{metadescription}
2020 жылы әлемде болған маңызды оқиғалар

2020 жылы әлемде болған маңызды оқиғалар

Әлемді жайлаған індет – Covid-19, Brexit, адамның ғарышқа алғаш рет жеке шығуы, АҚШ-тағы дүркіреп өткен сайлау, түрлі наразылық шаралары – сонымен 2020 жылдың жарқын оқиғаларын еске түсірейік. Тышқан жылының он екі айы тарихта локдаун және індет ретінде есте қалары сөзсіз. 

Пандемия басталғалы бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын 68 миллионнан астам адам жұқтырды 1,5 миллионнан астамы қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та, Үндістанда және Бразилияда елдерінде болды. Дегенмен коронавируспен қатар әлемде басқа да маңызды оқиғалар болғаны рас.

ҚАҢТАР

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс

3 қаңтарда Америка Бағдат қаласына қарсы әуе шабуылын жасады. Онда Иранның бас әскери стратегі Касем Сулеймани өлтірілді. Жарылысқа жеке тапсырыс берген Дональд Трамптың Twitter-де жазғаны бойынша «элиталық әл-Кудс бөлімшесінің командирі Солеймани миллиондаған адамның өліміне жауапты болды және одан да көп адамды өлтіруді жоспарлады, бірақ ұсталды». Иран «қирата жауап бермек болды», бірнеше күннен кейін олар Ирактағы АҚШ базаларына зымырандармен соққы берді. Трамп бұған тағы бір твитпен жауап берді: «Бәрі жақсы!» Бірнеше күннен кейін АҚШ экс-президентінің әкімшілігі Иранға қарсы санкцияны күшейтті.

Тегеран маңында Boeing 737 апатқа ұшырады

8 қаңтарда Ирактағы АҚШ базалары бомбаланғаннан бірнеше сағат өткен соң, Иранның әуе қорғаныс жүйесі Украинаның Boeing 737-800 самолетін Тегеран маңында атып түсірді. Мұны америкалық деп қателесті. Тегеран-Киев рейсінің бортында 176 адам болған. Барлығы қаза тапты. Иран билігі әуелі әуе лайнері техникалық себептермен құлады деп мәлімдеді. Бірақ содан кейін Батыс елдері басшыларының қысымымен олар ұшақтың адам қателігі салдарынан атып түскенін мойындады. Кейін Иран барлық қажет өтемақыны төлеуге келісті. Бұл ұшақ апаты қаза тапқандар саны жағынан Украина авиациясының бүкіл тарихындағы ең ірі апат болды.

Коронавирус. Алғашқы ажал

11 қаңтарда Қытай вирустың жаңа түрі – коронавирустан өлім тіркелгенін хабарлады. Өкпесі қабынып  ауруханаға түскен егде жастағы адам Ухань қаласындағы базарда теңіз өнімін сатып алған. Дәл сол кезде COVID-19 алғашқы эпидемиясы тіркелді. Бір жарым аптадан кейін Қытай билігі жаңа вирустың мутациясы және ғалам індеті туралы айта бастады. Дегенмен пандемияның басталғанын ДДҰ 11 наурызда ғана жариялады. Ол кезде ковид 114 елде 118 мың адамнан анықталған.

Қара Мамбаның өлімі

26 қаңтарда аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант қайтыс болды. «Лейкерстің» ардагері 41 жаста еді. Тікұшақ Лос-Анджелес маңында құлады. Борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты. Оның ішінде Брайанттың төрт қызының бірі – 13 жасар Джанна. Ол әкесімен жаттығуға ұшып бара жатқан.

Brexit

31 қаңтарда Гринвич уақытымен сағат 23: 00-де Еуропалық Одаққа тарихи оқиға болды: алғаш рет қатысушы елдердің бірі Ұлыбритания одақтан бөлініп шықты. Осыдан бір сағат бұрын премьер-министр Борис Джонсон халқына телеүндеу жолдап, «бұл соңы емес, тек бастамасы» деп мәлімдеді. Алайда мерекелік көңіл күй болған жоқ. Сол күні кешке көптеген британдықтар терезеге шам қойып, болашағына алаңдады. Ел аумағында Еуропалық Одақтың ережелері әлі күшінде болған 2020 жылдың соңына дейін Ұлыбритания ЕО-мен өзара сауда ережелері туралы келісе алмады.

АҚПАН

Эпидемияның таралуын тоқтатып, денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалықты азайту үшін елдер бірінен соң бірі карантин жариялай бастады. Үкіметтер түрлі шектеу қабылдады. Испания мен Италияда қатаң карантин енгізілді. Ұлыбритания біртіндеп карантин шараларын  күшейтті. Швеция әлі де карантин режимі жоқ Еуропадағы соңғы елдердің бірі болды. Алайда бүкіл әлемнің бірауыздан қабылдағаны – мүмкін болса, әр адам елде ресми карантин болмаса да, басқалармен байланысын шектеп, өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануы керек.

НАУРЫЗ

Мұнай мен рубльге «қара дүйсенбі»

Наурыз ОПЕК + келісімінің құлдырауымен басталды. Ресей бағаны тұрақтандыру үшін мұнай өндірісінің қысқаруын қолдамай,  өндірістің ұлғаятынын жариялады. Осыдан кейін Сауд Арабиясы шикі мұнай өндірісін арттырып, барреліне 6-8 доллардан сататынын мәлімдеді. Мұнай бағасы күрт төмендеді: 9 наурызда Brent маркасының бағасы барреліне 32 доллардан төмендеді (бұл 1991 жылғы Парсы шығанағындағы соғыстан кейінгі ең үлкен құлдырау), ал WTI бағасы барреліне 30 доллардан төмен түсті. Мұнай мен рубльден кейін әлемдік қор нарығы да  құлдырады.

СӘУІР

Ақпараттық қауіпсіздік

Ресейлік ВКонтакте әлеуметтік желісі АҚШ-тың Сауда өкілдігі жасаған жыл сайынғы әлемдік зияткерлік меншік құқығын бұзушылар тізіміне енгізілді. Бұл тізімге 33 елден 34 рынок пен 38 онлайн алаң енген. Жалпы тізімге Азия, Африка, Таяу Шығыс және Латын Америкасының қызметі кіреді. Еуропа елдерінен бұл тізімге тек Украина ғана кірді.

Twitter әлеуметтік желісінің қзыметі бұзылды. Мұны Интернет-ресурстардың жұмысын бақылауға арналған Downdetector қызметі тапты. АҚШ, Жапония, Үндістан және Батыс Еуропадағы пайдаланушылар аталмыш қиындықты айтып шағымданды.

МАМЫР

Джордж Флойдтың өлімінен кейінгі наразылық

Мамырдың соңында АҚШ елінде жаппай тәртіпсіздіктер шарпыды. Жұрт Миннеаполисте  афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты көтерілді. Тұтқындау кезінде полицей оның мойнын  тоғыз минуттай асфальтқа тізесімен басып тұрған. Ер адам тұншығып өлді. Бір түнде бүкіл Америкада наразылық басталды. Тәртіпсіздік зорлық-зомбылық , тонаумен қатар жүрді. Маусымда олар әлемнің 60 елінің 2000-нан астам қаласында өтті. Наразылық акциялары өткен анти-нәсілшілдік BlackLivesMatter қозғалысы Америка тарихындағы ең ірі қозғалыс болды.

Алғаш рет жекеменшік ғарыш кемесінің ұшырылуы 

30 мамырда күн батар алдында Илон Масктың SpaceX компаниясы CrewDragon кемесін Халықаралық ғарыш станциясына сәтті ұшырды. Бортта екі америкалық астронавт - Боб Бенкен және ДагХарли болған. Әлемдік тарихта бұл жеке компания адамдарды ғарышқа бірінші рет әкелуі. Twitter-де тарихи іске қосу туралы бейнені 16 миллионнан астам адам қарады.

МАУСЫМ

Беларусьтағы сайлауалды акциялары

Беларусьта сайлауалды  наразылықта 300-ге жуық адам ұсталды. Бұл елде тіркелмеген «Весна» құқық қорғау орталығының мәліметінше, 20 маусымда кем дегенде 19 адам ұсталған. Республиканың ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 19 маусымда тағы 270-ке жуық адам ұсталған.

АҚШ-тың әскери әрекеті

АҚШ қорғаныс министрлігі «Ресей мен Қытайдан келетін қауіпке» жауап ретінде дайындалған «Ғарыштағы қорғаныс стратегиясын» әзірледі. Құжатта ғарыш АҚШ-тың «қауіпсіздігі, өркендеуі және ғылыми ілгерілеуіне өте маңызды» делінген, ал шабуылдан қорғалмаған, ал ғарыш жүйелері «жанжалдың барлық деңгейіндегі ықтимал нысан» болып табылады.

ШІЛДЕ

Израильдің Сирияны бомбалауы

Израиль Сирия аумағына соққы берді. Шабуыл туралы ақпаратты Израиль армиясының баспасөз қызметі ресми түрде растады. Олар Голан биіктігінде Сирияға оқ атты.

Беларусь елінің астанасы Минскіде ел президенттігіне кандидат Светлана Тихановскаяны қолдап ең ірі митингілердің бірі өтті.  Құқық қорғаушылардың айтуынша, Бангалор алаңындағы Халықтар достығы саябағына 60 мыңнан астам адам келген.

ТАМЫЗ

Беларусь еліндегі президент сайлауы

Тамыз айынан бастап Беларусьта әр демалыс сайын наразылық акциясы өткізіліп тұрады. Қатысушылар елде 9 тамызда өткен президент сайлауының қорытындысына қарсы. ОСК мәліметімен қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті. Ол 80,1% дауыс жинады, ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 10% -дан сәл артық дауыс жинаған. 11-тамызда Тихановская Литваға кетті, онда ол билікті ірі фальсификациямен айыптап, Лукашенконың отставкасын талап етті. Құқық қорғау органдары наразылықтардың радикалданғанын жариялады. Бұқаралық акциялар көше, алаңдардан тұрғын үй аулаларына ауысты.

Ресейде COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцина тіркелді

11 тамызда Ресей әлемде бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцина тіркеді. Ол Sputnik V деп аталды. Ал 6 желтоқсанда Ресейде осы препаратпен COVID-19-ке қарсы кең көлемді екпе басталды.

Навальныйдың улануы

20 тамыз күні таңертең танымал ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный ауырып қалды. Бұл Томскіден Мәскеуге ұшу кезінде болған. Ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонып, оны ауруханаға жеткізді. Сол жерде ол комаға түсіп кетті. 22 тамызда Навальныйды емдеуге  Берлиндегі Charite клиникасына жеткізді. Бір жарым аптадан кейін Германия үкіметі оның денесінде «Новичок» тобынан шыққан удың ізі барын  мәлімдеді. Мұны кейінірек Франция мен Швециядан келген мамандар растады. Алайда Ресей билігі оларға тағылған барлық айыптауды жоққа шығарады және Ресейде жүргізілген талдауларда ешқандай у табылмағанын алға тартып, Навальныйды әдейі уландыру фактісінің өзіне күмән келтіреді. Кейінірек Навальный екі фильм шығарды, онда ол өзін өлтіруге тырысқандарды білетінін мәлімдеді.

ҚЫРКҮЙЕК

Таулы Қарабақтағы қақтығыс

27 қыркүйекте таңертең Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабаққа Әзірбайжаннан шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Әзербайжан билігі өз кезегінде Қарабақтағы операцияны олардың әскери күштерінің атылуына жауап деп атады. Ал 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні Әзірбайжан мен Армения Ресейдің делдалдығымен атысты толық тоқтату туралы келісімге келді. Баку мен Ереван өз жеткен деңгейлеріне тоқтасып, Ресейдің бітімгершілік күші Таулы Қарабақ аумағында тұрды. Сонымен қатар келісімдерге сәйкес, Армения Әзірбайжанның бақылауындағы танылмаған республиканың айналасындағы бірнеше оккупацияланған аймақты қайтарып берді. Нақты шығын белгісіз.

ҚАЗАН

Қазан айының басында Камчатка жағалауындағы Тынық мұхитындағы үлкен мұнай кескіні Халактырский жағажайы маңындағы судан және Авачы шығанағы акваториясының тағы үш аймағынан мұнай өнімдері мен фенол табылғандығы туралы видео жарияланды. Биологтар, куәгерлердің мәліметі бойынша, Тынық мұхиты жағалауының 350 км-ден астамын есептейді. Экологиялық апат Камчаткадағы теңіз жануарларының жаппай қырылуына алып келді.

Қырғызстан астанасы Бішкекте мыңдаған адам парламенттік сайлаудан кейін наразылық білдірді. 15 қазанда президент Сооронбай Жеенбеков отставкаға кететінін жариялады, бұл төңкерістің аяқталуына түрткі болды. Ал Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты көтеріліске шыққандар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан босатты.

Ницца орталығында, Нотр-Дам шіркеуінің жанында Тунис тумасы тұрғындарға пышақ ала жүгірді. Үш адам қаза тапты,  арасында дін қызметкері бар. Зардап шеккендердің біреуінің басы кесілді. Шабуыл жасаған адам жарақат алған соң, 10 минуттан кейін ұсталды. Ницца қаласының мэрі Кристиан Эстрозидің айтуынша, ол «Аллах Әкбар!» дей айқайлаған көрінеді.

ҚАРАША

АҚШ-тағы президент сайлауы

3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Олар ең ширыққан, тосын жағдайларға толы болды. Іс-шара шулы болды десе де болады. Сайлауға келудің жоғарылығы ел тарихындағы рекордты жаңартты. 7-қарашада Американың жетекші БАҚ-ы Демократиялық партиядан үміткер Джозеф Байденнің жеңіске жеткенін жариялады. Ол АҚШ-тағы сайлау тарихында бірінші болып 80 миллион дауысқа ие болды. Трамп сайлау бұрмаланған деп жауап беріп, оны мемлекет үшін ұят деп атады.

25 қарашада атағы жер жарған аргентиналық футболшы  Диего Марадонаның жүрегі тоқтады. Бүкіл Аргентинада үш күндік ұқралы кұн жарияланды. Әлеуметтік желілерде әлемге аты шыққан танымал адамдар Марадонаның туған-туысына және оның қандай адам болғаны жайлы естіліктерін жарыса жазды. 

ЖЕЛТОҚСАН

Ұлыбритания коронавирусқа қарсы вакцинация бастаған алғашқы батыс елі болды.

Google қызметінде әлемдегі пайдаланушыларға әсер ететін ауқымды сәтсіздік орын алды: YouTube, Gmail, Google Docs және басқа қызметтер авторизациялау қызметінің сәтсіздігіне байланысты жұмыс істемеді.

Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін митингтер басталды. Ұлттық наразылық, оппозиционерлердің пікірінше, Пашинян биліктен кетпейінше, тоқтамайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде