{metadescription}
Емханаға тіркелудің тәртібі мен жолдары

Емханаға тіркелудің тәртібі мен жолдары

Емханаға тіркелудің тәртібі қандай? Емдеу мекемесі тіркеуден негізсіз бас тартса не істеу керек?  Сақтандырылмаған азаматтар емханаға тіркеле ала ма? Жеке меншік медицина ұйымдарына тіркелуге бола ма? Егер тіркелген емхана  қажет қызметті көрсетпесе не істеу керек? Басқасына ауысу қажет пе?

Науқас тіркеу науқаны кезінде таңдаған емхана қызметін қай кезден бастап пайдалана алады? Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхананы қалай ауыстыруға болады?

Елімізде қыркүйектің 15-інде емханаға тіркеу науқаны басталды. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-де аяқталады. 

Азаматтар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхананы қалай ауыстырады?

Тұрақты немесе уақытша тұратын мекен-жайын, оқу орнын немесе жұмыс орнын (басқа әкімшілік-бірліг аумағына) ауыстырғанда;

- емхана қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;

– еркін таңдау құқығы бойынша жылына бір рет;

– жыл сайынғы тіркеу науқаны кезінде.

Емханаға тіркелу тәртібі қандай?

Азаматтар бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына Egov порталы арқылы тіркеле алады:

–Алдымен Egov порталына тіркелу қажет;

– «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» санатын таңдаңыз;

–Тұратын өңірді, тіркелгіңіз келетін медицина ұйымын көрсетесіз, мекен-жайыңыз бен байланыс телефондарын қалдырыңыз;

–«Тіркелу себебі» бөлімінде «тіркеу науқанын» белгілеңіз;

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады, жауабы жеке кабинетіңізге келеді.

Емханаға тіркелудің басқа қандай жолдары бар?

Азаматтардың кейбір санаттарына емхананың тіркеу бөліміне барып, өтініш жазу арқылы тіркелуге мүмкіндік берілген. Ол үшін жеке куәлік болса жеткілікті. Бұл мүмкіндікті:

– зейнеткерлер мен мүгедектер;

– студенттер;

– балалардың заңды өкілдері мен балалық шақтан мүгедек азаматтардың қамқоршылары;

– шетелде туған балалар;

– түрмеде жазасын өтеп жатқандар;

– әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлер;

– балалар мен бөбектер үйінің, қарттар үйінің тұрғындары;

– ресми сенімхат негізінде тіркелгісі келетін азаматтар пайдалана алады.

Таңдаған емхана қызметін қай кезден бастап пайдалануға болады? 

Дәстүрлі науқан кезінде емхана ауыстырған азаматтар аталған медицина ұйымының қызметін келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап пайдалана алады. Ал жыл соңына дейін бұрын тіркелген емдеу мекемесінің қызметіне жүгінеді.

Емхана қандай жағдайда сізді тіркеуден бас тартуы мүмкін?

1) пациент жіберген құжаттардағы мәліметтің қате болуы;

2) пациенттің мекен-жайының таңдап алынған емдеу мекемесі орналасқан бірлік аумағынан алыстығы;

3) бір дәрігерге тіркелген адам санының 1700 адамнан, учаскелік терапевке тіркелгендер санының 2200-ден, учаскелік педиатрға тіркелген 0-6 жасқа дейінгі балалар санының 500-ден, 0-14 жасқа дейінгі бала санының 1400-ден асып кетуі;

4) баланың немесе жоғарыда көрсетілген тұлғалардың заңды өкілі екенін растайтын құжаттың жоқтығы.

Емдеу мекемесі тіркеуден негізсіз бас тартса не істеу керек?

Ондай жағдайда пациент Қордың 1406 байланыс орталығы арқылы немесе Qoldau 24/7 қосымша арқылы шағым қалдыра алады.

Жеке меншік медицина ұйымдарына тіркелуге бола ма?

Азаматтар мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады. Бастысы, таңдаған клиниканың Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты болса болды. Қазір Алматы қаласында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхана саны 73, оның жартысына жуығы – жеке меншік.

Егер тіркелген емханаңыз сізге қажетті қызметті көрсетпесе не істеу керек, басқасына ауысу қажет пе?

Сізге қажет қызметтердің кейбірі (консультативтік-диагностикалық қызмет, салалық мамандар қызметі) тіркелген емханада көрсетілмейтін болса, басқасына ауысудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда емхана сізге басқа емдеу мекемесіне жолдама беруі тиіс. Жолдама қосымша келісімшарт негізінде беріледі.

Сақтандырылмаған азаматтар емханаға тіркеле ала ма?

Емханаға тіркеу кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде жүргізіледі. Сондықтан тіркелу үшін сақтандыру статусы болуы шарт емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде