{metadescription}
Шығыс күнтізбесі: Сиыр жылынан не күтеміз?

Шығыс күнтізбесі: Сиыр жылынан не күтеміз?

Шығыс күнтізбесімен 2021 жыл – Сиыр жылы екенін тағы бір еске салайық. Дәлірек айтсақ, ақ металл Сиыр жылы.  Жұрт тынбай еңбектенеді. Егер сізде жер, бақша, ферма болса, жолыңыздың болғаны. Өз жеріңді өңде. Жер алуға мүмкін  болмаса, қолда барын жақсарт. Биыл ауыл шаруашылығына қолайлы жыл. Бұршақ жаумайды, құрғақшылық болмайды, шегіртке мазаламайды. 2021 жылдан тағы не күтеміз? Ендеше Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астрологтардың Сиыр жылына болжамын оқып көрейік.  

2021-жылы шаруа еңбегінде және ауылшаруашылығы өндірісіне байланысты кәсіп жақсы жүреді. Саясатта көбінесе ескішіл, сақтанымпаздардың (консерватор) жұлдызы жанады. Қыста туған Сиырдың атқаратын жұмысы азырақ. Нәрестеңіз қараша мен наурыз аралығында дүниеге келсін деп тілеңіз.

ТЫШҚАН (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008 жж.) жыл бойы бәрін үнемдесе, енді ұйқысы тыныш болады. Жиған-тергені, рәсімдеген, иемденген дүниесі алдағы жылдарда өзіне сәтті қызмет етеді. Өзгенің жұмысын ұйымдастыра білгеннің жолы болады. Басқаның еңбегінің де жемісін көреді. Сіздің жұмысыңыз һзгелердің мойнына жүктеледі. Бірақ үмітіңіз ақталғанда ғана бақытты сезінесіз. Қаржы жағы жақын туысыңыздың арқасында жүзеге асырылады. Ал сіздің міндетіңіз – шығарып салып, қарсы алу, бірақ арлы-берлі жүрмеу. Өзіңізге жылулық сыйлайтын істі аяқтайсыз. Қиялығыздағы  махаббат...  Жоғалтып алған сезімді ойлап мұңаясыз.  

СИЫР (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009 жж.) өзінің келешегін көруге қабілетті. Бар қиындыққа қарамастан, бұл жыл сізге жақсылық әкеледі. Еңбегіңіз ақталады. Бұрын істеген жұмыстарыңыз да ескеріледі. Көбісі үміт артқан  дүниесіне қол жеткізеді. Кейбіреуі жылжымалы мүлік алады. Ал біреуісі саяси немесе әлеуметтік атаққа ие болады. Ал тағы біреуі ұзақ жылға керемет одақ құрады. Не істесеңіз де, қолыңызда белгілі бір билік болады.  Сіздің тұлғаңыз қайда барсаңыз да, көзге түсетін болады. Жақындар арасында өзгеріс болады. Оны сіз көптен армандағансыз. Күткенің орындалады, өйткені оны тым ұзақ күттіңіз. Қаржы жағы жаман емес, егер талабыңыз тым қатал болмаса. Махаббат дәл жаныңызда жүреді. Көл бетіндегі шағаладай. Ол толқытып, ішкі дүниеңізді аласапыран күйге түсіреді.

БАРЫС (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010 жж.) кәсіби жағынан да, адамгершілік жаңынан да аздаған қиындық көреді. Бар жерде кедергі кездесіп түрады. Белгілі бір істерде бастама көтеру құлдырауға әкеп соғады. Керемет идеяларыңыз сіздің жеке басыңыздың мәртебесіне ие болмағаны жөн. Жаны жомарт және көшбасшылықты серіктесіне, одақтасына беруге дайын адамды сәттілік күтеді. Басқа адамдармен одақтасудағы сәттілік сізге қауіпсіз өмірді қамтамасыз етеді. Келесі жылы көшбасшылық рөлге ие болғаннан гөрі, басқалардың бақылауында болған жақсы. Жаңа бизнесті жалғыз бастамаңыз. Тәуекелге бел буған қаржылық қызмет сәтсіздікке ұшырайды. Бұл жыл  қолданбалы сипаттағы тарихи құжаттарды зерттеуге, жаңа дағдыны  игеруге, шыңдалуға қолайлы. Жеке өмірде ұзақ мерзімде қарым-қатынаста болғандар бақытты болмақ. Ал жаңа таныстық жүрегіңізге әсер етіп, көңіліңізді бұзады.

ҚОЯН (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011 жж.) жолыңызда үнемі туындайтын өзгеріп тұратын жағдайлардың қақ ортасында боласыз. Өмір сізді таңқаларлық өзгеріске тартып, айналаңызды жандандырады. Тағдырдың барлық аспектілері қозғалысқа толы болмақ. Өзгерістер барлық салада болады. Шапшаң әрекет ететін, жағдайды тез бағалай алатындарды сәттілік пен сыйақы күтеді. Іскерлік қатынастардағы дипломатия шешуші рөл атқарады. Бұл  барлық басқа аспектілерде ерекшеленеді. Сіздің бастамаңызбен сапарлар, жүрістер болуы ықтимал. Арнайы кәсіби жетілу болмаса да, өз жолыңыздағы бақытты билетті жұлып алып, жұмыста ең жақсы орынға ие бола аласыз. Келер жыл таныстыққа, ықпалды адамдармен қызықты қарым-қатынасқа бай. Шығармашылық адамдарға бірлескен идея саласында өзара тиімді серіктестік ұсынылады.

ҰЛУ (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012 жж.) жауапкершілікті қатты сезінеді, бұл сізге ауыртпалық әкеледі. Туыстардың ісін бақылауға, қолдау көрсетіп, назар аударуға, олардың өтінішін орындауға мәжбүр боласыз. Сіздің тұрақты өмір салтыңызға айналатын көп қарбалас, ұсақ-түйек жағдайлар жоққа шығарылмайды. Сонымен бірге шешім қабылдауда үлкен еркіндік болады. Егер көшбасшы болсаңыз, онда күш-қуат жеткілікті. Бірақ ол әрдайым қуанта бермейді. Тап осы нәрседен өзіңізді жаман сезінетін боласыз. Көшу туралы, тұрғылықты жерді ауыстыру туралы тағы бір ойланасыз. Бұл мәселеде бастысы - сіздің жақын ортаңыздың қолдауы мен келісімі. Сізде жақсы ішкі әлеует бар. Табысыңыз айқын болса да, тәуекелге баруға бейім болмасаңыз да, қаржылық жағдай тұрақты. Бүгінгі өміріңіздің негізін қалаған нәрсені сақтауға тырысыңыз. Үйлену туралы ойдан алыссыз. Бірақ жаңа сезімге ие болуға үміттеніп, жаңа қарым-қатынасқа оңай келісесіз.

ЖЫЛАН (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013 жж.) басқалары айқын жағдайды пайдалануға асыққан кезде де орнынан тырп етіп қозғалмайды. Сізді ұсақ мәселелер, көпшіліктің мүддесі үшін жасалған күмәнді идеялар қызықтырмайды. Сіз әр уақытта бәріне жоғарыдан қарайсыз. Өз ойыңыздан аса алмай, күйбең тірліктің аясында баяу әрі жалқаулыққа тән қозғалыста боласыз. Толқыныстан, шабыттан ада болып көрінуіңіз мүмкін. Алайда сіздің талғампаздығыңызды және өткеннің (не болашақтың)  мүддесіне сай өмір сүру қабілетіңізді әркім біле бермейді. Бүгінде ең жақсыны байқауға бейім емессіз. Сонымен қатар, сіз өткен жетістіктердің ұстанымына сүйене отырып, өзіңіздің жақсы материалдық өміріңізді қамтамасыз ете аласыз. Сіз әрқашан қызметте боласыз, жұмысбасты боласыз, ол мызғымас болып қалады. Бұрын өте жақыным деген адаммен қатынасты үзу бұл жылдың жарқын оқиғасына айналуы мүмкін.

ЖЫЛҚЫ (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014 жж.) рухы жаңғырады. Сіздің жетістіктеріңіз тағы да тұрақты жаңдайға ыңғайластырылады. Өткен тәжірибеңіздің арқасында қаржылық жағдайыңызды реттейсіз. Оған мүдделі одақтастарыңыз септігін тигізеді. Сапар күтіледі. Көшу, соған дайындық жүргізіледі. Көбісі жөндеу жқмысына белсене кіріседі. Туысқандармен кездесу күтіледі, ұзақ уақыт кездесуден соң шұрқырасып араласасыз. Жаңа іске кірісуіңіз мүмкін. Белгілі бір істі меңгеруіңіз де мүмкін. Бұл махаббат жылы, нәресте күтілетін жыл. Туыстар арасында тағдырлы өзгеріс болады. Отбасы мүшесінің саны өседі. Тамақтану дағдысына аса көңіл бөлесіз. Мұнда сіздің бастамаңызбен таңқаларлық өзгерістер болады.

ҚОЙ (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015 жж.) болашаққа сенген бар үміті ақталмайтынын түсінеді. Сіздің қателігіңіз – бүгінгі күнді елемей, әрдайым «керемет кезді» күтесіз. Болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасты өзгерткеніңіз жөн. Ол сізге жақпайтын нәрселер болсын, көңілге сыймайтын дүние болсын, ол – сіздің өміріңіз екенін ұғыңыз. Тіпті осы сүреңсіз, бет-әлпетсіз тұрақтылықта да тағдырдың бақытты белгісін білуге ​​болады. Оны жалғыз мүмкіндік ретінде пайдаланыңыз, сонда жұмысыңыз өзгереді. Егер парасат пен шыдамдылық танытсаңыз, сәттіліктің ұшын сезесіз. Сізді іздеген немесе күткен адаммен сенімді, пайдалы іскерлік одақ күтіледі. Жақсы шығармашылық іс өзара мүдде мен ортақ мақсатта жүзеге асырылады. Қаржылық қиындық жоқ емес. Жағдайды жақсарту үшін өткен тәжірибеге сүйеніңіз. Несие оқиғасы сізге арналмаған. Қарызға батудан сақ болыңыз. Жыл жақсы болады, өйткені жақын адамдармен қарым-қатынас жақсарады. Бірақ жеке өмірде бәрі түсініксіз.

МЕШІН (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016 жж.) алдағы жылдың жақсылығы сізге бұйырады. Көп нәрседе жеңіске жетесіз. Соның ішінде әсіресе табысқа. Жанама әрекетке бара отырып, делдалдық айла-әдіс қолдана отырып, басқалар шығынға ұшырайтын жерде жетістікке жете аласыз. Егер мемлекеттік қызметші болсаңыз, мансап сатысымен көтерілу жүзеге асады. Сондай-ақ погон таққандар, форма кигендердің қызметте өсу мүмкіндігі бар. Сіз, әрине, атақ, марапат аласыз. Көпшілікке кейбір сынақтан, заңды процестен өтуге тура келсе де, сіз әрқашан жеңімпаз боласыз. Кез келген қысылтаяң жағдайдан оңай шығасыз. Жолыңызда сізге жанашыр адамдар болады, сонымен қатар сіздің тарапыңыздан өтініш жасамай-ақ, олар сізге көмектесуге дайын. Дос, әріптес, таныстардың қолдауы әрқашан жүз пайызды құрайды. Сіздің тартымдылығыңыз қарсы жыныстағы адамдардың назарынан тыс қалмайды. Сүйіспеншілік басыңызды айналдырады. Егер  шаңырақ құруға күмәндансаңыз, батыл үйленуге мүмкіндік бар.   

ҚОРАЗ (1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017 жж.) ештеңеге таңданбайды және ешнәрседен қорықпайды. Сабырлысыз және басқалардың жағдайын, мінез-құлқын мұқият қадағалайсыз. Әрқашан осыны алдын ала білген сияқты боласыз. Жаратылысыңыздан берілген түйсігіңіздің және сезімнің шынайылығын жасыра білудің арқасында   өмірдің кез келген бетбұрысына және уақыттың жаңа тенденцияларын ұстану қажеттілігіне басқаларға қарағанда жақсы дайын боласыз. Ең бастысы, өз өміріңіздің басты жетістігін ескере отырып, бар құндылықтардан бақытты сезінесіз.  Көпшіліктің қарбаласына миығынан жымия қарайтын боласыз. Білдірмей күлесіз. Сіз жеңіске жетесіз. Әрдайым жеңімпаз болып қала бересіз, тіпті оған мүмкіндік аз болса да. Сізді табысты адам деп санауға болады. Сіз шынымен де солай сезінесіз. Меншік мәселесі оң шешімін табады. Тіпті кейбір бонуспен. Материалдық жағынан жақсылық күтілуде. Шығын  көп болады, бірақ бәрі бақылауда. Сезім аймағы сіздің шынайы тілектеріңіздің аясында қалады. Кәсіби сұраныс нақты болып қала береді.

ИТ (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 жж.) ішкі наразылыққа толы. Бір уақытта бәріне көп талап қояды. Оқиғаларда да, адамдарда да сізге сәйкес келмейтін нәрселер көп. Сіздің бүлікшіл рухыңыз кез келген қоғамда нақты келіспеушілік тудыруы мүмкін. Оның ішінде отбасында да. Айналаңызда өзгеріс болады, оған сіз өзіңіз үлкен үлес қосасыз. Қоршаған орта да өзгереді. Бұрынғы достарыңызбен қатынас суынады. Бірақ сіздің революциялық идеяларыңызбен бөлісетін жаңалары пайда болады. Бар жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз, маңызды шешімді өз бетіңізше қабылдай аласыз. Топты, ұжымды басқару - сізден күтуге болатын ең оңай нәрсе. Дегенмен сіздің басшылығыңыз әрдайым сәтті болады және үлкен нәтиже әкеледі. Бірақ алдағы жылы сізге жеке шешім қабылдау қажет. Сіз бірнеше жеке аспектілерді таңдауыңыз керек. Оның ішінде тұрғылықты жер, серіктестіктер және кәсіби бағыт. Бәрі тек сізге байланысты болмайды. Өз жігеріңіздің арқасында алдағы жылда көп қиындықты жеңесіз. Туысыңызбен келіспеушіліктерді жүрегіңізге жақын қабылдауыңыз мүмкін.

ДОҢЫЗ (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019 жж.) өзін жағдайға және айналада болып жатқан көріністерге қанағаттанатындардың қатарына жатқызбайды. Сіз ықпалды адамдардың шешімдерін сынайсыз, ең танымал адамдардың позициясын мазақ етесіз. Бірақ сонымен бірге басқаларға қарағанда келер жылдың өзгерісі мен сипаттамаларына бейімделе аласыз. Қажет болса, шыдамды, тапқырсыз боласыз. Кәсіби маман ретінде уақыттың сізге жұмыс істеп тұрғанын түсінесіз. Сізге сұраныс бар, сізді құрмет тұтады және болашағыңыз жарқын. Көбісі белгілі бір команданы, құрылымды, адамдар қауымдастығын басқаруға мүмкіндік алады. Бірақ сізде бос уақыт көп болмауы керек. Жұмыспен толық қамтылмау - бұл сізге хоббимен айналысуға мүмкіндік береді. Әйтпесе мылжыңға айналу қаупі бар. Алдағы жылы үлкен нәрсе сатып алуыңыз мүмкін, өмір жағдайын өзгерту күтіледі. Жақын адамдар сізге мұқтаж екенін түсініп, сізді шын жүректен сүйетінін түсінсеңіз, одан керемет рахат алып, тірегі бар адамд сезінесіз. Денсаулыққа көңіл бөлу керек. 

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының жұлдыз-жорамалы.  

Оқи отырыңыз: Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Қазақтың ойын-сауығының түпкі мақсатын білесіз бе? 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде