене қызуы көтеріледі, науқас жата бергісі келеді. Екі аурудың белгілері бірдей, айыру мүмкін емес сияқты көрінеді. Негізі, тұмауратқанда адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді. Тұмау мен коронавирус белгілерін үйде отырып ажырата алмаймыз. Сондықтан қандай да бір белгілері анықталса, бірден медициналық мекемеге жүгіну керек. Коронавирусты тек арнайы зертханалық тексерумен анықтайды. Өз бетіңізбен емделмеңіз!

Коронавирус бәрінен жұға ма?

5-12 жас аралығындағы балаларсирек ауырады. Олар ересек адамдарға да сирек жұқтырады. Стэнфорд университетіндегі белгілі педиатр әріптесім бірнеше себебін атайды: 1) Кросс-реакция. Балалар әдетте жиі суық тиіп ауырады, оған ковид инфекциясының басқа түрі қоздырғыш болуы ықтимал. Бұл олардың иммунқорғанышын қалыптастырады. Сөйтіп ересектерге қарағанда балалар біршама жақсы қорғанған. Дегенмен балалар мүлде ауырмайды демеңіз, бетперде тағып қауіпсіздікті сақтау өте маңызды.

КВИ-мен ауырып шыққан адам қауіпті ме?

Ковидпен ауырып шыққандар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Оның иммундық қорғанысы бар, антиденелер пайда болады және жасуша иммунитеті дамиды. Ол қанша уақытқа екені әлі белгісіз. Ғалымдар қазір оны зерттеп жатыр. Сіз ауырмасаңыз да, вирус сіздің ауыз қуысыңызда болып, өзгелерге тарап кетуі мүмкін. Бетперде өзіңізді емес, айналаңыздағы адамдарды қауіпті індеттен қорғау үшін керек.

Тұмау вакцинасы коронавирустан қорғай ала ма?

Күз-қыс маусымының жақындауымен байланысты қазір Еуропаның кейбір елдерінде вирустың екінші толқыны басталып кетті. Оңтүстік жер шарының мемлекеттері Аргентина, Чили, ОАР-да көктем шықса, іс жүзінде қатаң локдаун, карантин шараларын ұстанған елдерде тұмау мен Ковид-19 көрсеткіші төмен болған. Ал сақтанбаған елдерде коронавирус та, тұмау да жоғары болған – қосарланған эпидемия көрінісі. Сондықтан екпе алған өте дұрыс. Вакцина алсақ, екі инфекциядан сақтанамыз. Және де екпе  медқызметкерлерге аурудың белгісін ажыратуға жақсы мүмкіндік береді. Жалпы, көптеген елдерде вакцина тиімділігін көрсетті. Бразилияда тұмауға қарсы екпе ковид ауырлығын 20 пайызға төмендеткен. Ал коронавирустың салдары тұмаудан гөрі 10 есе ауыр.

Бетпердені қанша уақыт тағамыз?

Менің ойымша, маска тағып жүру болашақта жаңа мәдениетке айналады. Бұнда еш сөкеттік жоқ. Ыңғайсыздық тудыратыны рас. Бірақ Оңтүстік Азия елдерінде болған азаматтардың айтуынша, ол жақта адамдар бұрыннан бетперде тағады екен. Шетелдік сарапшылар бетперде  – ковидтің екінші толқынының серпінін азайтуға септігін тигізеді дейді. Әрине, бетперде вирустан 100% қорғауға кепіл бермесе де, вирустық жүктемені азайтады – егер ағзаға титтей 1-2вирус түссе, ол ағзада антидененің түзілуіне мүмкіндік береді.

Сонымен, иммунитетті қалай нығайтамыз?

Коронавирус және т.б. инфекциялардан сақтану үшін дұрыс тамақтану керек. Қазір күз, жеміс-жидек пен көкөністер дайын, оның денсаулыққа пайдасы мол. Алма мен жүзімді көбірек жеңіздер. Жүзімнің құрамында антиоксидант бар. Ол өкпені дерттен қорғайды. Ал қыста кептірілген немесе тоңазытқышта сақталған жеміс жеу өте пайдалы, түрлі инфекциядан қорғайды. Ең бастысы, D витаминін алу маңызды.

«Қазір ауа райы тамаша. Күн шуақты. Таза ауада көбірек серуендеңіздер. Күн сәулесінен D витаминін аласыздар. Ұйқыны жақсылап қандыру да ммунитетті көтереді. Стреске түспеңіздер, ол иммунитетті төмендетеді. Жағымсыз нәрсеге мән бермеуге тырысыңыздар.

"Мен адамзат баласы коронавирус пандемиясын жеңеді деп үміттенемін". Вирусолог-ғалым, медицина докторы Алмаз Төрегелдіұлы Шарман. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде