{metadescription}
Синтетикалық сұмдықтан сақтансаң, сақтайды – «Дурь»

Синтетикалық сұмдықтан сақтансаң, сақтайды – «Дурь»

КТК арнасы 7-желтоқсанда эфирде бұрын-соңды қазақ телевизиясында түсірілмеген қылмыстық драма ұсынады. «Дурь» деп аталатын ерекше детектив синтетикалық есірткі жайлы. Сериал несімен ерекше? Көрерменге пайдасы бар ма? Есірткі жайлы драманы түсірудің мақсаты қандай?

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап бүкіл посткеңестік кеңістікті нашақорлық басып алды. Ол бізге ұйымдасқан қылмыстың көмегімен келді және әлі күнге дейін еліміздің жас, еңбекке қабілетті азаматтарымыздың өмірін жалмап келеді.

 

Қазақстан өзінің географиялық орналасуына байланысты Ауғанстаннан келетін және Ресейде немесе Батыс Еуропада жалғасатын есірткі саудасының ортасында тұр. Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз бұл жағдайды едәуір жақсартуға және инъекциялық есірткіні тұтынушылар санын азайтуға қол жеткізді.

Бірақ жаңа қиындық – нашақорлық «жасарып» келеді. Қазір синтетикалық есірткілерді кең тарату, сондай-ақ оны интернет арқылы сату жаһандық проблемаға айналды. БҰҰ-ның соңғы дерегінде әлемде 483-тен астам жаңа психоактивті зат тіркелген, оның 60-қа жуығы Қазақстан аумағында және көршілес мемлекеттерде қолданылады.

Синтетикалық есірткі түріне елітушілердің күрт көбейіп кетуінен полиция қызметкерлерінің қатысуымен КТК арнасы 7-желтоқсаннан бастап эфирде «Дурь» деген су жаңа сериал ұсынады. Қылмыстық драма. Полиция қызметкерлерінің қатысуымен. Есірткі саудалаушыларды құрықтау сәті жедел топтың қатысуымен түсірілген.Тәуелділіктен арылғысы келетіндердің арнайы емханасы көрсетіледі. Нашақорлық, кек, қылмысқа қарсы күрес және махаббат. Сериалдың сюжеті жас алматылықтар туралы баяндалады. Есірткіден есі танғандар. Мүлт кеткеннің жан азабы. Жүйкесі жүндей түтілгеннің моральдық таңдауы. Карантиннен кейінгі Алматының шындыққа негізделген декорациясы. Алғашқыда тек татып қана көрмек болған. Қанына сіңген бойда бір күнде онсыз тұра алмастай халге жетті. Синтетикалық есірткі елдің есін алады «Оның қандай жағдайға душар ететінін өз көзімен көрсе, тітіркеніп, көзі жетсе, сұмдыққа жоламайды деп сенеміз, - дейді КТК телеарнасы бас директорының орынбасары Дәурен Меркеев.

Дәурен Меркеев, КТК телеарнасы бас директорының орынбасары:

 - Синтетикалық есірткі қашанда өзекті мәселе, өйткені есірткінің түр-түрі жаңарып шығарылып жатыр.Синтетикалық есірткі ойдан шығарылмаған. Мұндай есті адастыратын химиялық заттар өмірде бар, сатылып жүр. Біз бұл сериал арқылы ол есірткіні жарналамалап жатқан жоқпыз. Керісініше, жастар оның соңы неге ұрындыратынын көріп, бойын аулақ ұстасын деген мақсатпен түсірдік. Синтетикалық заттардың қандай жағдайға душар ететінін өз көзімен көрсе, қызықпайды деп сенеміз. Өрімдей жас қыз-жігіттерге ой саллсақ. Себебі, ең көп тұтынатын – жастар.

«Дурь» драмасында Алматы сыртындағы жекежайда министрлер кабинеті мүшесінің 18 жасар қызының мәйіті табылады. Тергеу нұсқасына сәйкес, қайтыс болғанға дейін қызды зорлаған,ал оның өлімі көп кокаин қолданғаннан болған – жүрегі тоқтап қалған. Қайғымен аяқталған жастар кешіне қатысты істі тергеуді майор Санжар Әміров қолына алды.

Нашақорды камера алдында тергеп қара түскен актер Ақылхан Алмасов бұрын да полицейлікті сомдаған. Бірақ шиеленіскен қауырт диалог жүргізу оған оңай болмады.  

Ақылхан Алмасов, актер:

– Бейтарап, риясыз кейіпкер. Ақшаға, маитериалдық құндылыққа құмар емес. Жан-тәнімен қызметіне берілген. Кейіпкерім қызметіне жан-тәнімен берілген. Жұмысын жақсы көреді. Сақшылардың арасында осындай адал қызметкердің көп екеніне сенімдімін.
 

 

 

Дмитрий Қырықбаев, режиссер:

- Есірткіге тәуелділер жайлы фильм түсіруге бірден келістім. Өйткені өзім өмірде ондай адамдарды көп кездестіргенмін. Таныстарымның таныстары синтетикалық есірткінің кесірінен отбасынан, жұмысынан айырылып, өліп кетіп жатқандарды да көрдім. Сондықтан сериал ойдан шығарылмаған, өмірден алынған тақырып. Там мұндай тақырып елімізде бұрын болмады деуге де болады. Біз әдемі Алматы мен қоса өлімнің иісі сіңген жұпыны, жұтаң, сұрықсыз өмірді көрсетеміз.

 

Нашақорларды емдеуде 20 жыл тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер-нарколог және психиатр Вячеслав Тумановқа құлақ түрсек.  

Вячеслав Туманов, жоғары санатты дәрігер-нарколог:

-Жалпы, нашақорды емдеу оңай емес, ол бірнеше жылға созылуы мүмкін, қайта ескі әдетіне басуын ешкім жоққа шығармайды. Егер тәуелділіктен арылуға деген ұмтылысы мықты болса, онда мамандарға жүгінген дұрыс. Үнемі санитардың бақылауында болу керек. Емделіп жүргенде «сынып», ескі әдетіне басқаны соншалықты үлкен проблема емес. Иә, үзіліс кезінде емнен ажыратылады, бірақ тірі қалады. Ал өзін-өзі емдеу – қауіпті. Себебі, дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектің мөлшерін шамадан тыс арттыру қаупі бар. Нашақорлық - бұл ауру, ауруды тек кәсіби маман емдеуі тиіс.

Ерік-жігер жазылып кетуге кепіл бермейді. Есірткіден толық бас тартуға уәде беретін кейбір «керемет» клиникалардың жарнамасы қаншалықты әдемі ұсынылғанымен, шындықтан қашып құтыла алмайсың. Бұрын есірткіге тәуелді болған адам – ондай болмайды.  Мұның бәрі адамның санасында терең орныққан. Тек науқас пен дәрігерлер бірлесіп жұмыс істегенде ғана, нәтижені нағыз шындыққа қайтару кезінде ғана қол жеткізуге болады.

 

Білесіз бе?

  • БҰҰ мәліметінде Қазақстан есірткіден өлім-жітім бойынша  әлемдегі 93 елдің ішінде 33-ші орында.
  • Елімізде жылына 40 тоннаға дейін түрлі заңсыз есірткі тәркіленеді.
  • Қазақстандағы есірткі нарығының шамамен 40 пайызын адамды екі-үш жылда ажалға жеткізетін психоактивті заттар жаулап алған.  

Синтетикалық есірткіні тұтынушылар санының артуы мамандарды алаңдатып отыр.

«Дурь» сериалын КТК эфирінде және біздің ресми YouTube арнамыздан көріңіз.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.